Наурыз мерекесіні? сценарийі Н?р себеле ?лысты? ?лы к?ні


Қарлығаш негізгі орта мектебі
«Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!»
Наурыз – 2017
Көкебаев А.Е. «Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың Ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
1 жүргізуші: Қош келдің, Науырызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты,
Жылда осылай келе берсін жасарып,
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
2 жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
1-жүргізуші.
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!» - десіп өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күні - Наурыз мерекесі құтты болсын – дей отырып ауылымыздың Иманынан бата алайық.
2 жүргізуші. Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман- мақсат айтылып, тілектер тіленеді.
Ендеше: Бастаса- елдің көсемі
Сөйлесе- сөздің шешені,
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешеді - дей отырып мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына береміз.
(Келесі құттықтау сөзді Екпінді ауылдық округінің әкімі Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлына сөз береміз)
1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз – думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар, -
КӨРІНІС
3-сынып Рахым Мирас: Сүйінші сұрау. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді.
9-сынып Кәрім Ислам: Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет..
9-сынып Сауытбаева Енлік: Ортаға бесікті жабдығымен қойып, жасау, жөргектерін өлеңмен жасау.Әшекейлі ақ бесік,Әлдиіме бақ бесік.Шүмегіңді табайын,Түбегіңді салайын.Сылдырмағыңды тағайын,Жібек көрпе табайын.Бауын барқыт пүліштен,Балдақтарың күмістен,Жабдығыңмен сыйлысың,Жатса бөпем жайлысың.Бөпем сенен өседі,Құтты болсын төсегің.Түбектен «Тышты ма» тарату.Бесік дайын болған соң, бесікті аластауАлас, алас, баладан аласИесі келді, пәледен көш!Алас, алас, пәледен аласКөзі жаманның көзінен аласТілі жаманның тілінен аласҚырық қабырғасынан алас,Отыз омыртқасынан аласАлас, алас, аласБесік аласталғаннан кейін темірмен таңба басылады.Ана бөбегін бесікке бөлейді. Бұдан соң баланы тербетіп бесік жырын бала ұйықтағанша орындайды.«Бала ұйықтағанша бесік жырын айтады»
ІІ жүргізуші: Арада 1 жыл өткен соң
І жүргізуші: Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ жүргізуші: 6-сынып Тұсаукесер дәстүрі
1_________ әже: Алғашқы немерем Бекасыл жер - Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, ардақты ана, сүйікті әже, 2________ құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Бекасылды ортаға әкеліп, 2___________ әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады)
Келін бала:
 (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
2________________ әже:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұртМенен асқан жүйрік бол.
( 2________________ әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайынАқжолымның аяғынТұсау жібін кесейінЖасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасынАйналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Бекасылды жетектеп жүргізеді.)
1_______________ әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдарІз қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
(Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады)
1 оқушы:
____________ әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Ән: Халық әні.
Сүндеттой
 1 оқушы (ұсыныс-үлгі ретінде). Уа, қадірлі көпшілік! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды немесе жас қызды сүндетке отырғызу рәсімін жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған шаңырақтың ақсақалы өздеріңізге деген, немересіне деген батасын берсем дейді:
 
Ақылың ассын,
Ықыласың тассын,
Жақының көп болсын,
Дұшпаның жоқ болсын.
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа.
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын.
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол.
Дәуренің сәнді болсын,
Ғұмырың мәнді болсын,
Таңың азанды болсын,
Үйің қазанды болсын.
Шаңырағыңа шат құйылсын,
Дастарханыңа жұрт жиылсын!
Осы айтқандарым пайғамбардың
құлағына шалынсын.
Әумин!
Тілашар мектепалды даярлық
Ән: «Сәлем, саған мектебім!»
1-оқушы: Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
2-оқушы: Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
3-оқушы: Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
4-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
5-оқушы: Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
6-оқушы: Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.
7-оқушы: Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен
. Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.
8-оқушы: Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 25 жыл толу қарсаңында.
Би: «Қуыршақ»
«Тілашар» тойының иелеріне бата беру үшін сөз ______________атаға беріледі.
Бисмиллаһи! Рахмани рахим!
Болмай надан,
Оқы,балам!
Құтты болсын
Білім - қадам.
Отан - анаң Аялаған!
Ұстаз - данаң
Болсын аман.
Сақтап Аллам,
Бақ тап алдан. Әумин!
2 – жүргізуші:  Сәулесіндей  көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің
Ал енді халайық тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегендей ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нурахметов Тоқтар атамыздың
Наурыз мерекесіне арналған батасын алайық , Аумин
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын1-жүргізуші:
Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті,ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
2-жүргізуші:
Алтын күн төгеді шуағын,
Шырқаймыз өмірдің жырын біз
Мың алғыс өзіңе, туған ел!
Мың алғыс өзіңе, Отаным!
1-жүргізуші:
Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы,
Құтты болсын Жаңа жыл!
2-жүргізуші: Осымен Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік концертіміз аяқталды, келесі жаңа жылда аманшылықпен жолығайық ағайын.