Математикадан Миллиондар класы. К?п та?балы сандарды о?у, жазу ж?не салыстыру саба?ыны? жоспары


Тақырыбы: Миллиондар класы. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Мақсаты: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы)
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?
4191034290Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.
00Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.

Разрядтар және кластар кестесін қараңдар. Кестеде жазылған сандарды оқыңдар. № 1. (321 456 789; 21 456 789; 1 456 789; 456 789; 56 789; 6 789; 789; 89; 9;)
10 бірлік миллион = 1 ондық миллион = 10 000 000
10ондық миллион = 1 жүздік миллион = 100 000 000
10 жүздік миллион = 1 мыңдық миллион = 1 миллиард = 1 000 000 000
317436511430000289687011430000261937511430000Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады. Мыс: 198 656 123
4191080645Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)
00Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)

Оқулықпен жұмыс. № 1. (ә). Сандарды оқы: 250 000; 25 000; 14 145 120; 445 103; 148 100.
б). төмендегі сандарды жаз:
5 ондық мың 214 бірлік = 50 214; 1 миллион 3 жүздік мың = 1 300 000;
3 миллион 5 мың = 3 005 000.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1 кластағы, 2 кластағы, 3 кластағы әрбір санда қанша бірлік бар? Талдау.
80 478 354, 38 000 412, 8 000 478 156.
№ 3. Өздік жұмыс. Салыстыр.
15 980 > 9 000 33 000 < 101 000 650 000 > 65 000 999 999 < 1 000 000
41910-2540Көп таңбалы сандарды жоғары разрядынан бастап салыстырады.
00Көп таңбалы сандарды жоғары разрядынан бастап салыстырады.

№ 4. Топпен жұмыс.
А). Ш: 50 : 2 ∙ 4 = 100 Ж: 100 шай бар.
Ә). Ш: 1000 – 58 ∙ 6 = 652 Ж: 652 теңге қайтарады.
Б). Ш: 147 : 7 = 21 Ж: 21 күнде оқып бітіреді.
В). Ш: 280 – 26 ∙ 5 = 150 Ж: әлі 150 бет оқу керек.
№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.
14 котюмге – 56 м мата Ш: 56 : 14 = 4 (м) 1 костюмге
1184910106045001 көйлекке 1 кем костюмге ? 4 – 1 = 3 (м) 1 көйлекке
11 көйлекке – ? 11 ∙ 3 = 33 (м)
Ж: 33 м мата керек.
ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Шығармашылық жұмыс.
№ 7 х ∙ 7 – 27 : 4 + 3 = 47 ондағы х = 29. № 8. (оның 9 кәмпиті болады, ал санатта 7 кәмпит қалады)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6. 23 бет. Бағалау