Беткі а?ыстар. М?хитта?ы тіршілік


Сыныптар: 7 Ә
Күні: 09.10.14
Тақырыбы: Беткі ағыстар. Мұхиттағы тіршілік
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Мұхит суының қалыптасуы, температурасы, тұздылығы, су массалары мен беткі ағыстары, олардың қалыптасуы мен таралу ерекшелігі туралы білім беру. Мұхит-Атмосфера-Материктер арасындағы су айналымы мен ауа қозғалысы нәтижесінде жүзеге асатын өзара байланысты ашу. Дүниежүзілік мұхиттың матерктердің климат жағдайына тигізетін әсерін ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Дүниежүзілік мұхит суларында тіршіліктің таралу ерекшелігі, мұхит табиғатын зерттеу жолдары, мұхит табиғатын қорғау шаралары туралы экологиялық білім беру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІІ Ең алдымен мұғалім гидросфера дегеніміз не, оның құрамдас бөліктеріне не эжатады деген сұрақтарды қояды. Одан кейін дүниежүзілік мұхит деген не деген сұрақ қояды.
Сосын балаларды үш топқа бөледі. Бірінші топқа – Дүниежүзілік мұхит суы, екінші топқа – су массалары, беткі ағыстардың түрлері, үшінші топқа – мұхиттағы тіршілік дүниесі деген тақырыптарды бөледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.
ІV Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.
Балалар климаттық белдеулерді картадан көрсетеді және негізгі беткі ағыстарды көрсетеді. Сосын параграфтар соңындағы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.
V Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. VІ Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
Үй жұмысы:
1. §10 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Кескін картаға дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды түсіру. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.