Саба? жоспары география п?нінен та?ырыбы: «Бутан» (11 сынып)


Қолданбалы курс
Сабақ № 18
Сыныбы 11 «А»
Күні 12.01.2016 ж.
Тақырыбы: Бутан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бутан Патшалығы мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, ұлттық және діни құрамы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;Тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;Дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекцияҚұрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:    Бутан Патшалығы      БУТАН, Патшалығы - Азияның оңтүстігінде, Шығ. Гималайда орналас¬қан мемлекет. Друкюл немесе "айдаһар елі" деп те аталынады.Жер аумағы -  47 мың км2. Астанасы - Тхимпху (50 мың).Халқы – 2,1 млн. (2005). 778106 (2015 ж) Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі - дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия.Мемлекет басшысы – король.Заң қабылдаушы органы - Ұлттық Ассамблея (ЦонГДу). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Тәуелсіздік күні – 8 тамыз 1949 ж. (Үндістаннан)Ұлттық валютасы – нгултрум.
    Бутан  - Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өзені бойында орналасқан. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қытаймен, оңтүстігі, шығысы және оңтүстік батысында Үндістанмен шектеседі. Мұхитқа шыға алмайды. Таулы аймақ басым ел. Бұл ел территориясындағы Гималай жоталарының орташа биіктігі 4-6 мың метр. Климаты муссонды, төменгі белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -40С, шілдеде +170С. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 1000-5000 мм дейін.   Әкімшілік жағынан Бутан әрбіреуі 20 ауданнан (дзонг-кэг) тұратын 4 округке (дзонгдай) бөлінеді.     Ұлттық және діни құрамы:  Негізгі халқы – бхоттар және шығу тегі тибеттіктерден болып есептелетін оған туысқан топтар - 70%, непалдықтар - 20%, қалғандары үнділіктер және т.б. Мемлекеттік тілі – бхот тілі (дзонг-кэ, тибет тіліне жақын). Мемлекеттік діні - будда дініндегі ламашылдық бағыт - 75%, сонымен қатар индуизм (25%-ға жуық) мен христиандық та таралған.    Мемлекеттік құрылымы: Бутан Патшалығы немесе Друк-Юл – конституциялық монархия. Мемлекет басшысы – король. Діни басшы - жоғарғы лама Бутанда корольден кейінгі екінші адам болып есептеледі. Ат-қарушы билік Корольдің Консультативтік Кеңесі мен  Министрлер Кеңесінің қолында. Заң шығарушы органы – бір платалы Ұлттық Ассамблея (ЦонГДу). Саяси партиялар жұмысына тыйым салынған. Бутан 1971 жылдан БҰҰ-ға мүше.    Экономикасы: Бутан – аграрлы ел. Негізгі сала – жер өңдеу. Мал шаруашылығында негізінен таулы жайылым басым. Қолөнер немесе қол еңбегі шаруашылығы жақсы дамыған. Пайдалы қазбалары - темір кені, көмір, мыс, қалайы т.б. Халықаралық туризм және пошта маркаларын сату ісі жақсы дамыған. Үкімет экологияға көп көңіл бөледі (Бутан территориясының тең жартысына жуығы Ұлттық парктер), сондықтан да өнеркәсіпті дамыту ісіне мемлекет тарапынан аса көңіл бөлінбейді. Экспорты: жеміс-жидек, электр энергиясы (СЭС-терде өндірілген), ағаш, жеміс-жидек консервілері, көмір, лак, піл сүйектері т.б. Импорты: мұнай және мұнай өнімдері, автомашиналар, күріш т.б.    Тарихы: Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. XVI-XVII ғ-ларда  Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құра-мында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан XVII ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. XIX ғ-дан 1947 жылға дейін Бри¬тания протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монар¬хия - Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж.  Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттер¬мен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы - Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.
Қорытындылау: Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.
Бағалау: Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
Үйге тапсырма беру
1. Бутан Патшалығы
2. Кескін картамен жұмыс