Саба? жоспары: Тіл дамыту Балаба?шада?ы ойыншы?тар мерекесі (0-? сынып)


Тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі.
Сабақтың мақсаты:
1.Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету.
2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту.
3.Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Балалар өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.
- Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!
- Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!
- Менің балабақшам күлкіге, сәбиге толы болсын!
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Тақпақ айту.
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой дос ойнайық.
Қ.Мырза Али
III. Жаңа сабақ.

Бұл балалар ойыншықтар. Сендер ойыншықпен ойнағанды ұнатасындар ма? Сендерге қандай ойыншық ұнайды? Әліппе -дәптердің 14 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.
IV.Сергіту сәті:
Бала, бала баламыз, бақшамызға барамыз,
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз,
Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз
(Қимылмен көрсету)
V. Бекіту.Cұрақ- жауап арқылы.VI. Қорытындылау:
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір босынАман сау болайық.Бағалау.