Коучинг жоспары Та?ырыбы: Педагогтарды? к?сіби шеберлігі мен ??зіреттілігін ?алыптастыру — ?дістемелік ж?мысты ?йымдастыруды? басты шарты


1.Коучинг-семинар жоспары
Тақырыбы: Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру - әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты
Мақсаты:Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау
Әдіс-тәсілдер: диологтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау (тұжырымдамалық постерлер жасау)
Күтілетін нәтиже:
-Мұғалімдер оқыту мен оқудағы өз құзіреттіліктерінің өзектілігін тәжирибелік маңыздылығын түсінеді;
-Оқушының жеке тұлғалық дамуына , яғни оның өзін-өзі тануға және өзіндік өсу бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығын, шеберлгінің рөлі маңызды екендігі туралы түсініктері қалыптасад;
Түйінді идея:Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі-оқыту үдерісі сапасының негізгі ресурсы екендігі туралы тұжырым жасайды.
І санатты,1 деңгейлі Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш сынып
мұғалімдері : Б.И. Куспанова , Г.А.Буентаева.
Сессия барысы
Коучтың әрекеті Мұғалімнің әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі Коучинг-семинар ұстаздармен амандасудан басталады.
Ұстаздарды тренинге шақыру
Тренинг «Пингвиндер»
Шарты
Қатысушылар бөлме ішінде қозғалып жүріп, музыка ырғағына сәйкес билейді.
Еденде мұздың сұлбалары жатады. Коуч «Акула» деп айтқанда қатысушылар мұздың үстіне тұрып қалулары тиіс.Мұғалімдерге арнайы дайындалған сұрактар қойылады.
-Акуладан қорғану үшін сіздер қандай әрекет жасадыңыздар?
-Судың бетіндегі сеңнің үстінде тұрсыздар, құлап кетпеу үшін не істеуге тура келеді?
-Тепе-теңдікті сақтау үшін қандай әдісті пайдаландыңыздар?
Топқа бөлу
Акуладан қорғану үшін топтасып, бірге әрекеттесе алдыңыздар. Соған ризашылығымызды мына тәттілер арқылы білдіреміз.
-Таңдаған тәттілеріңізге байланысты топтарға бөлініп отыралық
Тренингке қатыса отырып, ұйымшылдық танытады.

Тепе-теңдікті сақтау керек
Әркім қалаған тәттілерін алады.
Топтарға бөлініп отырады.
Кіріспе
Ой қозғау
Негізгі бөлім
Рефлексия Бағдарламаның түйінді идеяларының жеті бағыты жөнінде қысқаша таныстырылым (Презинтация-слайд)

-Білім берудегі жаңа әдіс –тәсілдер;
-Талантты және дарынды балаларды оқыту;
-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту;
-Білім берудегі басқару және көшбасшылық;
-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
-Сыни тұрғыдан ойлау;
-АКТ- ны қолдану;
Сұрақ:слайдтан нені түсіндіңіздер?
Оқыту мен оқудағы өз құзіреттіліктеріңіздің өзектілігін,тәжірибелік маңыздылығын түсінеді.
Бейнефильмді тамашалау арқылы тақырыпты анықтату «Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты»
-Фильмде нені байқадыңыз?
Постер қорғау берілетін сұрақтар.
-Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз, ол қандай адам?Мұғалімге баға беріңіз.
-Қазіргі мұғалім қандай болу керек?
-Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
-Табысты оқыту дегенді қалай түсінесіз, оқыту табысты болу үшін мұғалім қандай болу керек?
-Педагогтің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігінің тиімділігі неде ?
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» әр постер қорғаудың соңында беріледі.
Сергіту сәті
«Қаңқа» биі
«Желпуіш» ойыны
Мұғалімдерге түрлі-түсті қағаздар таратып береді.Сол қағаздардан желпеуіштер жасату.

Ыбырай Алтынсаринның «Алтын шеттеуік» атты мәтіні оқылады.
«Сыни ойлау арқылы ойлауға жетелу»
-Мәтін мазмұнына сай сұрақтар жазыңыздар
-Сұрақтарға жауап жазыңыздар
- Қайталанған сұрақтарды алып тастап, ашық сұрақтарға көңіл бөліңіздер.
Презентация
«Педагогтың кәсіби шеберлігі, құзіреттілігі»
Қорытынды
Егерде мұғалім ізденуді тоқтатса, ұстаздық тоқталады. Қазіргі таңда әр ұстаз іздену барысында, ал ізденуден шеберлік шыңдала түседі. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!
Блоб ағашы арқылы бағалау
-Алдарыңызда берілген «Блоб» ағашына өздеріңіздің ұстаздық жолындағы деңгейіңізді анықтап бояй қойыңыз.
Кері байланыс парақтарын тарату.
Кері байланыс парақтарын толтырту.Бүгінгі коучинг-сессиясынан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?
Неге қол жеткіздіңіз?(тапсырмалар орындау барысында қандай қиындықтар кездесті,қандай сезімде болдыңыз?)



Слайд бойынша мұғалімдер өз ойларымен бөліседі.
Фильмнен байқаған әсерлерін айтады.

Топтық жұмыс арқылы берілген тапсырмаларды орындайды, бір-біріне ой салады, бөліседі, өздері түйген ойларын постерге салып, қорғайды.

Постерлерді қорғау барысында бір-бірлерінің тақырыптарын толықтырады.
Топтар бірін-бірі бағалайды, қойған бағаларына анықтама береді.
Музыка әуенімен «Қаңқа» билеп,дене қимылын жасайды.

Мұғалімдер қағаздардан желпеуіштер жасайды.
Мәтін мазмұнына сай сұрақтар жазу.

Желпуіштерін топтар ауыстырып алады да, жауаптар жазады.
Қайталынып келген сұрақтарды сызып алып тастайды.

Блоб ағашындағы суретті бояп шығады да неге сол суретті таңдағанын түсіндіреді.
Семинар мазмұны мен барысы туралы ойларын мен ұсыныстарын кері байланыс парақтарға жазып қалдырады.