Ашы? саба? ?ызы?ты математика Геометриялы? фигуралар еліне саяхат


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық фигуралармен таныстыру және түсінік беру;
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету,есептеу қабілеттерін арттыру,дамыту;
Тәрбиелік: Ой-өрістерін,танымдық қабілеттерін дамыту,баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық: слайд
Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика-қызықты тоймайтұғын-
дегендей «Қызықты математика» сабағын бастайық.Олай болса,тапсырмалар
орындай отырып«Геометриялық фигуралар еліне»саяхат жасаймыз,таныса-
мыз,үйренеміз,меңгереміз.
3.«Ойлан, таны,біл» танымдық тапсырма
1.Геометрия деген сөз нені білдіреді? (Жер өлшемі)
2.Қағазбен жазу құралының түйісетін ізі қалай аталады? (Нүкте)
3.Екі жағынан нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі (Кесінді)
4.Жазық бейнесі дөңгелек болып табылатын көлемді фигура (Шар)
5.Түзу сызық жүргізуге арналған қарапайым құрал (Сызғыш)
6.Барлық нүктесі ортасынан бірдей қашықтықта болатын тұйық сызық
қалай аталады? (Шеңбер)
4.«Ерте,ерте,ертеде»
Балалар , мен сендерге геометриялық фигуруалар туралы ертегі айтып беремін, мұқият тыңдаңдар.
Ерете,ерте,ертеде геометрия патшалығының фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар тұрыпты.Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты.«Кім күшті?» деп бір-бірімен дауласады.
Шаршы айтады:-Мен ең күштімін,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде мықтымын.
Оның сөзін Дөңгелек бұзып:-Бекерден бекер сөйлеме,кімге керек сенің тік бұрыштарың? Міне,мен ешқандай бұрышсызбын,дөңгелекпін,көңілдімін.Менде не басым,не аяғым жоқ.
Сөзге Үшбұрыш араласады:- Дауласпаңдар,барлығы біледі,үшбұрыштың күшті екенін.Біз орындарымызды ауытырып әр-түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз.Мысалы:сүйір бұрышпен, доғал бұрышпен және шаршаның бұрыштары сияқты бірдей бола аламыз.Дау ұрысқа айналды.Барлығы бір-бірін тыңдамай у-шуға айналды.Тек қана Пирамида оларға қарап үндемей тұрды.Не болып жатқанын түсінбеген пирамида біраз тұрып сөзге кірісті:- Неге ұрысып жанжалдасасыңдар? Сендер барлықтарың жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер.Адамдар біздерді құрылыста пайдаланады.Әрбір үйде шаршы,дөңгелек,тік бұрышты және үшбұрыш тәрізді заттар бар.Біз туралы адамдар зерттейді,балалар да мектепте оқиды.Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды,біз оларға керекпіз.Адамдар бізді жақсы көреді.Фигуралар үндемей тұрып,өздерінің қателескендерін түсінді.Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес,ең маңыздысы сен біреуге керексің,біреулер сенің көмегіңе мұқтаж.Осы кезден бастап геометриялық фигуралар өздерінің адамдарға қажет екенін түсінді
5.Геометриялық фигуралармен таныстыру,түсіндіру слайдпен.
6.Сұрақ-жауап сәті
1.Негізгі геометриялық фигура қалай аталады? Нүкте
2.Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3
3.Бұрыштарды атап бер.Доғал,сүйір,тік бұрыш
4.Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+с
5.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+а+в7.Сергіту сәті:
Кәне түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
8.«Кім тапқыр?» логикалық тапсырмалар
1.Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш болады? 5
2.Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? 4 мысық
3.Шаршының сол жағында үшбұрыш,оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жерде? Ортасында
4.Бір жағынан нүктемен тұйықталған түзу сызық қалай аталады? Сәуле
9.«Ойлан тап» танымдық тапсырмалар
Слайдтағы тапсырмаларды дәптерге орындау.
10.Өздік жұмыс
Берілген тапсырманы дәптерге орындау
11.Сабақты бекіту.
Сұрақтарға баалалар жауап береді.
12.Білімдерін бағалау,марапаттау