География п?нінен Жерді? ??рылысы та?ырыбы бойынша саба? жоспары (10 сынып)


Сабақ: №2 Мектеп: С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
Күні: Мұғалімнің есімі: Байбатырова Лаура
Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Пәні: География. Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Жер ғаламшарының ішкі құрылысын білу
Оқушылардың басым бөлігі:
Жер қыртысы, мантия, ядроның құрылымы мен құрамын түсіну
Кейбір оқушылар:
Тау жыныстары мен минералдар жайында білімдерін тереңдету
Тілдік мақсат Оқушылар:
ҚР табиғат ресурстары жайында ойларын еркін білдіре алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: жер қыртысы, мантия, ядро, литосфера, Мохоровичич қабаты, тау жыныстары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Диалог: үй тапсырмасын сұрау кезінде бірін-бірі толықтырады, сурет бойынша талқылау арқылы тақырып ашылады.
Жазылым: кестені толтыру кезінде үғымдарды дәптерге жазу арқылы есте сақтау
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
(Үй тапсырмасын сұрау-10мин)
Үй тапсырмасын сұрау
«Қарлы кесек» ойыны
Сұрақтар:
Галактика дегеніміз не? (Жүздеген миллиард жұлдыздардан тұратын жұлдыздық жүйелер)
Жер ғаламшарының Күннен қашықтығы (150 млн км)
Жер шараның нағыз геометриялық пішіні қалай аталады? (Геоид)
Афелий (орбитадағы Күннен ең қашық нүкте-152 млн км), Перигелий (ең жақын нүкте-147 млн км)
Кібісе жалы дегеніміз не? (4 жылда келетін жыл)
Кориолис күші (ауытқуды тудырушы құбылыс)
Сағаттық белдеу басталатын меридианды ата және картадан көрсет! (Гринвич меридианы)
Жарық және жылу белдеулерінің қалыптасуына не әсер етеді? (Жердің айналу білігінің еңкіштігі және Күнді айнала қозғалуы)
Ортасы
(Бейнеролик тамашалау-2мин; Оқулықпен жұмыс 20 минут)
Бейнеролик тамашалау: «жердің ішкіқұрылысы»
Миға шабуыл
Оқулықтағы 2-суретті басты назара ала отырып, жердің ішкі құрылысы жайында тусіну:
Жер қыртысы
Мантия
Ядро
Жер қыртысындағы минерелдар мен тау жыныстары туралы оқулық мәтінімен танысуға уақыт беріледі. Оқушылар өткен курстарда өткен жердің ішкі құрылысы туралы естеріне түсіре отырып, білімдерін тереңдетеді.
Аяқталуы
(Кестемен жұмыс-10 мин, бағалау-1мин, рефлексия-2мин)
Жер қыртысы

Мантия
Ядро

Кеспе қағаздардағы ұғымдарды кестеге орналастыру:
Мохоровичич, астеносфера, Р.Кохе мен Л.Штрихруде, Вегенер, 35-40 км, 6371 км, 900-2900км, темір, никель, шөгінді жыныстар.
Бағалау Оқушылар бірін-бірі 3,4,5 ұпайлары арқылы бағалайды
Рефлексия Стикерге бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылап, тақтадығы жер қыртысының суретіне жабыстырады:
Жер қыртысы – сабақты толық түсіндім
Мантия – білімімді әлі де толықтыру қажет
Ядро – ештеңе түсінбедім.
Қосымша ақпарат www.youtube.com сайтынан алынған «Жердің ішкі құрылысы» бейнеролигі
Саралау Бағалау Пәнаралық байланыс
Жер ғаламшарының сырларын ашу – оны зерттеу мен болжаулардың нақты дәлеледерін келтіре отырып, оқушыларды география ғылымына деген ынтасын арттыру. Қалыптастырушы бағалау:
Оқуышылар бірін-бірі бағалау арқылы әділдікке, шыншылдыққа үйренеді, сабаққа деген ынтасы артады.
Физикажәне химия
Жердің ішкі құрылысын зерттеу кезіндегі барлау нәтижелерінде қалыптасқан түсініктер мен ұғымдар,
тау жыныстары мен минералдардың түзілуі мен олардың дамуы жайында білімдерін қалыптастырады.
Рефлексия Қорытынды бағалау