Урок О?шау с?здер, 8-сынып


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер
Сабақтың мақсаты: 1) Оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, өздігінен талдау арқылы қорытынды шығарту
2) Оқушылардың логикалық әдістерін қалыптастыру, тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру
3) Сабақ барысында оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тіл дамыту, деңгейлік тапсырма,
графикалық диктант
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі:
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені
Балалар, бүгін біз сабағымызды Жетісудан шыққан қазақ поэзиясының Құлагері – ақын І.Жансүгіровтің «Ана тілі» өлеңімен бастап отырмыз. Себебі «Тіл- тұмар». Ал Тұмар- халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Осы қастерлі бойтұмарды үкілеп болашаққа апару бәріміздің міндетіміз. Ендеше бүгінгі сабақта бәріңе сәттілік тілей отырып, тіліміздің қыр – сырын жете меңгеруге, оны тереңірек үйренуге, білуге шақырамын. Олай болса сабағымызды бастайық.
II.Үй тапсырмасын пысықтау:
1) 83 – жаттығуды тексеру, оқыту, талдау
2) Сұрақ – жауап
III.Білімді тексеру кезеңі
Тест тапсырмасы. Бірыңғай мүше мен айқындауыш мүше тақырыбы бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындап, оқушылар бірін – бірі тексеріп, нәтижесін шығарады
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табу
а) Ол әндер ерлікті де, елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
в) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.
с) Ол әндер ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
Бірыңғай мүше қандай жалғаулық арқылы байланысқан?
Марат пен Қанат көп бөгелген жоқ.
а) ыңғайластықв) талғаулықс) кезектес
3. Бірыңғай мүше қандай жалғаулық арқылы байланысқан?
Ол сенің я ағаң, я інің.
а) ыңғайластықв) талғаулықс) кезектес
Бірыңғай мүше қандай сөйлем мүшесі болып тұр?
Ол өте көркем және байсалды жігіт.
а) бастауышв) баяндауышс) анықтауыш
5. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табу
а) Сары, Кәрібай, Жанақ –үшеуі кеңеске келді.
в) Сары, Кәрібай Жанақ -үшеуі кеңеске келді.
с) Сары, Кәрібай, Жанақ үшеуі кеңеске келді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табу
а) Әсем әнші, әрі биші.в) Әсем әнші әрі биші.с) Әсем, әнші, әрі биші.
7. Айқындауыштың түрлерін табу
а) Оңашаланған,қосарлыв) оңашаланған, бірыңғайс) оңашаланған, жалпылауыш
Айқындауыштың түрін табу
Ақылды мына ер кедейден, Дәркенбайдан ,сұра.
а) Оңашаланғанв) Қосарлы
9. Айқындауыштың түрін табу
Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш.
а) Оңашаланғанв) Қосарлы
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табу
а) Біз, 8 -сынып оқушылары, сабаққа кешікпей келдік.
в) Біз 8 -сынып оқушылары, сабаққа кешікпей келдік..
с) Біз, 8 -сынып оқушылары сабаққа кешікпей келдік.
IV.Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
V.Жаңа сабақты түсіндіру.
Мағынаны тану.
- «Оқшау» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Синонимдері: оңаша, жеке, бөлек.
Сөйлемнің құрамына өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркесі болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.
Мысалы: Өлеңім, шарла, ауылды.
Тыңда, дала, Жамбылды!
Осындағы өлеңім, дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес, ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірілген сөздері. Бұлар сөйлемдегі басқа бас мүшелерден оқшауланып тұрады.
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.
Одағай сөздер
Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер
Оқшау сөздер


Оқшау сөздің белгілері: 1) Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды
2) Өзге сөздермен байланысқа түспейді
3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады
«Адасқан сөздер»
(Сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айт)
Орыс тілімен байланыс. Қаратпа сөз – Обращение
Қыстырма сөз – Вводные слова
Одағай - Междометие


VI.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру
1) Оқулықпен жұмыс. 85 – жаттығу.
Оқшау сөздің үш түріне 3 мысал тауып жазу
2) Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой.
-Уа Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен?
-Сізге бәлкім бұл таныс болмас.
-Менің ойымша сіздің халық –ақын халық.
-Жә көрген-білгеніңді тез айт.
ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
................... , ақсақал.
................... , қап!
ІІІ деңгей. “Туған жер” тақырыбына мәтін құрау.
3) «Кім тапқыр» ойыны (сергіту сәті)
Тіл туралы, туған жер туралы мақал мәтелдер айту
4) Семантикалық карта (тақтада орындау)
VII.Бекіту кезеңі
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Оқшау сөздер дегеніміз не?
- Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?
- Оқшау сөздердің белгілері
Сабақты қорыту негізінде тақтада графикалық диктант сызу
Қаратпа Қыстырма Одағайәттеңменіңшеқалқамәринеалақай
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
VIII.Үйге тапсырма
Көркем шығармадан оқшау сөздің түрлеріне екі мысалдан жазу