Дарынды ж?не талантты о?ушылармен ж?мыс жасау кезінде жиалогтік о?ыту ?дістерін ке?інен ?олдану бойынша ??рыл?ан коучинг жоспары.


Коучинг жұмысының жоспары
Коучинг тақырыбы: Дарынды және талантты оқушыларды таңдау. ДЖТО жұмыс барысында диалогтік оқыту әдісін қолдану
Мақсаты: Ұжымдағы ұстаздар арасында Кембридждік оқыту тәсілін кеңінен тарату, сабақтарында қолдануға үйрету. үйрету

Коучинг барысы
Коучинг бөлімдері Коучинг кезеңдері Коучтің әрекеттері Мұғалімдердің әрекеттері Қолданылатын технология
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу
Жанға жайлы атмосфера орнату Сәлемдесу.
Карточка таратылып беріледі.Музыка қойылады.
Топқа бөлу
«Көкеністер мен жемістер салаты» стратегиясы
Топ басшысын сайлау
Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып, «Жаңбыр шақыру» ойынын ойнайды.
Коучтің соңынан сөздер мен сөйлемдерді, сондай-ақ, қимылдарды қайталайды.
- Нөсер, нөсер, төк, төк,
Болсын егін көп, көп!
- Жаңбыр, жаңбыр, себеле,
Енсін үйге береке!
Ұстаздардың қолдарына көкеністер мен жемістердің аттары жазылған қағаздар таратылады. Көкеністер аты жазылған қағаз түскен ұстаздар бір топқа, жемістердің аттары жазылған қағаздар қолдарына түскен ұстаздар екінші топқа бөлінеді.
Топ мүшелері өздерінің қалауларымен топ басшыларын сайлайды. АКТ
Ұлттық музыка, ұлттық ойын
Негізгі бөлім Жаңа тақырыпқа шығу Коуч ортаға топ басшыларын шақырады.
Бірінің кеудесіне «Фариза» екіншісінің кеудесіне «Мұқағали» деп жазылған қағазды тағады.Бейнебаян қояды.
«Дарынды балалар» бейнебаянын қояды. Ұстаздар бейнебаянда берілген екі ақынның өлеңдерін кезек-кезек оқиды.
Өлеңдер оқылып болған соң, коуч түрлі сұрақтар қойып, ұстаздарды жаңа тақырыпқа алып шығады.
-Бұл әдістерді сабақтың қандай кезеңдерінде пайдаланған тиімді? -деген сұрақ қояды.
Бейнебаян бойынша сұрақтар қойы, екінші тақырыпқа шығады. Диалогтік оқыту әдісі, АКТ, ролдік ойын.
Жаңа тақырып Лекция оқылады. Қстаздарға ДЖТО жіне диалогтік оқыту әдіс-тәсілдері бойынша ақпарат беріледі.Ұстаздар берілген ақпаратты тыңдайды. АКТ
Жаңа материалмен жұмыс. Ұстаздарға тыңдалым, оқылым, дағдылары бойынша бейнеролик қойылады.
«Жеті қазына» бейнебаяны қойылады. Бейнебаян бойынша проблемалық сұрақтар құрылады.
Солардың бірі таңдалынып алынып, сол сұраққа екі жақты пікір дайындалады.
Мысалы, бір топ «Аңшылық кәсіптің пайдасы», ал , екінші топ «Аңшылық кәсіптің зияны» тақырыптарына пікір алмасуы керек. Диалогтік оқыту әдісі
«Оң және теріс» стратегиясы ,АКТ.
Сергіту сәті «Мен-қазақпын» бейнебаяны қойылады. Ұстаздар билеп, ән салады. АКТ
Жекеше жұмыс Ұстаздардың қолына үш сызық сызылған парақтар беріледі. Ұстаздар берілген уақытта парақтардағы сызықтарды түрлі суреттерге айналдырып үлгерулері керек.
Суреттер салынып болған соң кімнің қанша сурет салғаны, не салғаны талданады.
Ұстаздарға креативтілік туралы ақпарат беріледі. ДЖТОЖ
лекция
Рефлексия Топпен жұмыс «Ақылдың алты шеңбері» Әрбір топқа екі түсті дөңгелекшелер беріледі. Дөңгелек түсіне сәйкес сөйлеу керек.
Ақ –жақсы жақтары
Қара-кемшіліктері
Сары-артықшылықтар
Жасыл-креативтілік
Көк-бақылаушы
Қызыл-сезім мен эмоция Қорытынды бөлім Жеке-дара жұмыс «Екі жұлдыз,бір тілек» Ұстаздар таратылып берілген стикерлерге өз ұсыныстары мен тілектерін жазады.