Арыстан мен тыш?ан ашы? саба?


Технологиялық карта.
Күні:
Тәрбиеші:Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі).
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Көркем әдебиет.
Мақсаты: «Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту,қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:арыстан, тышқан.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, атрибуттар, үлгілер,
Арыстан мен тышқан кейіпкерлерінің бейнесі.
Қостілділік компонент/ билингвальный: арыстан-лев, тышқан-мышка.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалалардыңіс-әрекеті
Себепті–қозғаушылығын ояту кезеңі Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Балаларды ертеңгісін көніл күйлерін көтеретін, ұйқыдан оятатын, бойларын сергітетін өте көңілді әнмен шаттық шеңбері жасалады.
Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен Ту,
Жан емес, маган керегі-
Көк Тудың желбірегені.
Балалар қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Кіріспе әңгіме.
-Бүгінгі іс – әрекетімізде«Арыстан мен тышқан» атты латыш ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызықты екен.
Жалпы мазмұнын айта кету.
Ертегіні оқып беру.
Сұрақ – жауап.
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
-Арыстан қайда жүреді?
-Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде?
-Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар жауап береді.
Саваннада
Арыстан – үлкен,
Тышқан – кішкентай
Іс-әрекетті бақылау кезеңі Қорытындылау:
Балаларға әр түрлі қимылдар жасату:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнату.
Қимылдар жасайды.
Рөлге бөлініп ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыруды.
Меңгереді: рөлге бөлініп ойнауды.