Баяндама О?ушыларды? ?абілетіне ?арай педагогикалы? ?дерісті ?йымдастыруды? ерекшеліктері


Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Далеуова С.А., №38 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың негіздеріне жасалған талдау мынаны көрсетті: педагогикалық үдеріс инновациялық қызметтен тұрады.
Инновациялық қызмет – дәстүрлі нормаларға сәйкес емес кешенді проблемаларды шешуге бағытталған біртұтас процесс. Ол идеялар кеңістігінде ғана емес, инновациялық тәжірибелердің барысында жүзеге асырылып жатады.
Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін, ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту педагог қауымның басты міндетіне айналуда.
Аталған проблемалар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Оқыту технологиясы оқу үрдісіне педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ендеше, біз педагогикалық технологияны оқушыны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім мазмұнын жетілдіру ісіндегі басты бағыт – оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үрдіс болып табылады. Сондықтан да педагогикалық технологияға бет бұрыс әлемдік білім кеңістігіне талпынған қазақстандық әдіснамалық жүйені мазмұны жағынан байытып, бағыты жағынан жетілдіре түседі. Тәжірибеде қолданып жүрген оқушыны жан-жақты шығармашылыққа баулу әдіс-амалдар жиынтығы осы педагогикалық технологияның ұстанымына әкеп саяды.
Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады.
Жаңа оқыту технологияларын зерделейтін болсақ, педагогикалық технологиялар мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В. Беспалько):
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
- оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру саласында өзіндік ұлттық үлгі қалыптасуда, яғни педагогикалық лексиконға педагогикалық технология түсінігі енді. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын алдыңғы орынға қойып отыр.
Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары келесі кестеде бейнеленген (кесте № 1 «Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары»).
Оқушының жеке қабілетін дамыту категориялары
Кесте № 1
Деңгейлер Анықтама Оқушының іс-әрекеті
БілімБерілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіруТыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайдыТүсіну Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауТүсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазадыҚолдану Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындауОйланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейдіТалдауАлған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешедіТоптау Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
Бағалау (сын, пайымдау) Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтауБағалайды, талқылайды, өз талабын айтадыБұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- үнемі қайталау;
- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілік;
- зорлықсыз, еркімен оқыту;
- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Барлық оќушылардың оқу мақсатына қол жеткізуге, оқу пәндерінің барлық тақырыптар бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасыныњң дамуын қамтамсыз етеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының талаптарына сай сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең - тірек тапсырмаларымен жұмыс, яғни, жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан, үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды толық қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік, мәселелік оқыту әдістерін колдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін еске түсіру, сабаққа қызығуын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2-кезең — жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру алгоритмі беріледі. Алгоритм бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан керекті мәліметті таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады.
Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс-әрекетіне негізделеді. Мұндай оқытудың мақсаты - оқушылардың жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруін дамыту. Оқыту барысында оқушылар өзін-өзі жетілдіреді. Іздену көзқарасы гуманитарлық бағдарға сәйкес келеді. 2-кезеңді екі бөлімге бөліп, бірінші бөлімде тақырыпты алгоритм бойынша оқып-үйреніп, топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып отырған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.
Екінші кезеңде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, берілген тақырып алгоритм бойынша тақтада талданады. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың жартылай ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең — деңгейлік тапсырмалар. Оны оқушылар өздігінен орындап, әркім қабілетіне қарай алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Бұл технологияның тағы да бір тиімділігі - оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады. Барлық оқушы өз қызметін ең, төменгі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуына кепілдік береді, әр оқушының, өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Өзіндік жұмыстар мұғалімнің кеңес беруімен өтеді, ал бақылау жұмысын сырттан көмексіз өздері атқарады. Объективті себептерге байланысты әр деңгейлі тапсырмалары бар пікірлесу кітапшасы дайын болмағандықтан, оқушылар тапсырмаларды жұмыс дәптерлерінде орындайды.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу;
- дарынды оқушылардың мүмкіндігін анықтау;
- әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге өзі жеткізе алады, материалды толық меңгереді.
Әр деңгейлі сараланған педагогикалық технологиямен оқыту жүйесі:
- жаңа тақырыпты мәселелік әдіспен ізденіс барысында түсіндіру;
- тест немесе диктант, тақырыптың меңгерілуін тексеру;
- жалпылама тест, тексерудің әр түрлі әдістерін қолдану;
- өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар;
- саралау сабағы, қатемен жұмыс, кері есептер құрастыру;
- әр деңгейлі сараланѓан бақылау жұмысы;
- қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Оқыту технологиясын пайдалану оқу үрдісінің "субъект-субъект" қатынас жағдайында өтуіне ықпал етеді, өйткені, оқушы да, оқытушы да белсенді шығармашылықпен қызмет етеді.
Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыќ, ұйымшылдықка, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы.
Дамыта оқыту түсінігінде біз бала дамуындағы жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрі, әдісі және мазмұны мен оқытуды ұйымдастырудың қабілеті деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.