География п?нінен Африканы? ?зендері мен к?лдері та?ырыбында саба? жоспары


Геогрефия7-сынып4 сабақ
Сабақтың тақырыбы Африканың өзендері мен көлдері
Мақсаты Африка табиғатының ерекшеліктері туралы білімберін қалыптастыру,Африканың өзендері мен көлдері туралы білім беру. Африканың өзендері мен көлдерінің орналасу нүктелерімен таныстырып,ойлауға,дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу,визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту.Түрлі карталарды салыстыру,өздігінен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.Оқушыларды ұжымдылыққа ,өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Жұмыс нәтижесі Африка табиғатының ерекшеліктері туралы білімберін қалыптастырды,Африканың өзендері мен көлдері туралы білімдері бар. Африканың өзендері мен көлдерінің орналасу нүктелерімен танысты,ойлауға,дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу,визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін дамытты.Түрлі карталарды салыстырады,өздігінен презентациялар жасай алады. Ұжымдасып еңбек етуді, өз бетімен жұмыс жасай білуді үйренді.
СілтемеГеогрефия оқулығы
оқулық  авторлары: 2013 жылӘдістер мен тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс;
Дерек көздері Мұғалімге арналған нұсқаулық,АКТ,электрондық оқулық,интерактивті тақта.

Үйге тапсырма§48.Заир өзеніне мәліметтер жинау,кескін картағаАфриканың өзендері мен көлдерін түсіріп келу.

Сыбақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау
Ұйымдастыру Түрлі түсті шырындар таратып,олардың түстері бойынша сыныпты топқа бөлді.Топ мүшелері жұмыстарды өзара бөліседі Топқа бөлінеді.Топ мүшелері жұмыстарды өзара бөліседі, ережемен танысады. бағалау парағы
Ашық және жабық сұрақтар
Үй тапсырмасын тексеруҮй тапсырмасын «сиқырлы глобус»ойынын өткізу арқылы тексереді«сиқырлы глобустағы» сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын картадан көрсетеді. Оқушылардың бағалау парағы
Жаңа тақырыпты меңгерту Біздің кеме өзеннің сағасына келіп тоқтады.Әрбір топқа жұмыстарды бөліп,тапсырмалар берді.
Мұғалім қосымша мағлұматтар берді. Топ мәтінмен танысып болған соң,жұптық жұмыс жасады. Оқыту үшін бағалау,бағалау парағы
«риф тосқауылы» Интерактивті тақтадан бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріледіБерілген уақытта тапсырманы тездетіп орындайды.Топ бағала нып, топ басшылары ұпайларын өздеріне жазып отырады. кемеше –житон,топтарды бағалау
«Фараонның сөзжұмбағы»
«Африка» сөзіне сөзжұмбақ кұрастырып,бір бірімізге жасыруымыз керек.Уақыт шектелген,сол себепті жылдам шешу керек. Сөзжұмбақ құрастырады, келесі топқа жасырады,
шешеді. кемеше –житон, топтарды бағалау,сын тұрғысынан ойлау«Адасқан сөз дерді орнына қой» Географиялық диктант Адасқан сөздерді тауып жазадыкемеше –житон, топтарды бағалау
Сергіту сәті
«кім жылдам» Африка материгінің карта–мозайкасын таратады Карта –мазайканы жинайдыкемеше –житон, топтарды бағалау
«қара жәшік» Интерактивті тақтада сұрақ жазылып тұрады.Осы сұрақтың жауабы мына «қара жәшік» ішінде жасырынған. Топ жылдам,дұрыс жауап бередікемеше –житон,топтарды бағалау
«Сәйкесін тап» Электронды оқулықпен жұмыс
Тапсырманы орындайды,жеке жұмыс кемеше –житон, топтарды бағалау
қорытынды Жеңімпаз топты анықтау,марапаттау кемеше –житондарын санап, санын айтады,өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Формативті бағалау, мұғалім бағалауы
Рефлексия
Сабақ ұнады
Сабақ ұнаған жоқ жазадыОқыту үшін бағалау