?лемні? а?паратты? бейнесі. А?парат ?асиеті


№2 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
Күтілетін нәтиже:
Білімдік Жаңа білім Ақпарат анықтамасын біледі.
Ақпарат қасиеттерін атап шығады.
Жаңа түсінік Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді.
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді.
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін айырып таниды.
Құзырлылық Қолданым әрекеті Ақпараттың сыртқы қасиеттеріне жататын сөздерді сәйкес ұяшықтарға қою арқылы кестені әзірлейді.
Талдау әрекеті Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырады.
Шығармашылық әрекет Берілген кесте арқылы ақпаратты кодтап, сөздерді басқа тілге түрлендіреді.
Құнды-лық Бағамдау әрекеті Әлемнің ақпараттық бейнесін түйіндейді. Ақпарат қасиетін сипаттайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.
Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Ақпарат, визуальді, аудиальді, тактильді, машиналық, аналогтік ақпарат, дискретті процесс, эргономдық қасиет, ақпарат көлемі.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.
Ақпарат көздері:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу - әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе
2. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat-qasietteri-aqparat-tipteri-aqparatty-kodtau.html3. Видео. Ақпарат көзі:
http://www.youtube.com/watch?feature=player_detailpage&v=mMURkf0LG-EОқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы. Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау
• Бонус - балл тапсырмасы
Ақпараттың сыртқы қасиеттері бұзылған жағдайларға 5 мысал келтіріңіз. (Мысалы, маған менің сүйікті тобым бүгін концерт беретіні белгілі болды. Алайды, бұл ақпарат маған концертке билеттердің бәрі сатылып кеткеннен кейін жетті. Яғни, ақпараттың өзектілігі бұзылды.)
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
Ақпарат
Ақпарат түрлері
Ақпарат қасиеттері
Слайдтар:
1-слайд Ақпарат
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
2-слайд Шығу облысына қарай ақпарат
қарапайым – жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді.
Көпшілік
Жеке
3-слайд Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады.
аудиальды – дыбыс арқылы таратылады.
тактильді – сезім арқылы таратылады.
иіс арқылы таратылады
дәм арқылы таратылады.
машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
4-слайд Информатикадағы ақпарат
Ақпарат
Аналогтік - кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар)
Үзілісті - дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).
5- слайд Информатикадағы ақпарат (Мысал)

6- слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.
7- слайд Ақпараттың ішкі қасиеттері
Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.
Хабардағы ақпарат көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады. Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы: «он үш» 13 XIII
Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады.
Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?
8- слайд Ақпаратты кодтау тілдері
Табиғи тіл (ауызша не жазбаша)
Ым- ишара тілі
Жол белгілері тілі
География тілі
Математика тілі
Нота сауаты
Морзе әліпбиі, т. б.
9- слайд Ақпараттық технологиялар (видео)
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпарат анықтамасы Ақпарат түрлері Ақпараттың сыртқы қасиеттері
Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Шығу облысына қарай ақпарат
қарапайым
биологиялық
әлеуметтік:
Көпшілік
Жеке
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады
аудиальды – дыбыс арқылы таратылады.
тактильді – сезім арқылы таратылады.
иіс арқылы таратылады
дәм арқылы таратылады
машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. Объектілік және субъектілік қасиеті
Толықтық қасиеті
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті
Ақиқаттық қасиеті
Қатынау мүмкіндігі қасиеті
Адекваттық қасиеті
Эргономдық қасиеті.
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Ақпарат дегеніміз не?
Шығу облысына қарай ақпарат түрлері
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлері
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлері
Ақпараттың сыртқы қасиеттерін ата.
Ақпараттың ішкі қасиеттерін ата.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі сөздерді пайдаланып, кестені толықтырыңыз:
адекваттық қасиеті, толықтық қасиеті, қатынау мүмкіндігі қасиеті, эргономдық қасиеті, өзектілік (дәл уақыттылық) қасиеті, объектілік және субъектілік қасиеті, ақиқаттық қасиеті
Ақпарат қасиеті Анықтама
ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті
ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті
ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті
ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті
пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті
ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті
белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті
ІІІ деңгей тапсырмалары
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырып жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
0 1 2 3 4 5 6 7 8
A ә і ң ғ ү ұ қ ө Һ
B й ц у к е н г ш щ
C з х ф ы в а п р о
D л д ж э я ч с м и
E т ь б ю ъ ё Берілген кесте арқылы информатика, ақпарат, компьютер сөздерін кодтаңыз.
Мысал:
Мектеп сөзі: М- D7 Е- В4 К- В3 Т- Е0 Е-В4 П-С6
V. бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________