А?ылшын тілі саба?ында жа?а технологияларды пайдалану та?ырыбында баяндама


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Насимолла Айнагүл
Гуманитарлық колледж, Астана қ.
ағылшын тілі пәні оқытушысы
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық- коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: «Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді». Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез- құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактив сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, кіммен (адаммен) не болмаса немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады: - білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі; - күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу; - тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік; Интерактивті әдісің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту жатады:
* Шағын-лекциялар
* Топтардағы жұмыс
* Бақылау парағы немесе сынақ
* рөлдік ойын * ойын жаттығулары
* жобаны әзірлеу
* жағдайлық тапсырмаларды шешу
* Сапаршыны (визитерді) шақыру
* Сарапшы топтарының пікірсайыстары
* Сұхбаттар
* Сахналау
* Жағдайдан жеңілу
* Оқушының рөліне ену
* Сюжеттік суреттерді талқылау
* Сұрақ – Квиз (бақылау) және т. б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып тақта, кітаптар, бейне материалдар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ең тиімді программалардың бірі ActiveStudio программасы мен Microsoft Power Point. Олар мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді, ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде интерактивті әдістерді және түрлі ақпараттық технологияларды жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Бұл әдістер бойынша сабақ барысында оқушылар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиісті болады. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Сабақ кезінде оқытушының көбінесе тыңдаушы рөлін атқаруы оның процестен шет қалуы болып саналмайды. Сабақтың жоспары оқушылар өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін көрсетеді, яғни, оқытушы оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында интерактивті әдістерді, компьютерді және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы – Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процесіне жаңа ақпараттық технологиялардың, интерактивті әдістердің енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Мектептегі шет тілі 2009.2. Мектептегі шет тілі. 2011.3.Мұғалімге арналған нұсқаулық (6 бет) Стронг,Уард, және Гранттар (2011)4.Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Мұғалімге арналған нұсқаулық (39 бет ) 5.Мұғалімге арналған нұсқаулық (40 бет )Mercer, N., (2000).