Дене импульсі. Импульсті? са?талу за?ы. 10 класс


Класс: 10  13 сабақ 4.12.12
Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру және тиянақтау.Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру. Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз беімен ізденуге дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі: есептер, тесттер, билеттер, баллистикалық пистолет Сабақтың әдісі:  Шығармашылықпен зерттеу, тез ойлауға үйретуге, мәселелер қоя білуге үйрету әдістеріСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Дене импульсі. Күш импульсі 2. Импульстің сақталу заңы
1.Есеп. Горизонталь бағытта υ0 = 10 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната екіге бөлініп кетті. Оның бір бөлігіне массасы m1 = 1 кг , екіншісінікі m2 = 1,5 кг. Екінші бөлігінің ұшы бағыты бұрынғы қалыпында қалды, оның жылдамдығы υ2 = 25 м/с – ке жетті.Бірінші бөлігінің жылдамдығы мен ұшу бағытын тап?
Берілгені:m1= 1кг
m2=1,5 кг
υ2 = 25 м/с
υ0 = 10 м/с:
υ1-?
шешуі
(m1+m2)υ0=m1υ1+m2υ2m1υ1=(m1+m2)υ0 - m2υ2υ1 = (m1+m2)υ0 - m2υ2/ m12.Массасы 4 кг дене 8 м биіктіктен түседі . Осы дене импульсінің өзгеруін табыңдар.
Тест тапсырмалары :№1. Қандай физикалық шамалар кг*м/с өлшем бірлігімен өлшенеді ?А) КүшВ) Қуат С) Энергия Д) Күш моменті Е) Импульс
№2. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергияны қандай бірлікпен өлшейді ?А) Кг В) Дж С) кг* м/с Д) Н Е) Вт
№3. Импульстің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді ?А) a = F/m В) F*t С) P = mv Д) mv2 Е) F =ma
№4.Күш импульстің өрнегін көрсет?А) FΔtВ) FvC) FSД) F/mЕ)  F/S
№5. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады ?А) Жүйедегі барлық денелердің импульсі азаядыВ) Жүйе импульстерінің қосындысы нөлге тең .С) Жүйе импульстерінің қосындысы тұрақты боладыД) Тұйықталған жүйелерде
№6. Физикадағы сақталу қасиетіне ие болатын шамалар бар .Механикада қарастырылған қандай векторлық шаманың осындай қасиеті бар ?А) Күш В) Импульс С) Үдеу Д) Жылдамдық№7. Массасы 1 кг дене түзу сызықты қозғала отырып , өзінің жылдамдығын 10 м/с – тен 20 м/с – ке дейін өзгертеді . Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек .А) 5кг * м/с  В) 15кг * м/с С) 10кг м/с Д) 100кг* м/с 
Е) 1 кг* м/с
ІV. Пысықтау сұрақтары 
«Импульс» дегеніміз не ?
Дене импульсі дегенімз не ?
Күш ипульсі дегеніміз не ?
Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?
Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?
Айдың массасы неге тең ?
Тұңғыш рет Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды ?
Жердің массасы неге тең ?
Қазақстандағы ғарыш айлағының аты ?