«?ліппеге рахмет!» Ма?саты:О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін орта?а салу,бай?ату,оларды? ой ?рісін,тіл байлы?тарын,тап?ырлы?,ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту.


«Әліппеге рахмет!»
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,байқату,олардың ой өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Көрнекілігі:Әріптер,гүлдер,шарлар,әліппе,ана тілі макеті.Қазақ ақындарының суреттері.Интерактивті тақта.Барысы:
Мұғалім: Неге екенін білмеймін, неге екенін, Әйтеуір бір мәні бар мерекенің. Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой, Салтанаты жарасқан берекенің
Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі біздер барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз. Демек сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.Олай болса 1«а»класының әліппемен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер.
Мұғалім:-Балалар біздің ата-аналарымыз,ұстаздарымыз да келіп қалыпты.Бірақ мерекеміздің құрметті қонағы келмепті ғой.Ол кім?Олай болса бәріміз біргелікте ортамызға шақырайықшы.
Хор:Әліппе, әліппе, әліппе!
Мұғалім:-Төрлет құтты әліппе.Біздің балаларымыз сізді таза тұтып,құнтпен оқыды.Енді сол бар білгендерін ортаға салмақ.
Мұғалім:Балалар біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындап қарсы алайық.Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма? Кім екен?Хор: Ана тілі!Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,Әріп сырын түсіндім мақтанамын.Әріп сырын үйреткен әліппемде,Түстей болып міне бүгін артта қалды .
Мұғалім:-Балалар біздер әліппе,ана тілі жайлы тақпақтар жаттадық па?Олай болса оны әдемілеп құрметті қонақтарымызға айтып берейік.
Мұғалім:-Балалар қазақ әліпбиінде қанша әріп бар. Иә 40 әріп,2 таңба бар еді.Ендігі кезекте әріптер жайлы тақпақтарымызды айтып берейік.
Мұғалім: «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнап, ән салайық : Күн боп күліп балаға,Ой жіберген санағаМың бір сәлем жолдаймыз,Ардақты абзал анағаОсындағы барлық аналардың құрметіне «Ақ мамам» әні.
Мұғалім: Ретімен тізбеліӘрбір санды даралап,Қайсың барсың бізге ендіАйтып берер санамақ?
Әліппеден алған білімдерін тексереміз.
-Біздің еліміз қалай аталады?
-Біздің елбасымыз кім?
-Еліміздің рәміздері қайсылар?
Ыбырай Алтынсарин
-Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кісі.
Ахмет Байтұрсынов
-Алғашқы әліппенің атасы.
Абай Құнанбаев
-Ақын,ойшыл,сазгер,ойшыл,данышпан.
Мұқағали Мақатаев
-Артында мол мұра қалдырған,дарынды ақын.
(Интерактивті тақтадан қазақ ақындарының суреттері көрсетіледі.Олардың өлеңдерінен үзінділер айтып береді.Мәтіндер оқиды.)
Математикалық сұрақтар.
Мұғалім: Оқушылар Әліппеден көп қызық әңгімелер, тақпақтар үйрендіңдер, енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.Табақта бес алмаҚолымда екі алмаҚосқанда барлығы Болады неше алма?Жауап: 7 алма.
(Интерактивті тақтадан жұлдызшалы өрнектер көрсетіледі.Оқушылар өрнектердегі амал таңбаларын табады.)
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппе әні,1 «а» класс қыздарының биімен бірге.
Мұғалім: Балалар енді әліппемен қоштасатын кезімізде болып қалды.
Хор: Таныстырған әріппен
Қош бол құтты әліппем!
Балдай тәтті бал күндері жайлы «Бала тілегі» әнімен Жақсылықова Ф.Макашева Ж.
Мұғалім: Балаларымыздың әрбір талпынысы біздер үшін мереке.Олардың мерекелерін көріп,бір серпіліп,қуанып қаламыз.Балаларымыздың сондай қуанышты сәттерін бір тізбектеп өтсек.
Слайд көрсетіледі.
Өнерін салып сіздер үшін
Дайындаған Фариза бидің бірін.
Кезі келді оны да тамашалар
«Оппа каннамсай» биін көрің.
Мұғалім:Ана тілі біздің балаларымызға айтарың бар ма?
Олай болса сонғы әнді Ана тілімен бірге орындайық.
Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар Сөз берейік ұстаздар мен аналарға
-деп мерекеміз аяғында мектебіміздің оқу істері меңгерушісі
Есжанова Ж.М.сөз береміз.
Мұғалім: Сонымен бүгінгі «Әліппеге рахмет!» деп аталатын әліппемен қоштасу кешін аяқтаймыз.Баршаңызға уақыт бөліп келгендерің үшін рахмет айтамыз.