К?п та?балы сандарды о?у, жазу ж?не салыстыру. Миллиондар класы. (4 сынып)


13-сабақ
Математика Уақыты: Кабинет: №17 Мұғалім: Г.Н.Ильясова
Сабақтың тақырыбы Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Миллиондар класы.
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттарОқыту  нәтижесіМақсаты: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын дамыту.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы) Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ 1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?
5461021590Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.
00Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.

Разрядтар және кластар кестесін қараңдар. Кестеде жазылған сандарды оқыңдар. № 1. (321 456 789; 21 456 789; 1 456 789; 456 789; 56 789; 6 789; 789; 89; 9;)
317436511430000289687011430000261937511430000Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады. Мыс: 198 656 123
1651074295Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)
00Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)

Оқулықпен жұмыс. № 1. (ә). Сандарды оқы: 250 000; 25 000; 14 145 120; 445 103; 148 100.
б). төмендегі сандарды жаз:
5 ондық мың 214 бірлік = 50 214; 1 миллион 3 жүздік мың = 1 300 000;
3 миллион 5 мың = 3 005 000.
Сергіту сәті Сергіту сәті «Макарена»
«Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық
Ой толғаныс 1 кластағы, 2 кластағы, 3 кластағы әрбір санда қанша бірлік бар? Талдау.
80 478 354, 38 000 412, 8 000 478 156.
№ 3. Өздік жұмыс. Салыстыр.
15 980 > 9 000 33 000 < 101 000 650 000 > 65 000 999 999 < 1 000 000
54610-5715Көп таңбалы сандарды жоғары разрядынан бастап салыстырады.
00Көп таңбалы сандарды жоғары разрядынан бастап салыстырады.

№ 4. Топпен жұмыс.
А). Ш: 50 : 2 ∙ 4 = 100 Ж: 100 шай бар.
Ә). Ш: 1000 – 58 ∙ 6 = 652 Ж: 652 теңге қайтарады.
Б). Ш: 147 : 7 = 21 Ж: 21 күнде оқып бітіреді.
В). Ш: 280 – 26 ∙ 5 = 150 Ж: әлі 150 бет оқу керек.
№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.
14 котюмге – 56 м мата Ш: 56 : 14 = 4 (м) 1 костюмге
1184910106045001 көйлекке 1 кем костюмге ? 4 – 1 = 3 (м) 1 көйлекке
11 көйлекке – ? 11 ∙ 3 = 33 (м)
Ж: 33 м мата керек.
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы № 6. 31- бет. Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады