«Жас технолог» атты шы?армашылы? ?ол?нер сайысы


«Жас технолог» атты шығармашылық қолөнер сайысы
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Жас технолог (қыздар тобы) Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.Білімділігі: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.Дамытушылығы: Оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.Тәрбиелілігі: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.Сайыс өтілу барысында ұйымдастыру бөлімі.Керекті құралдар: Нақыл сөздер, плакат, көрнекіліктер.Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі 5 «А», 5 «Ә», 6 «А», 6 «Ә» сыныптарының қыздар арасында өткелі отырған «Жас технолог» атты қыздар сайысына хош келдіңіздер!
« Өнер  дегеніміз- адамның  бойындағы  қабілеттің  ең биік  көрінісі» Лев  Толстой. Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз:1.-------------------------------2.-------------------------------
Ал , кімнің  өнері бар қаншалықты,Кілемге  біреулері  өрнек  сапты.Терме  ұстап, енді бірі  ши ораса,Оюдан  түйін  түйіп  тамсантыпты…-дей  отыра   сайысымызды  бастайық.
1. «Таныстыру» 2. «Кім жылдам» сұрақтарға жауап беру. «Сұрақ - жауап» «Қол өнер»3. «Шаш үлгісін көрсету» 4. «Мақал – мәтел жалғасын табу» 5 мақал – мәтел дайындау5. Киім үлгісін көрсету. а). Ұлттық киімдер үлгісі. б). Қиял-ғажайып киім үлгісі. Фантазия. в). Муляж әдісі бойынша киім үлгісін дайындау. 6. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» 5-минут уақыт беріледі 7. Үй тапсырмасы. а ).«Қол өнер бөлімі» Бұл бөлімде оқушылар өздерінің жасаған заттарымен таныстырып, жасалу жолдарын түсіндіреді.б). Аспаздық өнері. Қыздар дайын салаттардың жасалу жолдарын түсіндіру қажет. 1. Топтың  өзін  таныстыруы.а). Топтың  аты,  ұраны, әні.б). Топтың  эмблемасы, оның  мағынасы, қорғау. в). Плакат  шығару,  оның  безендірілу  шеберлігі. 2. «Кім жылдам» сұрақтарға жауап беру. «Сұрақ - жауап»3. «Шаш үлгісін көрсету» Әр топ мүшелері шаштарын өріп, сол шашты қалай өрім жасағаны жөнінде айтып береді, қыздарға 6-7 минут беріледі.
4. «Кен асылы-жердеСөз өнері-елде»  -демекші  өнер,  еңбек , шеберлік, іскерлік  жайлы  әр  топтың  мақал  сайысы  ( 5 мақал ) «Мақал – мәтел жалғасын табу» 5 мақал – мәтел дайындау.
5. Сымбатына  сән  киім  жарасатынАспандағы  айменен  таласатын.Өнеріне  сымбаты  сай кеп  тұрған,Қыздарыма қызығып  қарасасың.Ал , ендеше ,  сән көрсетілімін  бағалап  көрейік.(Қыз баланың өзіне жарасымды, өз жасына сай киімді киіп, оны көрермен алдында  әдемі жүрісімен көрсете алуы  бағаланады.)
Киім үлгісін көрсету. а). Ұлттық киімдер үлгісі. б). Қиял-ғажайып киім үлгісі. Фантазия. в). Муляж әдісі бойынша киім үлгісін дайындау.
6. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» Ою ойғанның ойы ұшқыр” деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша құрақ көрпешені – өрнекпен әшекейлеу қажет. Әр топ қағаз бетіне түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек ойып, түс үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруларыңыз қажет. 5-минут уақыт беріледі
7. Үй тапсырмасы. а ).«Қол өнер бөлімі» Бұл бөлімде оқушылар өздерінің жасаған заттарымен таныстырып, жасалу жолдарын түсіндіреді.б). Аспаздық өнері. Қыздар дайын салаттардың жасалу жолдарын түсіндіру қажет.Ал, бүгінгі сайысымыздың  қорытындысын  шығару  үшін  әділқазылар  ал-қасына  сөз берейік.
8. Қорытынды  сөз. Марапаттау, мадақтау.