Білім берудегі ж?не о?ытуда?ы ?аза?стан тарихы п?ніне жа?ашыл к?з?арастар мен ?дістерді енгізуде инновациялы? технологияларды пайдалану


«Абай атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тарих пәні мұғалімі: Алханова Гаухаргуль Базарханқызы

Білім берудегі және оқытудағы Қазақстан тарихы пәніне
жаңашыл көзқарастар мен
әдістерді енгізуде инновациялық технологияларды пайдалану

Біздің халқымыздың тарихына бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік эстетикалық күш -жігер, ұшан теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой қабілетінің күш- қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері - бұл Атамекенге деген сүйіспеншілік, азаматтық парызы, әлеуметтік оптимизм, басқа адамның өміріне деген түсіністікпен қарап, оған қол ұшын беру.Осыдан тарихи сана арқылы жан-жақты дамыған тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруда тарих пәнінің орны ерекше.Тарих ойға бағындырылған.Ал, тарихтан білім берудің мақсаты - оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы,тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.Оқиғалардың тарихи оқиға желісін түсінуге,тарихтың мәдени иделогиялық идеясын, тарихтың бұралан жолын сезініуіне негіз жасау.
Ю.А.Конаржевский: «Кім жақсы білсе, сол ғана жақсы оқыта алады».
Бүгінде сабақ берудің түрі мен әдісі өте көп, тек пән мұғалімі өзінің сабағына қажеттісін және өте пайдалысын ғана таңдап алуға тиіс. Әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды енгізуде
педагогтар іс -тәжірибесімен қаруланумен қатар, әр сабақты технологияландыру негізінде инновациялық тұрғыда құрулары қажет. "Инновация" деген сөздіңі қазақша аудармасы "жаңару,жаңалық өзгеру" деген мағынаны білдіреді. Инновация- жаңалықты іздеу, тарату енгізу және іс жүзінде қолдану үрдісі."Технология" шеберлік туралы ғылым" деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Ал педагогикалық технология дегеніміз- белгілі бір педагогикалық жүйе жобасының іс- тәжірибе жүзінде жүзеге асуы. Әр педагог сабақты технологияландыру немесе технологияны оқыту үдерісінде қолдану- оқытудың әртүрлі әдістерін сабақ беру барысында тиімді пайдалану.Әдіс-тәсілдер сабақта берілген материалдың көлемі мен мазмұнына, қажеттіллігі мен сапасына байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Белгілі бір әдіс- тәсілдерді өзгеріссіз қолданудан оқушы жүрегінен орын алу мүмкін емес. Сондықтан технология әр сабақта жаңаланып, толықтырылып отырғаны жөн. Технологияны жүзеге асруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі,өз қызметіне деген сезімі, алдағы шәкіртерін тек сабақ алушылар емес "жеке тұлға" ретінде қабылдауы бірінші орында болуы керек.
Тиімді педагогикалық технологияларды енгізуде оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс- әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негіз;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі
-оқытудың нақты және жалпы мақсаты
-оқу материалдарының мазмұны
б) үрдістік бөлім - технологиялық үрдліс
- оқу үрдісін ұйымдастыру
-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары
-мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс- әрекеті.
Қолданылып жүрген оқытудың ұлттық жаңа технологиялары
- ынтымақтастық
- білім беруді ізгілендіру
- проблемалы оқыту
- тірек сигналдары арқылы оқыту
- түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту
- деңгеймен саралап оқыту
- модульдік
Тиімді педагогикалық технологияларды енгізудегі мақсат пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, щығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заман талабына сай электрондық оқулық интернет web сайд қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызды болмақ.
Деңгейлеп оқыту қазіргі кездегі тиімді технологияларддың бірі.Деңгейлеп оқытудды оқушылардың ойлау дағдысы бойынша 4 деңгейге бөлеміз.
1. Міндетті деңгей Оқушылардың ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс меңгермеген. Бұл оқушылар тарихи деректерді даталарды жаттап алады.
2. Алгоритмдік деңгей. Ойлау дағдысы қалыатасқан. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтйп бере алады.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапмырмаларды орындауда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
4. Шығармашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. Берілген тапсырмаға өз бетімен мәнжазба, баяндама зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады. Оқушының ойлау қаббілетін дамыту үшін қазіргі оқытудың түрлері: түсіндірмелі -иллюстративті, репродуктивті, прблемалы жеке ізденіс, зерттеушілік қолданылады. Осылар арқылы тарих пәніне деген оқушылардыңң қызығушылығын ояту танымдық-логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту тек сабақ үстінде ғагна емес, сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарының, үиірме жұмысы барысында, тарихи кеш, пікірталас т.б. жұмыстар кезінде дамытуға болады.
Пәнді игерудегі оқушылардың жүйелі білім алуындағы ғылыми көзқарастарды қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға болады. Оқытудың барлық әдіс- тәсілдері дидактикалық үрдіс жағдайында жүзеге асырылады. Дидактикалық үрдіс, оқушының таным белсенділігімен мен мұғалім басшылығынан тұратыны белгілі Осыған орай таным белсенділігін арттыруда зейін әдісіне арттыруға ден қоюға болады. Зерттеу әдісі өздік зерттеу жұмыстарынан, тәжірибелік жұмыстардан, байқау бағдарлау негізіндегі топтың серуендік және шығармашылық тапсырмаларынан тұрады. Оқушыларға базалық материалдармен қатар үнемі қосымша материалдар беріледі. Осыған орай рефераттық жұмыстар жасалыа, олар қорғалып, шығармашылық көрме ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылып отырады. Бұл жерде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артыады. Оқуышы ең бастысы еңбектенуге үйренедІ осы әдісті топпен жүргізуге болады. Оқушылар ұжыммен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, жолдастық өзара көмекке, артта қалмауға тырысады.
Негізгі әдіс-тәсілдерді таңдаған кезде көңіл бөлетін жағдайларым:
Материалдың мазмуны.
Қолдағы бар құрал-жабдықтар.
Тарихи білімнің жүйелілігі.
Яғна сабақта қажетіне қарай қолдану керектігін ұстанамын.
Оқыту әдісі үйлесімді болуы үшін:
а/ сабақтағы алға қойған мақсат пен міндеттерді шешуге оқыту әдістерінің барынша бағытталуына көңіл бөлемін.
ә/ сабақтың мазмунына әдістердің сәйкес келуін назарда ұстаймын.
б/ таңдалынған әдістің материалдарына мүмкіндігінше сәйкес келуін қадағалаймын.
в/ сабақ барысында әдіс-тәсілдерді шебер пайдалана білуге тырысамын.
Осы үйлесімділік толық жүзеге асу үшін күнделікті сабақта өз кезегінде тақырыпқа байланыстырып, аймақтық компонентті қолданамын:
Сөздік
Көрнекілік
Зерттеу әдісі
Өз бетімен жұмыс
Бақылау, диктант
Өзін -өзі бақылау
Сұрақ-жауап ж.б. түйімді әдіс-тәсілдер.
Бақылау, диктант, картамен жұмыс, қатемен жұмыс, жоспар жасау, мәтіннің ішіндегі ең негізгісін табу, әр түрлі сызба нұсқалар түсіру, ия-жоқ, қалып қойған ойды толықтыру, жұмбақ тапсырмаларды беріп отыру арқылы баланың білімін жетілдіруді әрі серітіп отыруды көздеймін.
Оқушылардың сын турғысынан ойлауын дамыта отырып, оқушыны терең зерттеу үшін төмендегі кестені қолданып, тоқсанына 1 рет толтыртамын.
Нені жақсы меңгердім Неден қиналамын Қай тақырып ең қызық өзімді қалай бағалаймын Алдымдағы жоспарбілімөзімді үйымдас
тыруБілімімдіжетілдіруөзімді- өзім
тәрбиелеу
Осылайша оқушы өз жұмысына талдау жасай отырып, ары қарай істелінетін жұмыстың бағытын айқындайды. Бұл әдістер балаларды:
Өз бетінше білім алуға.
Тарихи – білім –білік дағдыларын дамытуға.
Шығармашал тұлға қалыптастыруға.
Өзіне және басқаларға сын көзбек қарауға үйретеді.
Тәжрибелі әдіскер, әрі ғалым Қ.Тасболатов былай деген:
«Оқушылардың танымдық – шығармашылық ойын дамыту ісіндегі тәсілдердің бірі – материалда проблемалықпен оқыту».
Тарихи-танымдық білімді одан әрі дамытуда түрлі шығармашылық жұмыстарды аймақтық компонент материалдарын іздестіруді проблемалық мәселе етіп қоямын да, табылған компоненттерді сабақта талдатамын.
а/ оқиғаны суреттеу.
ә/салыстыру
б/сипаттау.
в/шағын пікірталас жасау.
г/толықтыру немесе т.б. зерттеу бағындағы тапсырмаларды орындатамын.
Тарих сабағында тірек схемаларды пайдаланудың мәні зор. Оқушыларға мынадай тапсырмалар берілді. /аймақтық компонент/
1. Картамен жұмыс жүргізу /топпен жұмыс/. /өз облыс, аудан материалдары/
2.Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру.
3.Тірек схема арқылы материалды анықтау /аймақтық компонент/.
4.Хронологиялық тапсырма 5.Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау, бекіту.
Пікірсайыс, проблемалық сұрақтарға жауап беру.
Оқыту мазмұны, түрі, әдісі, мұғалімнің жұмыс істеу стилі қоғамды демократияландыру, ізгілендіру мақсаттарына сай қарайырылуда:
Баламен мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Аймақтық компонент іздестіріп қолдануда ізгілік ұстанымдары көрініс таппақ:
Баланың ықыласын оятып, қолынан іс келетініне сендіру.
Баланың жеңілісін емес, жеңісін іздеу.
Баға құнды емес, бала құнды.
Білім алуға деген құйшынысын арттыру.
Балаға мейірім толы жүрекпен қарау.
Жергілікті өлкетану материалдарынада үнемі қолданып отырамын және мынаны басшылыққа аламын.
Ізденіс жұмысының айқын мақсатын белгілеу.
Топ серуен, барлау, қазба жұмыстарын жүргізу.
Ақпарат құралдары арқылы көпшілікті хабардар ету. /оқушылар, ата-аналар арасында/
Балалардың туған елі мен жері туралы тарихи білімін жетілдіру үшін сабақтың ретіне қарай төмендегі өлкетану материалдарын пайдаланамын. /Аймақтық компонент бойынша/.
Облыс, аудан, ауыл тарихы /қалыптасуы, өсу тарихы/
Тарихи тұлғадлардың іздері. /Тарих: Таным мен тағлым айдары/
Облыс, аудан, ауыл шаруашылығы. /бейне, таспа, сурет, негізгі объектілер/.
Ауылдан шыққан еңбек ардагерлері /фото альбом, өмірдерек, сызбалар/
Оқыту тәсілдерінің оқышыларды ойландыратындай болуына ерекше мән беремін. Оқыту тәсілінің ұтымды болуына әсер ететін фактілерге сүйенемін.
а/оқытылатын материалға /фактілер, жинақтаушы қорытындылар т.б./
ә/ оқытудың мақсатына
б/оқушылардың дайындылығына, ой-өрісінің дамуына, ықыласына, іскерлігіне және т.б. байланысты.
Оқушының жауапкершілікті түсініп, өздігімен ізденіп, талдап, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жетуі үшін үнемі даму үстінде болуы қадағалай отырып, дамыта оқыту идеасын басшылыққа аламын.
Шығармашалақты ұйымдастыруға мақсатым:
а/ оқушыларды еркін, шешен сөйлеуге.
ә/ шығармашылық қабілеттерін дамытуға.
б/ауқымды ойлауға.
в/ өз позицияларын /ұстанымдарын/ дәлеледеп шығуға тәрбиелеу.
Оқу жылына 1 немесе 2 рет шығармашылықпен айналысып жүрген оқушылардың жұмыстарынан арнайы көрме жасап, баланың еңбегін бағалау арқылы пәнге қызығушылығын арттыруға қол жеткіздім.
Осындай шығармашалақ жұмыстар арқылы оқушыларда қалыптасатын біліктер.
1)Деректерді жан-жақты оқу арқылы және теориялық білімді /тарихи, қоғамтану/ қолдану негізінде өткен және қазіргі фактілерді белгілі жүйеде талдау, салыстыру, қорыту.
2) қоғамдық құбылыстардың дамытуын және нақты тарихи жағдайын қарастыру және сипаттау.
3) Тарихи дамудың жекелеген заңдылықтарын түсіндіру, оқыған курс мысалдарымен оларды нақтылау.
4) Тарихи оқиғалар мен құбылыстарға, тарихи тұлғалар қызметіне баға беру.
5) Тарих білімін қазіргі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық экологиялық ғана басқа да түрлі проблемаларын талдауға қолдана білу.
6) Тарихи оқиғаларға қатысты әр түрлі қөзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдеу.
7) Конспектілер, тезистер жазу, рефераттар дайындау және баяндамалар әзірлеу, тарихи пікір – сайыстарға қатысу.
8) Әр түрлі білімдік деректер: оқу әдебиеттері, тарихи құжаттар, естеліктер, статистикалық мәліметтер, мерзімдік басылымдармен жұмыс істеу.
Тарих сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, оқушылардың іздену мен зерттеу дағдыларын дамыту - өздік жұмыстар арқылы, таным қызығушылығын арттырады.
Мақсатым: оқушыларды өз бетімен білім алуға, өздік жұмыс тапсырмаларын орындай алуға дағдыландыру.
Өздік жұмыстың мақсаты: материалда бекіту, тереңдету, дамытумен бірге мұғалімнің көмегінсіз оқушының оқып үйренуі болып табылады.
Өздік жұмыс кітап пен тарихи құжат, естеліктер, баспасөз матриалдары, конспект, реферат жазып, оқиға келерімен кездесіп, сұхбаттаса білуден басталады.
Оқу процесінің бір түрі болып табылатын өздік жұмысты тиімді ұйымдастыру мен оны орындау үшін жоспарлаймын және орындалуын бақылаймын.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих –адамзаттың, одан қала берді әр халықтың өткенінің тәжрибесін жинақтап, жақсысынан үлгі, жаманынан сабақ алатын ұлы мектеп – деуіде тарих тағлымына қажеттілікке мән бергендіктен болса керек.
Қазақтан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің гуманитарлық пәндер стандартының түп нұсқасын басшылыққа ала отырып, гуманитарлық білім беруге заманауи: әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды енгізудегі бастапқы мақсатым арқылы өзімнің негізгі міндеттерімді шешуде мынадай педагогикалық ұстанымдарға сүйенемін.
Негізгі тұжырымдама:
-оқушыны жеке шығармашалақ тұлға ретінде дамыту.
-әр оқушының интеллектісін дамытудың негізгі іргетасын қалыптастыру.
-оқушының өздік жұмыс арқылы өзіндік іс-әрекет жасай білуінің нақтылы міндеттерін анықтауды мақсат ету.
Негізгі міндетім:
-оқушының таным мүмкіндігін, оқыту мақсатын – оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлау.
Оқушы тұлғасының шығармашылық дамыының мүмкіндігін жетілдіру бағытында оқушылардың - өздері іздестіріп тапқан аймақтық материалдарын жариялау, жарнамалау бағытында мына төмендегідей тапсырмаларды орындауға беремін.
Хронологиялық тапсырмалар /Аймақтық компонент бойынша/
-қосымша материалда баяндалған оқиға __________________неше жылбұрын болғандығын есептеңіз.
-Бұл оқиға қайғасырды болды?
-Қосымша материалда баяндалған тариха оқиға нешінші мыңжылдықтарда болған.
Тарихи карта /Аймақтық компонент материалдардынан/
-Контур картаға мына географиялық объектілерді түсіріңіз.
-Тарихи картаның көмегімен қосымша материалда баяндалған оқиғалардың дамуын бағдарлаңыз.
Өтілетін тақырыптың қарапайым немесе ақпаратты жоспарын жасаңыз. /Болжау немесе алдын ала берілген тапсырмалар бойынша/.
Мәтінмен жұмыс. /Түртіп алу стратегиясы жүйесін қолданықыз/.
Тарихи мәтіндермен жұмыс. /Аймақтық компонент турғысынан/
суретті жоспар.
Қосымша материалдар мазмунына салынған, жариеланған, баспада басылған суреттер.
Ұлы тұлғалар, тарихи қайратерлердің сөздік портреті.
Тарихи оқиғаның атынан баяндау. /көрген, білген оқиғаға қажетті адамдармен сұхбаттасу нәтижесінде/. Бейнетаспалар, қолжазбалар, деректер, суреттер т.б.
Аймақтық компонент материалдарының басты идеясын бейнелеу /»Елес жетелеу» стратегиясын қолдану/.
Жадынамалармен жұмыс. /оқушыларға үлестіріледі/.
Кішігірім лекцияны қалай жазуға болады?
Конспектіні қалай жазуға болады? Жоспарлау түрлері.
Тезис дайындаудың үлгісі, реферат қорғау үлгісі.
Қосымша материалдар бойынша картотекалық жұмыс үлгісі /деректер, құжаттар, өмірнамалар, қорлар, баспа беттері т.б./
Аймақтық компонент материалдарын іріктеу жолдары.
Аймақтық компонент материалдарын сабақта қолдану үлгісі.
Аймақтық компонент материалдарын іздестірудегі мұрағатпен жұмыс.
Сабақ үрдісіндегі оқыту технологиясының тиімділерінің бірі –пікір сайысы.
Пікір сайыс технологиясын мектепте 5-ші сынып оқушыларынан бастап үйретемін, ол үшін жоғары сыныптармен өткізген пікір сайыстырға шақырып, оларды көрермен ретінде қосып, тіпті кейде саратаушы рол атқарашы ретінде тапсырмалар да беріп, қызықтырамын.
Төменгі сынып оқушыларын тек сабақ үстінде ғана емес, сынып арасында мектепшілік ойындарға дайындап /сахналық қойылым, интеллектуальды ойындар/, өз таңдаған тақырыптарында кездесулер өткіземін. Бұл технологияның тәрбиелік мәні өте үлкен, оқушылоар бір-бірімен араласып, ұжымдық, достық қабулеттерін дамыта алады. Сабақтан тыс кезде кітапханаға бірге барып, интернеттен материалдар іздеп, басқалармен кездесіп, ой бөлісіп, ортақ мақсат үшін достасады, шешендік өнерді жетілдіреді.
Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрлі болады, пікір сайыс біздің халықтық педагогикаға жақын. Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағаланған.
"Өздерімен туыстас түрік тектес елдермен салыстырғанда, деп жазды орыстың түрколог ғалымы В.В.Радлов, - қызғыздарда, қазақтар да сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі".
Пікр сайыс – философиялық, психологиялық, саяси лингвистикалық ғылым.
Пікір сайыс интеллектуалдық турғында нені талап етеді?
-Жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктер
-Қызығушылық ынта.
-Білім қоры.
-Оқушы өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарайды.
-Ойлануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дәлелдеуге үйренеді.
-Ашық, әсерлі, нақты сөйлейді.
-Логикалы, жүйелі ойлауға, ой қорытындысын жасай білуге машықтанады.
-Достық, ұстамдық, белсенділік, бастамашылдық, пікір сыйлау, құрметпен қараушылық дағдыларын дамытады.
Нәтижесінде саяси сауатты, еркін көзқарасы бар, демократиялы қарым-қатынасқа бағытталған, қалыптасқан қоғамдағы тұлға өсіп жетіледі.
Қорытынды:Барлық әдіс- тәсілдердің ортақ түйіні бар: олоқушыға деген сыйлы көзқарас, оқу мүмкіншілігіне үлкен сенім арта отырып, барлық оқушыны оқытуға деген мұғалімнің зор талтынысы. Біздің ғасыр -білім, ғылымжәне сапа ғасыры.Оқушылардың шығармашылық қабілетін соған сәйкес дамытудағы білім берудің технологисы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді."Білім беру- қоғаммүшелерінің адамгершілігін, инттелектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі" делінген Қазақстан Республикасының Конституциясында және Білім беру Заңында.Үздіксіз іздену- мұғалімнің бүгінде басты талаптар мен міндеттердің бірі -әдістеме саласындағы жаңалықтармен озық тәжірибеніжетік игеру.
Тарих пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістемелер мен тиімді педагогиклық технологияларды енгізу тиімді. Әдістемелер мен тиімді педагогиклық технологияларды енгізуде шебер мұғалім өз құндылығымен көрінеді.
Әдебиеттер
1. Н.Назарбаев. Қазқстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан
2. Қ Р Білім беру тураллы Заңы. А -2007ж .3.Қазақ ттарихы 2009 жыл. №24. 4. Ш.Таубаева.Оқытудың қазіргі технологиялары-Алматы,1999.