Мероприатие на тему Денсаулы?ы с?биді? – ?уанышы ?р ?йді?!!!


Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің!!!
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс –әректі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: « Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»!- атты эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа , достыққа және денелерін бұлшық еттерін шынықтыру, спортқа қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: доптар,обручь, қап, үлкен шар доп.
Армысыздар, ардақты қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Еркетай » ортаңғы тобының «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің!!!» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ел басымыз айтып өткендей «Қазақстан- 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің бүлдіршіндеріміздің дені сау,саналы,білімді,өрісі биік,денсаулығы мықты болып өсуі тиіс»- деп атап айтқан болатын. Тәлім тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ- ел болашағы болмақ.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулыққа терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші!
Құрметті қонақтар! Бүгінгі эстафеталық сайысымызды бастаймыз!
Олай болса ортаға сайысқа түсетін топтарды шақырамыз.
1-топ Жалын тобы топ басшысы «Еркетай » ортаңғы тобының бүлдіршіні Бакуов Азиз.
2-топ Қыран тобы топ басшысы «Еркетай » ортаңғы тобының бүлдіршіні Тулебаев Дәулет
-Сәлеметсіңдерме балалар!
-Cәлеметсізбе апай
-Бүгінгі сайысқа дайынсыңдар ма балалар? Ұшқан құстай ұшқырмыз
Желден озған жүйрікпіз
Жарысуға бәріміз
Келіп тұрған мықтымыз!
-Жарайсыңдар балалар!
Ғажайып сәт:
- Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа барыс келе жатыр.
-Балалар сәлеметсіңдерме?
-Сәлеметсіз бе барыс!
-Балалар, бугін сендерде эстафеталық сайыс өтетінін естіп көрейіндеп арнайлап келдім, өзіммен бірге сендерге ойын турлерін де әкелдім.
Бәріміз бірге ойнаймыз ба балалар?
-иә
-Жарайсыңдар балалар!
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер!
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
Олай болса бүгінгі эстафеталық сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сайысымыз бес балдық жүйемен есептеледі:
Олай болса балалар барыс әкелген сайысымыздың кезеңдерімен танысып өтейік:
1-кезең: Топтармен танысу: топтың аты, ұраны, эмблемамен таныстыру.
2-кезең: « Себетке допты жинап үлгер»
3-кезең: «Секіріп жет»
4-кезең: «Тунель ойыны»
5-кезең: «Қаппен секіру»
6-кезең: «Велосипетпен»жарыс
7-кезең: «марапаттау»
Ал, қане бір бірімізді қостаймыз
Бүгінгі сайысымызды бастаймыз!
1-кезең: Таныстыру;
Сайыс шартымен таныстырып өтейін;
Әр топ басшылары шығып өз топтарымен, ұранымен,эмблеммаларымен таныстырып отеді.
ші топ «Жалын» тобынын топ басшысына берейік.
Біздің топ: Жалын
Біздің ұран: Жас жалын алға
Биіктерге самға
Әрқашанда біргеміз
Ажырамас іргеміз.
Эмблемма:
Топ мушелері:
2-ші топ «Қыран» тобынын топ басшысына берейік Біздің топ: Қыран
Біздің ұран: Біз қыранбыз сұңқармыз
Биіктерге шырқармыз
Жеңіске біз жетеміз
Намысты қолдан бермейміз.
Эмблемма:
Топ мушелері
-Барыс айтшы біздің балдарымыз ұнап жатырма?
-Иә, балалар өздерін жақсы таныстырды:
Олай болса әділқазылардан бірінші кезеңнің ұпайларын біліп кетейік.
Топ «жалын » тобының ұпай сандары
Топ «қыран » тобының ұпай сандары
Өте жақсы балалар!
Олай болса балалар сайысымыздың 2-кезеңіне де келіп жеттік.
Балалар қараңдаршы сайыс өтетін алаңда доптар шашылып жатыр екен соны баріміз жинайықшы. Олай болса 2-ші кезеңді осы доптарды жинауға арнаймыз ба?
-ия!
2-кезең «обручьке допты жинап үлгер» деп аталады
Ойын шарты: ойыншылар шашылып жатқан доптарды межедегі обручьке жинайды. Қай топ бірінші болып жинап үлгерсе сол топ жеңімпаз болып саналады.
Ойын шарты түсінікті болса, балалар ойынға дайынбыз ба?
Иә
Олай болса 2-кезеңді бастаймыз:
Жарайсыңдар балалар сендер шапшаң, жүйрік екенсіңдер!
Енді 2-кезеңнің ұпай санын білейік
1- Топ «жалын » тобының ұпай сандары
2-Топ «қыран » тобының ұпай сандары
-Балалар барыстың сендерге жұмбақ жасырып, сендердің тапқырлықтарыңды байқап көргісі келед екен. Жұмбақ шешуге дайынбыз ба?
Сыр елінде тұрады
Оны бәрі біледі
Зіл темірді котерген
Ағамыз бар қырағы
Бұл кім балалар?
-Илья Ильин
Дұрыс таптыңдар балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер!
Ендеше балалар 3-кезеңге шапшаңдығымызды байқау үшін сайысқа шығайық.
3-кезең «Секіріп жет» деп аталады
Ойын шарты: үлкен допқа отырып, жолдағы кедергілерден өтіп, межеге жетіп, кері қайтуы керек. Доппен бірге секіріп орындалады. Қай топ ойынды бірінші болып аяқтаса сол топ жеңімпаз болады.
Олай болса ойынымызды бастаймыз.
Жарайсындар балалар!
3-кезеңнің ұпай сандарын айтып өтсеңіздер.
Кім жылдам, кім жылдам
Тұлпар менен қыраннан
Қане балалар тұрмайық
Жылдам ойын ойнайық!
Балалар, біздің келесі сайысымыз
4-кезең «Тунель» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: Екі топ балаларына екі тунель беріледі. Белгі берілген кезде тунельден еңбектеп өтіп, кері қайтар жолда допты алып жугіріп келуі тиіс.
Ойын шарты түсініктіме балалар?
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
Барыс, біздің бүлдіршіндеріміздің спортқа қызығушылығы қалай екен саған ұнап жатырма?
Иә, балалар өте жақсы өнер корсетіп жатыр.
5-кезең: «Қаппен секіру» деп аталады
Ойын шарты: Екі аяққа қапты киіп алып алға секіру.
Жарайсыңдарма балалар! Біздің балалар өте жылдам секіреді екен
Олай болса ойынымыздың келесі кезеңіне де келіп жеттік.
6-кезең: «Велосипетпен»жарыс деп аталады.
Ойын шарты: балалар велосипетке мініп межелі жерге кедергіден айналып келеді.
Ойынды қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз болады.
Ойын шарты түсініктіме балалар?
Ия
Жарайсындар балалар!
- Барыс айтшы бүгінгі біздің балаларымыздың онері ұнады ма?
- Жарайсыңдар, менің кішкентай достарым! Сендердің ойындарыңды көріп көңілім көтеріліп қалды.
6-кезең: «Марапаттау»
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады- демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Балалар бүгінгі сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Бүгінгі сайысты үлкен тапқырлықпен ұқыптылықпен, шапшаңдықпен, спортты жақсы коретіндеріңді дәлелдедіңдер. Бүгінгі сайыста өте жоғары дәрежеде, белсенділік таныттыңдар. Сендерге үлкен рахмет!
-Балалар біздің барысымыз кайтқалы жатыр бәріміз барыспен қоштасып шығарып салайық!
-Балалар сендерге улкен рахмет! Жеңімпаздарды бүгінгі жеңістерімен құттықтаймын! Мен қайтайын сендер секілді бүлдіршіндер мені тосып отыр солардыңда онерлерін тамашалайын. Қош сау болыңдар!
Сау бол барыс!
Құрметті қонақтар бүгінгі «Еркетай» ортаңғы тобының «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің!- атты эстафеталық сайысымыз соңына келіп жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет! Қош сау болыңыздар!