Балаба?шада ?аза? тілі айлы?ыны? сценарийі



Тілім менің тірегім.
Жүргізуші: Бұл жанды тіл- менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім,
Жыры қуат, сөзі ана уызындай,
Жасай бер,Ана тілім- Қазақ тілім!
- деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы,
мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті ана тіліміз «
Тілім менің тірегім» атты тіл айлығының қорытынды кезеңіне
арналған ертеңгілімізді ашық деп жариялаймыз.
Менің тілім біреу-ақ
Сөйлейтін де жазатын.
Тауып қойған тілеу-ақ,
Қазақ деген өз атын. Амина
..........................................................................
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған. Арина
Ана тілім- дана тілім, айбарлым
Сырым терең тұнығындай қайнардың.
Ана тілім, қасиетім, қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын. Қайсар
Әуен ырғағымен Жалқаубек кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе? Балалар бұл кім болды екен? Танисыңдар ма?
Жалқаубек: Сәлеметсіңдер ме? Әдемі киініп алыпсыңдар ғой? Мұнда не болып жатыр өзі?
Жүргізуші: Бізде бүгін тіл айлығына арналған қорытынды ертеңгілік.
Жалқаубек: Тілге де, мереке бола ма? Олай болса менде де тіл бар, қараңдаршы!
(тіл ұзартатын ойыншық)
Жүргізуші: Жоқ, сен дұрыс түсінбедің. Бұл мереке бақшамыздағы
тіл айлығына арналған қорытынды ертеңгілік.
Біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар.ал біздің туған тіліміз
- қазақ тілі, өз тілімізді құрметтейміз, өз тілімізде мақал-мәтел және жаңылтпаштар айта аламыз.
Мақал-мәтелдер
«Қарлығаш» тобы (Диас,Санжар, Адина,Іңкәр,Әлибек,)
«Балдәурен» тобы(Арина,Мархабат,М.Диана,Қайсар)
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Ана тілің 60 тілге татиды. Диас
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл тиексіз,
Тіл буынсыз,
Ой түпсіз. Санжар
Піл көтермегенді
Тіл көтереді. Адина
Ой жүйрік емес, тіл жүйрік.
Тіл сүйексіз болса да,сүйектен өтеді. Іңкәр
Шебердің қолы артық,
Шешеннің тілі артық.
Тіл достықтың айқын көпірі. Әлибек
Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек.
Талаптыға нұр жауар.
Өнерлі бала сүйкімді. Арина
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас. Мархабат
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді. М.Диана
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады. Қайсар
Алдарыңызда «Қарлығаш» тобының бүлдіршіні Тоқтарбай Жангүлдің
орындауында «Зеңгір көктем» әні.Қарсы алыңыздар!
Жаңылтпаштар
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық.
Бес күзетші- бес пысық. С.Айгерім
Төрттік алған
Бес түп алмайды.
Бестік алған
Төрт түп алмайды.
Бұлт іздеген жараспас,
Кілт іздеген жарасар. К.Айгерім
Оқуға салақтар,
Тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар
Далада далақтар. Ерали
Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ.
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ. Қайсар
Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр
Қайттық біз құрдан құр. Нұрлыбек
****************************
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? М.Диана
Бір ақ шымшық
Үш ақ шымшық
Төрт ақ шымшық Жазира
Бір қыз кесте тікті
Кестесін түсте тікті.
Кеште тікті Ә.Диана
Ән. «Ана тілін сүйемін»
Отан ,рәміздер туралы тақпақтар
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақтаным,елім менің. М.Диана
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан,
Тілегіміз әділдік
Ашық болсын кең аспан. К.Айгерім
Достарды біз қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату –тәтті болайық. Мархабат
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер. Жазира
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз. Қайсар
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қыранды еркіндеп,
Бала өседі талантты. Диас
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. Іңкәр
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақша бауларың.
Айнадай мөлдір көздерің,
Анамдай ізгі елдерің. Адина
Астана- әйбәт қала,
Келесің айбаттана,
Еліме тірек болып,
Тұр соғып жүрек болып. СанжарЖүргізуші: «Балдәурен» тобының «Ағайынбыз бәріміз» әнін тамашалаңыздар!
Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып,
тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды.
Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп,
ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
Жүргізуші: Бұл жанды тіл- менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім,
Жыры қуат, сөзі ана уызындай,
Жасай бер,Ана тілім- Қазақ тілім!- деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті ана тіліміз «Тілім менің –тірегім!» атты тіл айлығының қорытынды кезеңіне арналған ертеңгілімізді ашық деп жариялаймыз.
Менің тілім біреу-ақ
Сөйлейтін де жазатын.
Тауып қойған тілеу-ақ,
Қазақ деген өз атын. Амина
*****
Ана тілім- дана тілім, айбарлым
Сырым терең тұнығындай қайнардың.
Ана тілім, қасиетім, қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын. Қайсар
Әуен ырғағымен Жалқаубек кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе? Балалар бұл кім болды екен? Танисыңдар ма?
Жалқаубек: Сәлеметсіңдер ме? Әдемі киініп алыпсыңдар ғой? Мұнда не болып жатыр өзі?
Жүргізуші: Бізде бүгін тіл айлығына арналған қорытынды ертеңгілік.
Жалқаубек: Тілге де, мереке бола ма? Олай болса менде де тіл бар, қараңдаршы! (тіл ұзартатын ойыншық)
Жүргізуші: Жоқ, сен дұрыс түсінбедің. Бұл мереке бақшамыздағы тіл айлығына арналған қорытынды ертеңгілік. Біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар.ал біздің туған тіліміз- қазақ тілі, өз тілімізді құрметтейміз, өз тілімізде мақал-мәтел және жаңылтпаштар айта аламыз.
Мақал-мәтелдер
«Қарлығаш» тобы (Диас,Санжар, Адина,Іңкәр,Әлибек,)
«Балдәурен» тобы(Арина,Мархабат,М.Диана,Қайсар)
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Ана тілің 60тілге татиды. Диас
*****
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл тиексіз,
Тіл буынсыз,
Ой түпсіз. Санжар
*****
Піл көтермегенді
Тіл көтереді. Адина
Ой жүйрік емес, тіл жүйрік.
Тіл сүйексіз болса да,сүйектен өтеді. Іңкәр
*****
Шебердің қолы артық,
Шешеннің тілі артық.
Тіл достықтың айқын көпірі. Әлибек
*****
Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек.
Талаптыға нұр жауар.
Өнерлі бала сүйкімді. Арина
*****
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас. Мархабат
*****
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
*****
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді. М.Диана
*****
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады. Қайсар
Алдарыңызда «Қарлығаш» тобының бүлдіршіні Тоқтарбай Жангүлдің орындауында «Зеңгір көктем» әні.Қарсы алыңыздар!
Жаңылтпаштар
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық.
Бес күзетші- бес пысық. С.Айгерім
*****
Төрттік алған
Бес түп алмайды.
Бестік алған
Төрт түп алмайды.
Бұлт іздеген жараспас,
Кілт іздеген жарасар. К.Айгерім
*****
Оқуға салақтар,
Тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар
Далада далақтар. Ерали
*****
Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ.
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ. Қайсар
*****
Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр
Қайттық біз құрдан құр. Нұрлыбек
*****
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? М.Диана
*****
Бір ақ шымшық
Үш ақ шымшық
Төрт ақ шымшық Жазира
*****
Бір қыз кесте тікті
Кестесін түсте тікті.
Кеште тікті Ә.Диана
Ән. «Ана тілін сүйемін»

Отан ,рәміздер туралы тақпақтар
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақтаным,елім менің. М.Диана
*****
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан,
Тілегіміз әділдік
Ашық болсын кең аспан. К.Айгерім
*****
Достарды біз қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату –тәтті болайық. Мархабат
*****
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер. Жазира
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз. Қайсар
*****
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қыранды еркіндеп,
Бала өседі талантты. Диас
*****
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. Іңкәр
*****
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақша бауларың.
Айнадай мөлдір көздерің,
Анамдай ізгі елдерің. Адина
*****
Астана- әйбәт қала,
Келесің айбаттана,
Еліме тірек болып,
Тұр соғып жүрек болып. Санжар
Жүргізуші: Жалқаубек әрбір адам ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
Жалқаубек: - Иә,түсіндім. Әрқашан өз тілімді құрметтеп,қастерлеп жүретін боламын. Сауатты сөйлеп, жазамын.
Жүргізуші: «Балдәурен» тобының «Ағайынбыз бәріміз» әнімен аяқтағымыз келіп тұр. Тамашалаңыздар!