Балаба?шада жаз?ы сауы?тыру ж?мысын ?йымдастыру


Балабақшада жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыру
Балалармен жүргізілетін жазғы жұмысты сауықтыру жұмыстары деп атауымыздың себебі, оның өзіндік  қыр-сыры бар.  Баланың денсаулығын нығайтуға қажетті жазғы уақыттың жағымды жақтарын  алу маңызды, бала өсіп-жетіліп, толысып, шынығуы қажет. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің таңғажайып, көркемдігін түсініп, жақсы көруді үйренуі маңызды. Жазғы уақытта мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерінің дамуы үшін табиғат зор мүмкіндік береді.Жазғы жұмыстың табысты болуы балабақша ұжымының қаншалықты уақытында дайын болуына байланысты айқындалады.Ең бастысы – педагогтарды қажетті біліммен қаруландыру. Ол үшін әдістемелік кабинетте белгілі бір сұрақтарға байланысты қажетті әдебиеттер таңдалып алынады, әр тәрбиешіге өзіне таныс бір тақырыпты алып, өз еркімен жұмыс істеуді ұсыну, кейін тәжірибемен, білім және  қызығушылығымен бөлісуге мүмкіндік беру қажет.
Тақырыптама:
1. Балалармен жүргізілетін шынығу-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
Осы кезеңге арналған таңғы гимнастиканың вариативтілігі
Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру
Мерекелер мен бос уақыттарды өткізу
Орманға жорық пен серуенге арналған ойындар
Сумен ойнайтын ойындар
2. Табиғат әлемі
Маусымдық бақылау, құбылыс күнтізбесі (жәндіктер, балықтар, өсімдіктер, құстар және т.б.)
Өзіміз тұратын өлкенің табиғаты
Гүлзарлар мен бақшаның жұмыстарын ұйымдастыру
Табиғаттың құпиясы, дәрілік және улы өсімдіктер
Саяхатты өткізуге арналған талаптар
Улы өсімдіктермен уланудың ескерту бойынша алдын-алу жұмыстары
3. Ойын
Жазғы алаңқайларда ойын құралдарының мазмұны мен орналастыруға қойылатын талаптар
Жазғы уақытта әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру
4. Көркемдік-бейнелеу өнері
Бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес тәсілдері
Балалардың шығармашылығын дамыту
5. Жазғы мерекелер мен бос уақытты ұйымдастыру
Балаларды орыс халқының мерекелерімен таныстыру
Мерекені ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Жазғы уақытта белсенді демалысты өткізуге арналған мерекелер мен бос уақыттың тақырыптамасы мен материалдарын іріктеу
6. Балалардың  өмір әрекеті мен қауіпсіздігі негіздері
Нұсқамалар
Өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгеру
«Абайла, жол!» жұмысын ұйымдастыру
7. Өлкетану
Ескерткіштерге саяхат жасау
Балалардың шығармашылығы конкурсының тақырыптамасы
8. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру
Ата-аналарға  арналған қандай консультациялар мен топтық әңгімелер тақырыптарын ұсынуға болады?
Сонымен қатар, тақырыптама бойынша жүргізілген жұмыстар, теориялық және практикалық тәсілдерді ашу балабақшаның барлық педагогтарына олардың сан түрлі жұмыстарында едәуір көмек болар еді.
Жазғы уақытта бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша  жүйелі, әрі толық көлемдегі жұмыстар жалғастырылады. Іс-әрекеттің барлық түрі ауаға ұласады. Әрбір іс-әрекетке қажетті орын және күн тәртібінен уақыт бөлінеді.
Жазғы уақытта балалармен сабақ жүргізу қажет пе? Балалардың толыққанды демалуына кедергі келтірмей ме? Балалардың жазғы уақытын  ұйымдастыру таңдау еркіндігін беру ғана емес, оларды ұжымдық іске жұмылдыру қажет. Еркіндік беру олардың шаршауына әкеп соғады. Сабақтың түрлерін «Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте айқындаймыз.  
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
Ата-аналарды балалардың денсаулық жағдайымен таныстыру, балабақшаның жазғы жұмыс бағдарламасы туралы ақпарат беру үшін жазғы дайындық бойынша топтық жиналыстар өткізу.
Балалармен қала сыртына шығатын және қалада қалатындар үшін медико-педагогикалық тақырыптар бойынша балаларға арналған  консультацияларды ұйымдастыру
Әдістемелік кабинеттегі, топтардағы жылжымалы  жинақ, далаға шығаратын стенд сияқты  ата-аналар үшін ақпараттық-анықтамалық бөлім дайындау.