Инновациялы? ?діс-т?сілдер — сапалы білім беруді? бастауы (ма?ала)


Көксу ауданы
Мұқаншы орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімі
Жакиянова А.Б.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТАУЫЕлбасы Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін құруды» міндеттеген болатын. Заманымыз алға жылжыған сайын уақыт талабы күшейіп, білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттеріміз білімді, талапты, ойшыл, дарынды тұлға болып қалыптасуы үшін, оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңа идеяларды қолдана отырып, үздіксіз ізденіспен оқушылардың білімін, таным-талғамын, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту ұстаздар қауымының басты мақсаты болып отыр.
Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз, мұғалімдер, өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіміз керек, осы әдіс-тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі. Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштар, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен, оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - аталмыш теорияның негізгі мақсаты. Сабақтарымда сыни түрғыдан ойлаудың әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты міндеті - алдағы жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту, дайындау. Ой шақыру кезіндегі жүмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары болады. Қай тәсіл болса да, ол тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады. Сабақтарымда түрлі суреттер, ұлы адамдардың сөздері мен ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Іс-әрекетті ой елегінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойған міндеттерді шешуге ынталанады, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, оқулықтағы мәтіндерге сүйенеді. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі. Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін постерге түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады. Манағы постерге түсіргендерін топпен қорғайды. 7 модульді ықпалдастыра қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру - біздердің міндетіміз.
Сындарлы оқыту теориясы негізінде білім алған оқушы өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни түрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшы- нысын, қызығушылығының артқанын, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауап-кершілікке үйренеді.
«Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін» қағидасын ұстанган сындарлы оқыту теориясы - бүгінгі күннің талабына толық жауап беретін бағдарлама. Көптің көңіліндегі күмәнді сұрақтарды толық серпіп, өзінің мазмұндылығын дәлелдеп келе жатқан жүйе.
Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.