Отбасылы? сайыс Отбасы-алтын ді?гек


«Отбасы-алтын діңгек»
Отбасылық сайыс
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, ұстаздар,ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекенің қарсаныңда өткізіліп жатқан «Отбасы-алтын- діңгек» атты отбасылық сайысына хош келдіңіздер.
Сайысымыздың мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
.
Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуАтамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сайыс аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.Жақсы адам кімге болсын болар пана,Мол оның тал бойында ақыл санаКөркіне ақылы да сай келетін
Тастановтар отбасы ортамызда.Қуантады білімімен бәріміздіҚол соғып қарсы алайық енді оныКадировтар отбасы келіп қалдыТатулықты ту еткен отбасы бұл.Жігітке ақыл, білім жарасадыНағыз ер халқыменен санасадыСайысқа бар күшімді саламын депШалабаевтар отбасы таласады.Шаңырақ биіктесең асқаралы,
Естілер шаңырақан жасқанады.
Кемелді келер күнің, кереметің,
Бәрі де шаңырақтан басталады.
Бүгін міне бар өнерді саламыз деп,
Рахматпури отбасы келіп қалды
Тарайды бар шапағат шаңырақтан,
Болашақ ұшқындары жалын атқан.
Түтінің түзу шықса ол да бақыт,
Шалқайған шат-шадыман шаңырақтан.
Киелі ұғым деп білетін шаңырақты,
Мырзабековтар отбасы келіп қалды
Биік болсын еңселі шаңырағын,
Болсын мәңгі қайда да сағынарың.
Шаңырақты ұстап қал ортайтпашы,
Салтын сақтап бабаңның қабыл алғың.-дей келе ортада
Қарсыбаевтар отбасы
Жүргізуші:
Келді міне бүгін сынауғаСыналып үлкендерден үлгі алуғаСалты бар өнерлі осы ортадаБерер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өтейін.
Оқу ісінің меңгерушісі: Иманбердиева Ұлжан
Бастауыш сынып мұғалімі: Досымбетова Алмагүл
Ата-аналар комитетінің мүшесі: Жылқыбаева Айгүл
Жүргізуші:Аналар бар өнерін салары анық,Өнегелі тәлімді алған қанып.Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:
І бөлім1. Таныстыру
2. Өнерлі отбасы.(ән, би , сахналық көрініс, монолог)
3. Жағдаяттар. (көрініс, диалог түрінде)
4. Суреттер сөйлейді (берілген тақырыпқа байланысты сурет салу)
5. Көңілді аспаздар. (асты әдемі ұсыну)

Отбасымыз келіп жетті танысуға,Сыпырды томағасын осы дұға.Қызып келген қырандай керілтеді,Әдеппенен ізетпен танысуға.
(Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді )
Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылыңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Құрметпен отбасыларды шақырамыз.
Сайысымыздың келесі кезеңі « Өнерлі отбасы» қатысушыларымыз ортаға өз өнерлерін салады.
Жүргізүші:
Ана деген тіршіліктің иесінСыйлайтынын адал бала білесіңӨмір балын тамызар да ерніңеШымырлатып еріткен бар жүйесінКірпігімнің әр қағысын санағанКөз аудармай күндіз түні қарағанАйналамда жүргендердің біріненБар ма анамдай тірлігіме жараған -дей келе, келесі кезекті жағдаяттар сайысына береміз.
1. Дүкендегі жағдай.
2. Компьютердің пайдасы мен зияны
3. Баланың таңғы оянуы.
4. Балаңыз өзінен кішілерді ренжітіп тұрғаның көрдіңіз.....
5. Қонақтағы жағдай.
6.Балаңыз сабақтан кайтқан кезде, қалай қарсы аласыз?
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір.
Өнер болар ұрпақпыз.
Ана - бала, бала - ана бір ұғымБір - бірінсіз жоқ олардың бақытыОмыртқаның үзбеу үшін жұлынынЕкеуінің өтсін бірге уақыты- дей келе сайысымыздың келесі кезегі «Суреттер сөйлейді» . Берілген тақырып бойынша сурет салу.
Отбасыларымыздың жұмысы дайын болғанша Сәкен Нұршат қызымыздың әсем әнін тамашаланыздар.
Шаңырақ биіктесең асқаралы,
Естілер шаңырақан жасқанады.
Кемелді келер күнің, кереметің,
Бәрі де шаңырақтан басталады.-дей келе келесі сайысымы «Көңілді аспаздар» деп аталады.Тағам түрін әдемі ұсыну.
Аналарымыздың ас мәзірі дайын болғанша мектебіміздің 3-ші сынып оқушысы Алихан Гаухардың әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ыстық - ау кім - кімге де ана дегенСуыққа шалындырмай мәпелегенӨмірдің соқпағымен өрге тартыпАлдымен адам бол деп жетелегенӘділ қазы алқасынан сайысымыздың қорытындысын сұраймыз.
Сайысқа қатысып өз өнерлерін ортаға салған отбасыларды марапаттау.