Баяндама «Білім беру мазм?нын жа?арту жа?дайында дене шыны?тыру п?ні м??алімдеріні? к?сіби ??зыреттіліктерін дамыту»


«Білу ғана аз, сол білгеніңді
істе қолдана білуің керек»
И. Гете.
Баяндаманың тақырыбы:
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда»  және  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Бұл өзгерістерге дайын  болу  үшін  білім беру жүйесінде  қарқынды  жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.
Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.
Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің   болуы.Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі.
Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік спортты, өз елінің спорт мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.
Осымен байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:
· Спорттық ойындардың техникасын және дағдыларын жандандыру;
· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;
· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;
· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;
· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.
Бұл жұмыстардың барлығы да дене шынықтыру пәні мұғалімінің өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пән мұғалімі өз кәсібін терең меңгерумен қатар жақсы көру және оны үнемі жетілдіріп, кәсіби деңгейіңді көтеріп отыру қажет деп санаймын. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті.
Дене тәрбиесі пәні мектебімізде барлық оқу - тәрбие түзілімімен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушылардың өмірінде маңызды орын алады.Тек сабақты сауатты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу арқылы ғана мектеп оқушыларының дене дайындығы мен дене бітімінің дұрыс дамуына тиісті дәрежеде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды да қосымша жүргізу қажет. Біздің мектепте сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Арнайы дене шынықтыру айлығы жоспарланып, пәндік үйірмелерге оқушыларды көптеп тартып, спортқа деген қызығушылықтарын ояту арқылы сабақтарын жақсы оқуға, тәртібін түзеуге көмектеседі. Атап айтқанда біз жыл сайын дәстүрлі түрде бастауыш, негізгі, жоғары сынып оқушылары арасында мектепішілік спартакиада, жарыстарды көптеп өткіземіз. Бағдарламасына баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, элементтері кіреді. Біз мектепте өтетін әр жарысқа оқушылардың көптеп қатысуына мән береміз. Себебі, спорттың баршаға бірдей болуы – мектепте өткізілетін дене шынықтыру мен сауықтыру шараларының басты мақсаты. Сондықтан әр оқушы осындай шараларға қатысу арқылы өзін танып, өзінің ортақ іске қатысы барлығын сезінуі керек.  
Енді өзім 10 жылдай жүргізген волейбол үйірмесінің жұмысына толығырақ тоқталайын. Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі, мұндағы тарау-тақырыптар кеңейіп, тереңдей оқытып, үйретіледі.
Үйірме кезінде оқушынының кәсіби мүмкіндігі мен қызығушылығын есептей отырып, еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау. Оқушыларды волейбол ойынын ойнап қана қоймай, болашақта кәсіби спортшы болуға, денсаулықтарын нығайтуға әсерін тигізеді. Командалық ойын барысында оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытып, жеке басының шеберлігін арттыруға , олардың жеңіске деген жігерлерін күшейтіп, патриоттық сезімдерін оятады.
Оқушылар таңдау үшін әр оқу жылының басында оқушылар арасында жарыс өткіземін. Осы сайыстан соң қатысатын оқушыларды іріктеп аламын. Жаңа оқу жылының басында осы оқушылар медициналық байқаудан өтеді. Медициналық байқаудың қорытындысы бойынша дене тәрбиесі пәніне қатысуға рұқсат алған оқушылар бірден жаттығуға кіріседі. Жыл бойы тек мектеп ішінде ғана емес басқа аудандық, облыстық, қалалық мектептерге жолдастық кездесулерге іссапарға жиі шығамыз. Оқушылар өзара тәжірибе алмасу арқылы бір-бірімен жете танысып, спорт саласындағы жаңалықтардан құлағдар болып, дүниетанымдары кеңейеді. Тек оқушыларды қатыстырып, талап етіп қана қоймай мектепте жасағалы бері өзім де волейболдан аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға жиі қатынасамын. Бұл да өзіңнің кәсіби білігіңді шыңдаудың бір түрі. Кәсіби білігіңді үнемі жетілдіру және жас ерекшелігіңе қарамастан қимыл белсенділігіңді арттыру арқылы оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарының өсетіні сөзсіз. Сондықтан әдістемелік тақырыбымды да
«Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру» деп алған болатынмын. Алға қойған мақсатым – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтырумен, спорт түрлерімен айналысуға дағдыландыру.
Осы бағытта өзім және шәкірттерім де әр түрлі аудан, облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып және жүлделі орындарға да ие болды. Мұндай жақсы жетістіктерге жету үшін көп дене жаттығулары мен үнемі қажырлы талмай еңбектену қажет. Демек, педагогикалық ізденістердің және кәсіби білігіңнің дамуы нәтижесінде оқушылардың бойында нәтижелі дене жаттығулары дағдылары қалыптасады.