А??ала М.?айы?баев ?дебиет о?улы?ыны? ?дістемесі


Күні: әдебиеттік оқу
Сабақтың атауы Аққала   М.Қайыңбаев
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Оқулықпен жұмыс, қол өнер, сурет салу.
Жалпы мақсаттар
қыс туралы түсініктерін кеңейту.Уақыт, жаратылыс, табиғат туралы ұғымдарының кеңеюіне мүмкіндік жасау.
Оқыту  нәтижесі - а) өлеңнің мазмұнын айта алады;
- в) өлеңнен күлдіргі жолдарын тауып оқиды;
- с) өзін қоршаған ортадағы заттарды зерделеп, талдайды;
Топқа бөлу Қар түйіршіктері арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.Екі көзің не үшін керек?Жақсыларды көру үшін.Екі құлағың не үшін керек?Ақыл кеңес тыңдау үшін.Екі қолың не үшін керек?Елге көмек беру үшін.Екі аяғың не үшін керек?Туған жерде жүру үшін!- Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту.
Ойнайық біз аққала,Домалатып ақ қарды.Ойнайық біз топтана,Салып ғажап бақтарды- Қане, балалар суретке зер салып қарайықшы?- Балалар не жасап жатыр?- Аққаланы неден жасап жатыр?- Аққаланы тағы нелерден жасауға болады?
( қағаздан, мақтадан, тәттіден, қардан, сүзбеден жасалған аққалалар)- Қайсысы шын мәніндегі аққала? Ойыңды дәлелде.
«Аққала жасау» тәсілі дегенге топтастыру құру. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды
Қарды домалақтау мұрыны сәбіз көзі көмір
Аққала

Басында шелек қолына сыпырғыш ауызы таяқ
Осы әдемі аққалаға арналған Мәди Қайыңбаевтың «Аққала» өлеңін оқып, мағынасын түсініп көрелік.
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Дәптермен жұмыс.
а) автор туралы мәлімет
Мәди Қайыңбаев 1958 жылы 20 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының қазіргі Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Жазушы» баспасында, «Жалын», «Ақ желкен» журналдарында, қызмет істеген. Қазір ҚР Президентінің әкімшілігінде жауапты қызметте.
Тұңғыш жинағы «Қырық бірінші қақпадан» кейін «Каталаун қырғыны», «Үркердің Сұлусарысы» (1992), «Жарғақтағы жазбалар» (2001) жыр кітаптары жарық көрген.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992)
ә) Өлеңді «қабырғаға қарап оқу» әдісі арқылы оқу.Әр топқа арналған өлең шумақтарын бөлек- бөлек қабырғаға іліп қою.Топта бір оқушы орнында қалып, ақын рөлін атқарады. Әр топтағы оқушылар қабырғадағы ілулі тұрған өлең шумақтарын берілген уақыт ішінде оқып, топқа қайта оралып,ақынға айтып береді. Ақын олардың сөзін мүлтіксіз жазып алып отырады.Барлық үш оқушы ақынға айтып болған соң, жазылған ауызша көшірме өлеңді ақын оқып береді.
в)өлең толықтырылып оқылады, сөздік жұмыс жүргізіледі.
«Аққала» сөзіне бес жолды өлең құрастыр
Не?аққала
Қандай? мамық, ұлпа
Не істеді? жасады, айналды
Мағыналас сөз.қар адамы
Сөйлем . Аңдар көңілді жүріп аққаланы жасады.
— Топтастыру бойынша көрсеткен аққала жасау тәсілдері өлең мазмұнымен сәйкес келе ме? Сәйкес келетін жерлерінің астын сызу.
- Өлеңнің күлдіргі жолдарын тауып оқы.- Аққала жасаудың әдістерін білесіңдер ме?- Оны жасайтын қар қандай болу керек?\мамық қар, қасат қар, қырбақ қар\- Өлең арқылы нені көз алдына елестетесің?- Қане, қай топ осы өлеңге ән сазын ойлап табады екен?
«Биопоэма» әдісін қолдану арқылы сұхбат жүргізу.
Аты- аққала
Сипаттайтын 2-3 сөз- өдемі, суық
Жақсы көретін 2-3 заты- қыс, қар, аяз
Қорқатын 2-3 заты- көктем, күн, ыстық
Басынан өткізген сезімі- балалардың қуанышы
Болашақтан күтетіні- көктем шықпаса, күн ысымаса
Мекен-жайы- қысқы дала
Тегі- қар
Сергіту сәті Қар жауып тұр. Бетіміз су болды.
Бетіміздегі суды сүртеміз.Жерден қар аламыз, оны домалақтап оң қолымызбен лақтырамыз.
Жерден тағы қар алып, домалақтап сол қолымызбен лақтырамыз. Енді үстіміздегі қарды қағамыз.
Ой толғаныс «Аққала» ойынын ойнау.
Ойынның шарты: әр топқа арналған жеке аққаланың сұлбасы салынады. Әр топтан бір- бір оқушы шығып, жұмулы көзбен жетіспейтін жерлерінің суретін салады.(мұрны, көзі, қолы, аузы ) қай топтың суреті дұрыс шыққанын оқушылардың өздері бағалайды.
Үй тапсырмасы өлең жолдарына саз ойлап табу. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Смайликтер арқылы кері байланыс орнату