Зертханалы? ж?мыс Заттарды? физикалы? ?асиеттерін танып білу


Химия 8
Зертханалық жұмыс №1
Заттардың (металдар және бейметалдар) физикалық қасиеттерін танып білу. Физикалық және химиялық құбылыстар.
Мақсаты: жай және күрделі заттардың физикалық қасиеттерін зерттеу, Химиялық және физикалық құбылыстарды анықтау. Химиялық және физикалық құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып білу, заттардың өзгерістерін сипаттау.
Қажетті құрал-жабдықтар: химиялық заттардың үлгілері: темір Fe, мыс купорос CuSO4 ∙ 5H2O, күкірт S, мүсәтір спирті NH4OH, алюминий Al, көмір C, ас тұзы NaCl, малахит Cu2(OH)CO3, мыс сым Cu, әк CaO.
Тапсырма № 1
Берілген заттардың ұлгілерін қарап, жай және күрделі заттарға жіктеңдер. Физикалық қасиеттерін зерттеп таблицаға жазыңдар.
Агрегаттық күйі: қатты, сұйық, газтәрізді.
Тұсі: сары, қара, түссіз.
Иісі: иісі бар, жоқ.
Суда ерігіштігі: жақсы ериді, аз ериді, ерімейді.
Температура: қайнау, балқу.
Тапсырма №2
1. Мыс сымының кішкене бөлігін алып,балғамен ұрып жаншу.
2. Сымның пішіні өзгергеніне назар аудару.
3. Мыс сымының кішкене бөлігін ұстағышпен қысып, спиртшамының жалынына ұстау.
Сұрақтарға жауап беру:
а) Не байқадыңдар?
ә) Физикалық құбылыс деген не?
б) Химиялық құбылыс деген не?
в) Физикалық және химиялық құбылыстардың бір-бірінен басты айырмашылығы неде?
5. Кесте толтыру.
Жай заттар Күрделі заттар
Атауы, формула Физикалық қасиеттері Атауы, формула Физикалық қасиеттері
Қорытынды.
Химия 8
Зертханалық жұмыс №1. 2
Физикалық және химиялық құбылыстар
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: сынауық, шыны таяқша, спиртшам, су, шам (свеча), қант, мыс сульфаты ерітіндісі CuSO4, әктас CaCO3, тұз қышқылы HCl, калий гидроксиді ерітіндісі KOH, аммоний хлориді NH4Cl, кальций гидроксиді Ca(OH)2, фенолфталеин.
Тапсырма:
Сынауыққы әктастың бір түйірін салыңдар (кальций карбонат СаСО3). Тұз қышқылын құйыңдар. Не байқалды? Жаңа зат түзіле ме? Бұл реакцияның қандай ерекшеліктері бар?
Сынауыққа 2-3 тамшы су құйыңдар. Сынауықты қысқышпен ұстап спиртшамда су қайнағанша қыздырыңдар. Сынауқты штативке қойып, суық стақанмен жабыңдар. Не байқалды?
Мыс сульфат ерітіндісін сынауыққа құйыңдар, сосын калий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды?
Отқа төзімді пластинкаға бекітілген шам фитилін мұқият жағыңдар. 1-2 мин шамның жануын бақылаңдар. Мұқият шамды үрлеңдер.
Аммоний хлоридін және кальций гидроксидін сынауыққа құйыңдар. Спиртшамда сәл қыздырыңдар. Не байқалды?
Қасыққа кішкене қант салып отта қыздырыңдар. Не байқалды?
№ Жұмыстың барысы Не байқалды Қорытынды
1 2 3 4 5 6 Қорытынды
Химия 8
Зертханалық жұмыс №2
Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжіребелер жүргізу. Мыс сымын қыздыру. Малахиттің ыдырауы. Ағаш жаңқасының және парафиннің жануы
Мақсаты: оқушылардың химиялық реакция туралы білімдерін тереңдету
Керекті құрал - жабдықтар: спиртшам, химиялық стакан, шыны тақша, сынауықтар, тұрғы, ағаш шырпы, сіріңке.Керекті реактивтер: аммоний дихроматы ерітіндісі, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, тұз қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, калий радониді, күміс нитраты.
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
Жұмыс барысы Не байқадық Реакция теңдеуі, қорытынды1. Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжіребелер жүргізу2. Мыс сымын қыздыру. 3. Малахиттің ыдырауы .
Әдемі жасыл түсті малахит минералының ұнтағын сынауыққа салып қыздырғанда, оның ыдырау нәтижесінде газ күйінде су бөлініп, суыған кезде сұйық тамшыға айналады. Сонымен бірге, көмір қышқыл газы бөлінеді және қара түсті ұнтақ мыс( ІІ ) оксиді түзіледі. Күрделі зат малахиттің ыдырауынан үш түрлі жаңа күрделі заттар түзіледі
Малахит ерте кездерден бері жоғары бағаланған минерал. Малахиттің түсі ашық жасылдан атлас тәрізді қоңыр жасылға түрленіп отырады. Ежелгі гректер «мальва» деген өсімдік жапырағының жасыл түсіне ұқсағандықтан, бұл минералды малахит деп атаған. 4. Ағаш жаңқасының және парафиннің жануы Қорытынды.
Химия 8
Зертханалық жұмыс №3
Түрлі байланысы бар заттардың табиғи үлгілерін зерттеу.
Мақсаты: Физикалық, химиялық құбылыстарға тән белгілерді түсіндіру, мысалдар келтіріп, құбылыстарды ажырату, химиялық құбылыс, химиялық реакция екенін оның жүру белгілерін меңгерту.
Көрнекілік: әртүрлі кристалды тор үлгілері
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1)
1. 2. 3.
4. 5.
Тапсырма: суреттердегі кристалдық тор үлгілерін атын тауып, әрқайсысына сипаттама бер.
2) Ермексаздан және металдан немесе пластмассадан жасалған шарлар мен таяқшалар берілген.
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша: а) иондық; ә) атомдық; б) молекулалық кристалдық торы бар заттардың моделдерін жасаңдар.3)Өздерің моделдерін жасаған заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтардың мәнін түсіндіріңдер.

Заттар, химиялық байланыс типі Физикалық қасиеттері Молекула моделі
Қорытынды
Химия 8
Зертханалық жұмыс №4
Сутек асқын тотығын катализатор қатысында айыру арқылы оттек алу.
Жұмыстың мақсаты: катализатор қатысуымен сутек пероксидінен оттекті алу және қасиеттерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: зертханалық штатив, спиртшам, газ жіберетін тығын, мақта, тығынмен сынауық, сумен кристаллизатор, стақан, калий перманганаты KМnO4, сутек пероксиді H2O2, марганец (IV) оксиді MnO2.
Жұмыстың барысы:
Сутек тотығына (пероксидіне) тәжірибе.
Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек.
Газ жүретін түтіктің ұшын оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткіземіз. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады. Жайлап бірінші бүкіл сынауық бойын бастау, содан кейін тек зат орнын қыздыру. Жарты минут өткен соң, оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатқанда шыра лып етіп жанады. Оттегі газын анықтау жолы туралы қорытынды жасаңдар. Оттегі ауаны ығыстыру арқылы жинауға болады, неге түсіндіріңіз?
Оттегінің суда ерігіштігі нашар болғандықтан оны суды ығыстыру арқылы да жинауға болады. Ол үшін суреттегідей құрал жинап қолданамыз. Сеңгелге суға толған екі сынауыққа салып қоямыз. Калий пермаганты салынған сынауықты сәл қыздырып, газ жүретін түтіктегі ауа шыққаннан кейін оны су астындағы сынауыққа кіргізіп, сынауықтың түбін жоғары қаратып ұстаймыз. Ұмытуға болмайды: жылу тоқтатудан бұрын, судан газ жүретін түтік ұшын алып тастаңыз. Сынауыққа шырпыны салыңдар. Неге шырпы жанады? Оттегіні су ығыстыру арқылы жинауға болады, неге түсіндіріңіз? Эксперимент нәтижелерін кестеге толтырып, қорытынды жасаңдар.

Сұраққа жауап беру:
а) оттегінің қандай физикалық қасиеттерін байқадыңдар?
ә) қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар? б)оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы жинау себебін түсіндір.
№ Жұмыстың барысы Не байқалды? Қорытынды
Қорытынды.
Химия 8
Зертханалық жұмыс №5
Сутекті зертханада алу және оның қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Тұз қышқылымен мырышты әрекеттестіріп сутек газын алып, оның қасиеттерімен таныстыру, зертханалық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Құрал – жабдықтар, реактивтер: зертханалық штатив, спиртшам, сынауық, газ жүретін түтігі бар тығын, мырыш Zn, тұз қышқылының ерітіндісі HCl.
Жұмыстың барысы:
1905254000
1. Сынауыққа 2-3 мырыш түйірін салыңдар және 2 мл тұз қышқылының ерітіндісі құйыңдар. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңдар. Сутек газы бөліне бастағанда, сынауықтың аузын төмен қаратып газ жинау.
2. Сутектің «таза болуын» тексеріңдер. Сутек газының тазалығын тексеру үшін осы қалпында тездетіп жанып тұрған спиртшамға жақындату. Не байқадың? Егер “п - пах” деген жеңіл дыбыс естісеңдер, онда сутекпен жұмыс істеуге болады. Тәжірибенің атын жазып байқаған құбылысты қорытындылаңдар.
3. Сутектің физикалық қасиеттерін зерттеу.
Сутек жиналған сынауықты мұқият қарап оның физикалық қасиеттерін жазыңдар: агрегаттық күйі, түсі, иісі, суда ерігіштігі.
Сутектің химиялық қасиеттерін зерттеу.
Сутектің тазалығын тексерген сынауықты мұқият қараңдар. Не байқалды?
Кесте толтыру:
Тәжірибе
Берілген заттар Реакция жағдайы Реакция белгілері Реакция
теңдеулері Қорытынды
Тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі Тұз қышқылы, мырыш Сутек тазалығын теқсеру Түзілген сутек Сұрақтар:
1) Неліктен бөлініп жатқан газды, ыдысты тӛңкеріп қойып жинау қажет?
2) Сутекті, алюминийді тұз және күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алуға болады. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңдар.
3) Бірінші цилиндр оттек газымен, екінші цилиндр сутек газымен толтырылған. Қай цилиндрде қандай газ бар екенін қалай ажыратуға болады?
Қорытынды.
Химия 8
Зертханалық жұмыс №6
Судың металдармен әрекеттесуі; судың кальций және фосфор (V) оксидтерімен әрекеттесуі, индикаторлар көмегімен алынған ерітінділердің ортасын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Судың физикалық қасиеттерін анықтап,химиялық қасиеттеріне сәйкес тәжірибелерді өткізу.
Құралдар мен реактивтер: Шыны таяқша, стақан, сынауықтар, су, натрий Na, кальций оксиді CaO, фосфор P, лакмус, фенолфталеин, кәрлен табақша, штатив.
Жұмыстың тәртібі.
Тапсырма 1.
Судың физикалық қасиеттерін кестеге толтыр.
Физикалық қасиеттері Су
Түсі Агрегаттық күйі Иісі Тығыздығы Қайнау температурасы Қату температурасы Тапсырма 2.
1. Суды сынауықтың жартысына дейін құйып, штативке тік етіп бекіту. Одан кейін керосиннен бір түйір натрийді алып, ұрғатып, сынауықтағы суға салу. Сынауықтың бетін құйғының кең жағымен жабу. Реакция өткеннен кейін сынауыққа фенолфталеин тамызу.
2. Кәрлен табақшаға аздап кальций оксидін салу және оған су құю. Реакцияның ерекшеліктеріне назар аудару.
3. Стақанға аздап су құйып, оның жоғары жағынан металл қалақтағы фосфорды жағу. Түзілген фосфор (Ү) оксиді түйіршіктері біртіндеп түсіп еріп, онымен әрекеттесе бастайды. Түзілген ерітіндіге лакмус тамызу.
Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру, қорытынды жасау.
Тәжірибе Берілген заттар Реакция жағдайлары Реакция белгілері Реакция теңдеулері
Судың сілтілік металдармен әсері Су, натрий, фенолфталеин Судың негіздік оксидтермен әсері Кальций оксиді,су Судың қышқылдық оксидтермен әсері Фосфор, оттек Фосфор (Ү) оксиді, су, лакмус Сұрақтар:
1) Судың физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріндер.
2) Сутектің металдармен әрекеттескенде не байқадың?
Химия 8
Зертханалық жұмыс №7.1
Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен (ортофосфор қышқылының мысалында) танысу.
Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакциялардың нәтижесінде қышқылдардың қасиеттерін зерттеу.
Құралдар мен реактивтер: Штатив, сынауықтар, индикаторлар: лакмус, фенолфталеин, метилоранж; ортофосфор қышқылы, тұз қышқылы, азот қышқылы, мыс, мырыш, темір, темір оксиді (ІІ), мыс оксиді (ІІ).
Жұмыстың тәртібі.
Тапсырма №1
Берілген қышқылдарды индикатормен тексеру.
Тапсырма №2
Тұз қышқылын сынауыққа құйып, біріншісіне темір ұнтағын; екіншісіне мырыш түйірін; үшіншісіне – мыс сымын сал да, қандай өзгеріс болатынын бақылау.
Тапсырма №3
Берілген мыс оксиді (ІІ) мен темір оксиді (ІІ), олардың қышқылдармен арасындағы алмасу реакциясын жазу. Әуелі азот қышқылын екі сынауыққа құйып алып, олардың үстіне аздап, аталған оксидтерді шыны таяқшамен араластыру. Түзілген ерітіндіні түсіне көңіл аудару. Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру, қорытынды жазу.
Тәжірибе Берілген
заттар Реакция жағдай
лары Реакция белгілері Реакция
теңдеу
лері
Қышқылдардың индикаторға әсері Лакмус, тұз қышқылы Фенолфталеи, тұз қышқылы Метилоранж, тұз қышқылы Қышқылдардың металдарға әсері Темір, тұз қышқылы Мырыш, тұз қышқылы Мыс, тұз қышқылы Қышқылдар мен металдардың оксидтерімен әрекеттесуі Мыс оксиді, азот қышқылы Темір оксиді (ІІ), азот қышқылы Қорытынды
Химия 8
Зертханалық жұмыс №7.2
Тұздардың қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакциялардың нәтижесінде тұздардың қасиеттерін зерттеу.
Құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, тамшуыр, барий хлориді, күкірт қышқылы, азот қышқылы, мыс сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, натрий гидроксиді, күміс нитраты, натрий сульфаты.
Жұмыстың тәртібі:
Тапсырма 1.
Екі пробиркаға хлорлы барий ерітіндісін құю және олардың біреуіне сұйылтылған күкірт қышқылының, екіншісіне азот қышқылының ерітінділерін қосу. Тұнбаның түзілуіне назар аудару.
Тапсырма 2.
Екі пробиркаға ¼ бөлігіне дейін мыс сульфаты, екіншісіне темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділерін құю. Әр пробиркаға натрий сілтісін тамызу. Сынауықтарда түзілген тұнбаларға назар аудару.
Тапсырма 3.
Екі пробиркаға барий хлоридінің ерітіндісін құю, біріне күміс нитратын, екіншісіне натрий сульфатының ерітінділерін қосу. Түзілген тұнбалардың түсіне назар аудару. Өткізілген тәжірибелер бойынша кесте толтыру,қорытынды жасау.
Тәжірибе Берілген заттар Реакция жағдайлары Реакция белгілері Реакция теңдеулері
Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі
Барий хлориді, күкірт қышқылы Барий хлориді, азот қышқылы Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі Мыс сульфаты, натрий гидроксиді Темір (ІІІ) хлориді, натрий гидроксиді Тұздың тұзбен әрекеттесуі
Барий хлориді, күміс нитраты Барий хлориді, натрий сульфаты Қорытынды
Химия 8
Зертханалық жұмыс №7.3
Негіздерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакциялардың нәтижесінде негіздерді алып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Құралдар мен реактивтер. Сынауықтар, штатив, шыны таяқша, спиртшам, химиялық стақандар, сіріңке, қысқыш, кәрлен табақша; натрий, кальций, мыс (ІІ), темір (ІІІ) гидроксидтері, су, фенолфталеин, тұз қышқылы, мыс сульфаты, кальций оксиді.
Жұмыстың тәртібі:
Тапсырма 1. Берілген негіздердің физикалық қасиеттерін сипаттау.
Негіздер Суда ерігіштігі Түсі Агрегаттық күйі фенолфталеин түсі
Кальций гидроксиді Ca(OH)2 Натрий гидроксиді NaOHМыс(ІІ) гидроксиді Cu(OH)2 Темір(ІІІ)гидроксиді Fe(OH)3 Тапсырма 2.
Кәрлен табақшаға аздап кальций оксидін салып және оған су құю.
Берілген негіздердің ерітінділеріне фенолфталеин құю.
Натрий гидроксидінің ерітіндісіне аздап тұз қышқылын құю. Ерітіндінің түсі өзгергеніне назар аудару.
Натрий гидроксидінің ерітіндісіне мыс сульфатын құю.
Мыс (ІІ) гидроксидін қыздыру. Не байқадың?
Қорытынды жасау.
Тәжірибе Берілген заттар Реакция жағдайлары Реакция белгілері Реакция теңдеулері
Кальций оксидімен судың әрекеттесуі Кальций оксиді, су Натрий гидроксидімен тұз қышқылы Натрий гидроксиді, тұз қышқылы Натрий гидроксидінің ерітіндісіне мыс сульфатын құю Натрий гидроксиді, мыс сульфаты Мыс (ІІ) гидроксидін қыздыру Мыс гидроксиді Қорытынды
ТапсырмаларҚышқылдардыңформулаларын көрсетіңдер:
а) H2SO4 ә)MgSO4 б) MgO в) HCIТұздардың формулалары:
а)NaCI ә)CaSO4 б)MgSO4 в)NaOHҚышқылдар металдармен және негіздік оксидтермен әрекеттескенде үнемі:
а) су ә)сутек немесе басқа газдар б) тұз в) негіз түзіледіТұз қышқылымен:
а)Ag ә)AI б)Fe в)ZnАзот қышқылының мыс (ІІ) гидроксидімен химиялық реакция теңдеуіндегі реакция өнімдерінің формулаларымен олардың алдындағы коэффиценті:
а) Cu(NO3)2және 2H2O ә) Сu(NO3)2 жәнеH2 б)CuOжәне 2H2O в)CuOжәне H2O
Магний хлориді:
а) MgO және HCI ә)Mg және HOH б)Mg және O2 в)Mg және HCI аралығындағы орынбасу реакциясының нәтижесінде алынады.
Хлорсутек қышқылының тұзы-кальций хлоридініңформуласындағы хлор атомыныңиндексі:
а)1 ә)2 б)3 в)4
Күкірт қышқылының тұзы-литий сульфаты формуласындағы литий атомының индексі:
а) 1 ә) 2 б)3 в)4P→P2O5-+H2O→x айналым тізбегіндегі «х» деп белгіленген заттың формуласы:
а)H3PO2ә)H3PO4 б)H3PO3 в)N2Э→ЭО2→H2ЭО3 айналым тізбегіндегі «Э» элементі:
а)CIә)S б)N в)PСұйылтылған күкірт қышқылы төмендегі заттармен әрекеттеседі:
а) Mg және Cu(OH)2ә)CO2және NaOH б)FeO және H2S в)P және CuCI2
Тұз қышқылы:
а) Cu-мен ә) CuO-мен б) Cu(OH)2-мен в) Zn-мен әрекеттеспейді