Планирование на тему Денсаулы? — зор байлы?


ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ
Денсаулық – зор  байлықМақсаты:Білімділігі:  денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының  басты  міндеттерінің  бірі – салауатты өмір салтын  қалыптастыру туралы  насихаттау, адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  өмір  сүру  үшін қажеттілігін,  бағалы байлық  екендігін  түсіндіру;Дамытушылығы: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Оқушылардың  өмірге, әсіресе адамзат  ұрпағына  деген аяушылық  сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен  бойларын  аулақ  ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық  талаптарға  сай  болуын  қалыптастыру, дамытуТәрбиелігі: жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру, күн ережесін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.  Болашақ  қоғамның  салауаттылығы  әр  адамға  байланысты  екенін, денсаулықты  сатып  алуға  болмайтынына  байланысты,  спортпен  айналысу,  таза  ауада  серуендеу, еңбек етудің пайдасы  туралы пікірлесу.Сабақтың  түрі:  өнеге сағатыСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,  венндиагрмма т.б.Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар
Сабақтың барысы:Гүл ұстаған балалар шеңберге отырады, бір-біріне жылы лебіздер айтып, денсаулық тілеп,гүл ұсынады. « Тілек шоғы» болады.Егер қараңғы үйге келіп, шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүл ішінде бір ақ гүл өсіп тұрса,көзіміз соған түседі.  Күн планетасы жер бетіне сәулесін шашып, жылытады, жарық қылады .   рас  па ?Дәл осы күн сияқты, ақ гүл, жарық шам сияқты мына сөйлем ішінде бір тамаша сәулесін шашып, маңайын нұрландырып тұрған сөз бар ма ?–       Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:
 
Астында шетелдік машина, бірақ қатты ауырады. Ол адам  бақытты ма ?Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам  бақытты ма ?3 үлкен әдемі үйі бар.  Бірақ ауырады – ол адам ше? Жоқ.Ал  сонда  дүниедегі  ең басты  бақыт не екен ?–       Денсаулық.–       Қандай мақал білеміз?–       Денсаулық – зор байлық.Бүгінгі тәрбиелік іс- шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек  денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық  деген сөз- дененің саулығы деген мағананы білдіреді.  Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше « Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір- біріне бірінші  денсаулық тілейтіні  себебі , міне , осында.  Дені сау адам,әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.тақпақтарСыныпты екі топқа бөлу. Әділ қазылардыШымыр тобы: « Шынықсаң, шымыр боласың»Денсаулық тобы: « Денсаулық – ел байлығы.»А. Тірек сызбаДенсаулыққа не пайдалы, не зиян?Жаман                                                 ЖақсыДенсаулықтың нашар жағын ашайықКөрініс: « Шылым шегудің пайдасы»Автор:  Саханаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады.Балалар:   Сен кімсің? Қайдан шықтың?Темекі   Мені танымайсыңдар ма?  Мен темекімін .  Мен күштімін.  Менің  пайдам  өте көп.  Мені тек мықты балалар ұстайды.  Кәне менімен кім дос болғысы келеді.Автор : Балалардың қолына бір- бір темекі ұстатады.Балалар:  – Дос болайық темекімен, Мықты бала боламыз,Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен.Автор:   Балалар темекіні айнала қоршап  қол алысады.Балалар :  Темекі шегіп үйренейікОсыны байқап отырған ақ сақалды қария:– Уа , балалар, маған құлақ салыңдар!  Темекі шегудің тек үш пайдасыбар.  Біріншіден , кімде- кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.Бала :    Неліктен?  Неге?Қария :   себебі, ол қартаюға үлгірмейді де.  Темекі  шеккен өмірден тым ерте кетеді.  Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді.Бала :  Неліктен?Қария  :   Себебі, кімде –кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы төсекте төңкеріліп аударылып жатады және күндіз – түні күркілдеп қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің  көкжөтелін естіп, үйге жақындай да алмайды.     Үшіншіден кімде- кім темек шексе, оны ешқашан ит қаппайды.Бала:    Қалайша оны ит қаппайды?Қария:   Себебі, шегетін кісі ерте жарым –жан болып қалады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді.  Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды.  Қарт қулана күледі.(балалар темекіге қол сілтеп кетіп қалады.)Балалар шығармасын оқу. Компютерден жаман қылықтарды көру2 көрініс  « Тіс ауруы, кәмпит жайында  көрініс»1 оқушы шығып   ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.Не болды, жасыма , айтшы өзің?Неліктен ісіген бас, көзіңӘлде сен біреумен күресіп, жеңіліпТұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?Бала:  неді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.Қыз :   Неге сенің тісің ауырады?
Бала :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!Қыз:   Олай болса , дәрігер шақырайын.Дәрігер:      конфет жесең көбірекТісің  жүрер мазалапНе жесең де  күнінеЕкі рет жүр  тазалап.Жүрген жақсы қаралыпБір жылда екі тексеріпТіс дәрігерге баралықДенсаулықтың жақсы жағын ашайық. Компютерден  көру табиғатЕкі топқа екі зат беруАйранның  денсаулыққа пайдасын айту.Мынау –  Алматыдан шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады.  Оның   денсаулыққа пайдасы  зор. Оның құрамындағы дәрумендері  өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы рйранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.2 топ  құрттың  пайдасыМынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.  Оның тіске пайдасы бар.  Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.ОЙЫН  «ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗДЕР»Мұғалім:   Біз қазір сендермен «жасырынған сөздер» айтып ойнайық. Оқушылар  яғни, аналарына  тұспалдап , қалдырып, жұмбақтап сөздер айтады. Ол сөздің қандай сөз екенін табыңыздар. Егер дұрыс тапсаңыздар сол сөздердің бірінші дыбыстарымен сөз құрауға болады. Ол қандай сөз екенін табыңыздар.                                                                                                                                          1) Іш ауырса, тіс ауырсаАнам……… береді.      (ДӘРІ)( дәрі жазылған шарды оқушыға беру)2) Басыңнан сипап, арқаңнан қағатын аяулы жан кім?       (ӘЖЕ)3) Талап еңбек терең ой,Қанағат……… ойлап қой.                              ( РАҚЫМ )4) Киіз үй шаңырағын біріктіріп көтеріп тұратын не?           (УЫҚ) сержан5) Тардай болып кіресің,Таудай болып шығасың.  Ол не?           (МЕКТЕП)нұр6) Мықты ағаш, одан парталар жасалады.    (ЕМЕН)гүл7) Дастарханға бірінші қойылатын ас.     (нан).динаМұғалім:  Осы тапқан сөздеріңнің бірінші дыбыстарнан қандай сөз шыққанын оқыйық.Бәрі хормен  «Дәрумен»
Қазіргі уақытта адам ағзасының қорғаныс қабілетін арттыруда дәрумендердің атқарар қызметі зор.
Тағамдар түрлі дәрумендеге бай. Дәрумен жетіспеушілігінен адам әлсіреп тез шаршайды, түрлі ауруларға шалдығады.Мұғалім: Ендігі сөзді дәрумендерге берейік.(шарлар ұстап тұрады)(экраннан жемістер шығады).А-дәрумені жетіспегенде көру қабілеті төмендеп, шашы түсіп, денесі құрғап кетеді.А- дәрумені тек мал өнімдерінде болады. Жұмыртқаның сары уызында сүт тағамдарында мол.
В-дәрумені  жетіспесе асқазан, ішек  жаралары пайла болады.Жүйке жүйесі зақымданып адам сал болып қалуы мүмкін.Бұл дәрумен бұршақ  өсімдіктерінде сүтте, бидай кебегінде көп.
С-дәрумені  өсіп-өнуге ми қабаттарынаң жетілуіне қажет.С-дәрумені жетіспегенде адамның жұмысқа қабілеі төмендейді.Ұйқысы  бұзылып тәбеті кемиді. Бұл дәрумен негізінен жеміс-жидекте болады.
Тіршілікке аса қажетті дәруменнің бірі Е дәрумені. Оның жетіспеуінен бұлшық ет солып адам семе бастайды.Е-дәрумені мал өнімдерінде, көкөністерде кеөдеседі.
Д-дәрумені өсіп-өнуге әсер етеді.Д-дәрумені балық майында болады.Халқымыздың сүйікті сусыны – қымыз.Қымыздың құрамында түрлі дәрумендер көп. Күніне жарты литр ішіп тұрғанның өзі өте пайдалы.Ал шұбат болса дәрумендерге екі есе бай.Мұғалім:  осы дәруменді қайдан алдық ?– Табиғаттан .Табиғаттың бізге берер  пайдасы көп екен. Содықтан табиғатты аялайық.Мұғалім: Балалар қыздардың қуыршақтары кірлеп кетті қане соған көмектесейік.Ол бір-бірне жұмбақ жасырып шешулерің керек болып тұр. Қане кім айтады?Ертемен күнде сен,Қолыңа сүйкесеңКетіп кір, ласыңТап-таза боласыңБұл не?                                                             САБЫН.Шомылған баланыАймалап аладыСүртеді қолыңдыСүртеді жаныңдыБұл не?                                                                   СҮЛГІҚалтамда жатыр, тісі бар,Тістемей-ақ ісі бар.Бұл не?                                                                      ТАРАҚ.              Дәмі де жоқ , түсі жоқПайдаланбас кісі жоқ                                                                           СУ
Жұмбақтардың шешуі болған сабын, сүлгі, тарақ қыздардың қуыршақтарына өте қажет екен. Ал сендердің араларыңда тазалықты сүймейтін, таза жүрмейтін бала бар ма?
-Жоқ.
Мақал –  мәтел айтайық
Мұғалім: Табиғатты қорғау, оған үнемі қамқорлық жасау- әрбір адамның міндеті.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Денсаулығың жақсы болу үшін уақытыңды, күш жігеріңді, еңбекті тіпті барлық дүниені аямау, жұмсау керек.
Денсаулығы мықты адам ыстыққа да, суыққа да төзе алады.
Денсаулық тың жақсы болуы дегеніміз – ұзақ өмір сүру.   Біздің  барлығымыздың да ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет – аңыз. Ұлықпан  Хәкім мың жасапты .   Ұлықпан  Хәкім ерекше дарынды, зерек болыпты.  Қандай кеселі болмасын емдеп жазады екен.  Күндердің күнінде сол Ұлықпан  Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады.  Шәкіттері жинп,емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
– Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар . Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар.  Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
-1.   Ерте тұру.
2. орта тазалығын ұстау.
3. дене шынықтыру
4. үнемі денені таза ұстау
5. үнемі сергек жүру6. артық тамақ ішпеу
7. көп ұйықтап жалқау болмау.  Міне , бұлардың барлығы денсаулықты  сақтаудың  негізгі кепілі, – депті.
Балалар , осы айтылған 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын  дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға  дайын , толыққанды ұрпақ  болып өсейік.   Ешқашан ауырмай,өз денсаулығымызды күтейік.
Осымен, біздің  тәрбие сағатымыз аяқталды. « Сау дене,азат ақыл, адал көңіл –  үшеуімен бақытты болады өмір, »- деген нақыл сөзбен аяқтайын.