Урок на тему ?аза?ты? музыкалы? аспаптары


Ашық сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)
Өткізген:Дайындаған:Есмакаева Айдана БалгабайевнаПавлодар облысы, Баянауыл ауданы. МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)Мақсаты: Балалардың қазатың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспаптарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Әдіс – тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, дидактикалық ойын.Сабақтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы(шын сахнада қолданылатын аспаптар), слайд, ойын тақташалары, мойынға тағатын эмблемалар( лентадан жасалған, басына аспаптар суреті тағылады).Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.Балалар залға музыка әуенмен кіреді (күйсандықта ойнап қарсы алу).Жетекші:- Сәлеметсіздер ме балалар? (әндетіп амандасады)Балалар:- Сәлеметсіз бе! (әндетіп амандасады)
Кәнеки бәріміз шеңберге тұрайық.
Көңіл күйімізді сурайық.
Шеңберде тұрып қимылды жаттығуларды әннің ырғағына келтіріп жасайық.
(Ән: Айгерім Қалаубаева «Көңілді күн»)
- Екі қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;- Екі қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;- Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.Жұмбақ жасыруҰзын мойын екі шек,Қатар – қатар тепкіБасып қалсаң бір бірлепКүй шығады күмбірлеп.- Балалар, бұл жұмбақтың шешімін білесіңдер деп ойлаймын, солай емес пе әлде қателесемін бе?
Балалар: Домбыра
Әрине, дұрыс айтасындар. Жарайсыңдар.- Біз домбырадан басқа да аспаптарды білеміз ғой?
Балалар: Иә. Балалар білетін аспаптарын атайды, басқа ұлттың аспаптарында айтады.Қазақтың Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.
(есік қағылады:
-балалар бұл кім?танғалады(музыка жетекшісі)
Топқа аспатар кіреді: домбыра, қобы, сыбызғы.
Міне кереметті қарандаршы бізге қонаққа қазақтың ұлттық аспаптары келіпті ғой. Бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме! (Әндетіп)
Аспаптар: Сәлеметсіндерме балалар! Біз Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториядан келіп отырмыз.
-Балалар қарандар аспаптарға мен қышқаша айтып кетейін(3 адам ұлттық аспаптармен кіреді, 1-домбыра, 2-қобыз, 3-жетіген. Әр аспапта кішкене қағазбен салынған батырмалар болады, батырманы басқан кезде аспаптың үні орындалады және де әр аспапқа түсінік беріп кетеді.)
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан.Қобыз – Ысқыспен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген, күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты.Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оны, құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – киінді орналастыру арқылы келтіреді. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.-Балалар аспаптардың үндерін естідік қой?
-Иә, иә.
-Балалар сендерге ұнадыма?
Иә, иә. )
-Балалар аспаптармен ойын ойнайық.
-Ия, ойнайық(ұлттық аспаптар салынған суреттер екіге бөлініп тұрады. Балалар оарды дұрыс қосып шығару керек.)
Музыкалық дидактикалық ойын«Аспапты тану»Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)Домбыра – Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспапҚобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап
Жетіген – Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспапСыбызғы – Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап
Ойын«Аспаптарды ажырат»Ойынның шарты: Тақтаға ұлттық аспаптардың суреттерімен қатар әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып тастаулары керек.Қорытынды.Балаларды шеңберге тұрғызу.- Тақтада қандай суреттер қалды? Домбыра, сыбызғы, қобыз т. б- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.- Сендерге сабақ ұнады ма?- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар(Музыка әуенімен қоштасады.)