Разработка внеклассного мероприятия Честность и искренность на казахском языке


Тақырыбы:Шыншылдық-адамдықтың белгісі
Мақсаты:шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі ма-
ңыздылығын ашу , шындық пен өтірікті ажырата білу жайлы түсінік
беру , мейірімділік қасиеті мен өзара адал қарым-қатынас жасау
іскерліктерін дамыту , шыншыл , адал болуға тәрбиелеу
Түрі:тренинг
Әдісі:сұрақ-жауап , түсіндіру , көрнекілік
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
2
.Негізгі бөлімде:
Ойын: Жасырынған сөздер Сұрақ: Оқушы қандай болуы керек?
Достарымыз көп болуы үшін , адамдар бізді сыйлауы үшін
біз шыншыл болуымыз керек Сондықтан біз «Шыншылдық-
адамдықтың белгісі» тақырыбында өнеге сағатын өткізгелі
отырмыз Егер байқамай бір нәрсені бүлдіріп алсақ , ия болмаса
біреуге уәде беріп , оны орындамасақ , ол адамнан кешірім
сұрап , келесіде ондай қателікке жол бермейміз
Өтірік айтып , ұятқа қалғанша , шындықты айтып , қателігімізді
мойындаған дұрыс Мұндай әрекет-адамдықтың белгісі
Топқа бөліну үшін : Ойын: Кемедегі капитан
1 бөлім Суреттер сөйлейді
Топ басшылары келіп , бір суретті таңдап алады да , сол сурет
бойынша әңгімелеп айтады
2 бөлім Жалғасын тап
Тапсырма:мақал-мәтелдердің сыңарын тауып айту
Өтірікші алдымен өзін алдайды
Өтірікшінің шын сөзі зая
Шындық бір сөз , өтірік мың сөз
Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді
Шындық жоқ жерде шіреніп шайқап жүреді
3 бөлім Ой қозғау
1 топ Шыншыл бала қандай болады ?
2 топ Шыншылдық деген сөзді түсіндіріп бер
3 топ Өтірікші бала қандай болады ?
4 топ Өтірік түралы не айтар едің ?
4 бөлім : Ойын : Топтастыр
Шындық сенім , бақыт , қуаныш
Өтірік сенімсіздік ұят реніш
Ата-аналар үшін : Ойын : Жалғасын тап
Өтірік деген дұшпан бар , отқа сүйреп салады
Өтірік айтқан жерде көп тұрма
Өтірікті шындай қылып , қулықпен өмір сүрген адамнан гөрі шыншыл-д
Дықпен сүрілген өмір қызығырақ
Өзгемен шыншыл болып , шын көңілмен қарым-қатынас жасамайтын
Адам -уақыттың өтуімен өзін де сыйлаудан қалады
5 бөлім Шыншылдық сәті
6 бөлім Қорытындылау
Әр нәрсенің байламын
Шындықпенен шешейік
Дақ түсірмей жүрекке
Тәтті ғұмыр кешейік