Ч.Дарвин, оны? т?рлерді? пайда болу теориясы


Сынып: 9 Күні: 13.01.2017 Пәні: биология Бекітемін:
Сабақ тақырыбы: Ч. Дарвин, оның түрлердің пайда болу теориясы.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға өмірі мен еңбектері, Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі принциптерін түсіндіру.
Дамытушылылық Оқушылардың есте сақтау, және ойлау қабілетін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Баяндама
Көрнекілік: плакат
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру:
А. Оқушылармен сәлемдесу
В. Оқушыларды тугендеу
С. Сынып тазалығына көңіл бөлу
2.Үй тапсырмасын сұрау
Селекция дегеніміз не?
Биотехнология дегеніміз не?
Клондау дегеніміз не?
3.Үй тапсырмасын бекіту
Клондау әдісін қандай мақсатта қолданады?
Гендік инженерия дегеніміз не?
Жасушалық инженерия дегеніміз не?
4.Жаңа сабақ. Тірі табиғаттың тарихи даму жолдарын, оны қозғаушы күштерін айқындап көрсететін эволюциялық ғылыми теориясын ағылшын жаратылыс зеріттеуші Чарлз Дарвин құрастырды. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қалыптасуына Англияда сол кездегі бір қатар орын алған әлеументік экономикалық жағдайлар мен ғылыми мәліметтер қозғау салды.Англияда XIX ғасырдың алғашқы жаратылысында капитализмнің дамуы, ірі қалалардың көбеюі және халық санының артуы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына жол ашты. Өскелең халықты азық түлікпен қамтамассыз ету мақсатында жергілікті мамандар қолдан сұрыптау арқылы үй жануарлардың жаңа қол тұқымдары (порода) мен өсімдіктердің жоғарғы өнімді іріктемелерін (сорт) шығара бастады. Мұндай жаңа формалардың алынуы тірі организм түрлерінің тұрақты емес,өзгеретіндігін дәлелдеді.
Сонымен қтар түрлі ғылым салаларындағы түрлі ғылым салаларындағы зеріттеу нәтижелері де үлкен рөл атқарды. Олар:
Салыстырмлы морфологиялық және анатомиалық мәліметтер: “Бір типке жататын жануарлардың дене құрлысы мен жалпы көрнісі ұқсас, ендеше олардың ататегі бір” деп көрсетсе, неміс ғалымдары Т.Шван мен М.Шлейден өсімдік жануар жасушаларының құрлысы ұқсас екенін дәлелдеді.
Салыстырмалы эмбрологияда “ барлық организмдердің дамуы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан басталатыны, хордалылардың ұрықтары дамудың алғашқы сатыларында бір біріне ұқсас келетіні, өйткені олардың арасында туыстық байланыс бар, бұл тарихи дамудың нәтижесі” деген қорытынды жасалды.
Химиялық зеріттеулер өлі және тірі табиғаттың бірдей химиалық элементтерден тұратынын көрсетіп, табиғаттың бір тұтастығын айқындады.
Қазбалық ғылыми деректе жер бетінде өсімдік және жануар түрлерінің үнемі алмасып отырғаны,оны дәлелдейтін өтпелі формалардың бар екені тұжырымдалды.
Дарвиннің эволюциялық ілімінің қалыптасуына бұл мәселелермен қатар оның табиғат зеріттеушісі ретінде 1831-1836 жылдары 5 жылға созылған Жер шарын айналу саяхатында өз көзімен көріп , жинақталған материалдары негіз болды.
Саяхат кезінде жинаған материалдарына талдау жасап , қорытындылау нәтижесінде, 1859 жылы дүниежүзіне әйгілі болған “ Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы “ деген еңбегін жарыққа шығарды. Дарвин бұл еңбегінде органикалық дүниенің даму заңдылықтары мен қозғаушы күштерін айқындап түсіндіретін эволюциялық теорияны жариалады. Ол 1868 жылы шыққан “Тірі организмдер үнемі өзгерісте болады, оған адамның өзіне пайдалы қолтұқымдармен іріктемелерді шығаруы дәлел” деді.1871жылы шыққан “ Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деген еңбегінде Дарвин адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дұрыс көрсетіп берді.
Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары:
Эволюция бірлігі- түр. Кез келген түрдің әр дарасында оның өзіне ғана тән тұқым қуалайтын өзгергіштігі болады. Бір түрдің айна қатесіз ұқсас екі дарасын кездестіру мүмкін емес.
Әр организмге тән жеке дара өзгерістер ұрпақтан ұрпаққа тұқым қалайды .
Кез келген түр даралары көп мөлшерде ұрпақ қалдырып , сан мөлшерін арттыруға қабілетті келеді, бірақ ұрпақтың көпшілігі жынысты жетілуге дейін тіршілігін жояды. Өйткені табиғатта үнемі тіршілік үшін күрес жүреді.
Тіршілік үшін күресте орта жағдайларына жақсы бейімделгендері тіршілігін сақтап, әрі қарай дамыйды, бейімделе алмағандары жойылды. Олай болса, тіршілік үшін күрестің нәтижесі табиғи сұрыпталу болып табылады.
Табиғи сұрыпталу – бұл аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы, эволюцияның шешуші факторы. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.
V.Бекіту
Дарвин жер шарында саяхат жасаған кезде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?
Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары қандай?
Дарвин тұжырымдаған эволюцияның күштерін атаңдар№
VI.БағалаүVII.Үйге тапсырма 37