Біз осындай баламыз ?зін-?зітану саба?ы 2-сынып


Өзін-өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз. 1сабақ
Құндылық: денсаулық,сенімді дос.
Қасиеттер: Батылдық,нәзіктік.
Мұғалім: Чаргинова А.Б. күні 02-04.09.15ж 2 сынып «А»«Ә»«Б»
Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
-2сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнін мазмұнымен таныстыру.
-Өзін-және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру.
-Ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар құралдар мәліметтер
Үнтаспа ,сюжетті суреттер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар денелеріңді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп , ыңғайланып отырыңдар.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Шығарма жазу жазғы демалыс күнді қалай өткіздік деген тақырыпқа. Сабақ барысын талдау
Жағымды күйге келтіру
Әңгімелесу:
Оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып ,оларды танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу қолданылады.
-өзін-өзі тану сабағында не үйрендіңдер?
-Өзіңе өзгеге табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер. Пікір алмасу
Жаңа ақпарат Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін басқа адамдарды жіне қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік ,отбасы,жақсылық ,достық, бақыт білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады. Бүкіл сабақ бойы басшылыққа алу.
Мәтінмен жұмыс
Өзін-өзі тану пәні туралы білімдерін дамыту мақсатында өлеңді оқып береді Мен қандаймын ?Жақсы болу өзіңнен деген өлең жолдарын талқыға саламыз.
Тапсырма тапсырма бойынша оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді. Әдептілік , білім қайырымдылық, достық, табиғат,Отан ,денсаулық махаббат, бірлік сынды құндылықтар.
Дәптермен жұмысТапсырма Кіші шеңбердің ішіндегі әріптерден мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рахмет, кешіріңіз деген сөздерді . Сөздерді құрап төркоздерге жазамыз.

Үй тапсырмасы:Біз бақытты балдырған өлеңді жаттау Қорытынды: Шеңберге тұрып ән айтамыз.