Іс-т?жірибеден: Дене шыны?тыру саба?тарында?ы ?лтты? ойындарды? м?ні


Каирова Асель Бегайдаровна,
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МӘНІ
Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын, салт-санасын, тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.
Халық педогогикасының бір саласы – ұлттық ойындар.
Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп. Ғалым-зерттеушілер мынадай бес түрге бөліп, ұлттық ойын түрлерін әр топқа жіктейді. Олар:

Ал М.Гуннер жеті топқа бөлсе, ғалым Е.Сағындықов ұлттық ойындарды үш топқа бөліп көрсеткен. Ұлттық ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Бұл жөнінде Ахмет Жүнісов былай дейді: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан–балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен».
984250240665
Ал енді «Ұлттық энциклопедияда» қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрді бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».
526415212090
Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамағаны анық. Жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Ежелден-ақ халқымыз ұл-қызына уақыт талабына сай жан-жақты тәлім-тәрбие беруде, ең алдымен, ұлттық әдепке айналған мінез-құлық мәдениетін, өнегелі әдеттер мен дағдыларды, іс-әрекеттерді меңгертуде ұлттық ойындарға айрықша мән беріп, небір керемет халық әдебін бейнелейтін талаптар мен ережелерді жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білген.
5-7 сыныптардағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдерінің негізінде өрістетіледі. Олай болса, бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз. Сөзімді түйіндей айтсам, дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды қолдануға болады деп есептеймін, ол сабақтың маңызын арттырып, сапасын көтере түседі. Ұлттық ойындар дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды өзінше әрекет етуіне мүмкіндік береді, қабылдау мүшелерінің жұмысын арттырады және ойлай білу, мақсатқа жету, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді деген пікірдемін. Өзіне-өзі сенуге, белсенділікке тәрбиелейді, ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.
Қазақтың ұлттық ойындарын оқыту үдерісінде қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Балаларды демалдыру, сергіту мақсатында ұлттық ойын түрлерін қолдануға да болады. Ойнау, ойнату арқылы баланың ақыл-ойы кеңейеді, тілі дамиды, сөздік қорды байиды, зерек болады және денсаулығы нығаяды. Ойынды сабақта қолдану - оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын оқушының бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ әдіс десек те болады. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Алдымен ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөліп алу керек. Мысалы, орта сынып оқушыларына эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Көп қозғалыс пен күшті талап ететін де ұлттық ойын түрлері бар, соларды әр дене шынықтыру пәнінде қолдану балалардың шымыр да ширақ боп өсуіне әсер етеді. 
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық ойындары - баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану - тиімді əдіс.