Тіл апталы? Мемлекеттік тіл-мені? тілім! (2 сынып)


Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі аясында бастауыш сыныптар арасында
жүргізілген жұмыстар есебі.
20.09-27.09.13ж аралығында Тілдер мерекесіне арналған 2-ші сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты апталық өткізілді.Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынов: «Кемшілік болмас үшін әр ұлт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін өзге тілді оқыта бастайды»-деген еді.
«Тіл құдіретін сезіне білу, тіл сөздерін салмақтай алу, сөз мағынасын келістіріп құбылту, оларды мейлінше дұрыс қолдану мен әрдайым дәл түсіну өнердің-өнері, білімпаздың білгендігі, жүйріктің озып келуі мен топ жарып суырылуы. Міне осы негізде біздің мектепте 2 сыныптар арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты апталық өтті. Бұл апталығымыздың мақсаты: Жас ұрпаққа жан-жақты білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру; ана тілімізге деген сүйіспеншілікті және оқушылардың сөз байлығын арттыру; тілді құрметтеуге, қастерлеуге, елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, бекітілді.
Жұма күні апталықтың ашылуы мұғалімдер және ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен мектеп акт. залында әдеби музыкалық монтажбен ұйымдастырылып, мемлекеттік гимнмен салтанатты түрде ашылды.Сахнада Эсбергенова Гүлжанның жүргізуімен бүлдіршіндердің өнерлері мен қатар білім, Отан, Тіл туралы өлеңдер оқылып, апталық жоспарымен бастауыш бірлестік жетекшісі Темирбекова Ақмарал таныстырып өтті.
Сенбі күні апталық жоспары бойынша «Өлең сөздің патшасы...» тақырыбында тіл туралы өлеңдерден мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.Сайыстың ұйымдастырылуына бекітілген Темирбекова Ақмарал оқушыларға қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ата-бабаларымыздан және Ұлы Абай, Ыбырай, Мұқағали аталарымыздан қалған нақыл сөздерді оқып біліп, айтып жүру арқылы өнегелі, өнерлі, ақылды, парасатты болу керектігін өз мақсатында айтып өтті.Сайыс қорытындысы бойынша көркем сөз шеберлігімен ерекше көзге түскен
2 «д» сынып оқушысы Төребаева Ардақ бас жүлде, 2 «И» сынып оқушысы Хатепбай Аяулым, 2 «В» сынып оқушысы Тойлыгулыева Жансая, 2 «Г» сынып оқушысы Айбазарова Ырысты І-орын, 2 «Е» сынып оқушысы Омар Іңкәр, 2 «З» сынып оқушысы Ирмуханова Аружан, 2 «Ә» сынып оқушысы Шаравова Гүлжазира ІІ-орын, 2 «А» сынып оқушысы Римбаева Назерке, 2 «Ж» сынып оқушысы Дүйсенова Әсел, 2 «К» сынып оқушысы Сисекен Ұлжалғас ІІІ-орынмен және де 2 «Ғ» сынып оқушысы Жұмабаев Заманбек ынталандырумен марапатталды.
Дүйсенбі күні 2 «Г» сыныбында Умарова Светаның өткізуімен «Ана тілі-жүрек үні» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Ашық тәрбие сағаты жоғары дәрежеде өтіліп, апта соңында марапатталды.
Сейсенбі күні «Қазақ тілі-байлығым» жазба жұмысы бойынша диктант алынды. Мұнда жазу көркемдігі мен сауаттылығына қарай бағаланды. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысты. Сайыс қорытындысын шығару Абуова А. мен Төлегенова Б. апайларға тапсырылды.Сайыс қорытындысы бойынша І- орын 2 «Е» сынып оқушысы Сағынбайева Асел, ІІ-орын 2 «Ж» сынып оқушысы Дүйсенова Әсел, ІІІ-орын 2 «И» сынып оқушысы Мәденов Мұратбек мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сәрсенбі күн Кармусова Райса ана тілі пәнінен 2 «В» сыныбында «Ғылым таппай, мақтанба» атты ашық сабағын өткізді.
Бейсенбі күні Нұрғалиева Салтанат 2 «З» сыныбында «Ана тілім-бал тілім» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Және де сол күні Қазтұрғанова Байрамкүл «Ана тілім-қанатым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаты жоғары дәрежеде өткені үшін апта соңында марапатталды.
Жұма күні Кармусова Райсаның жүргізуімен апталықтың жабылу салтанаты өткізілді.Соңында қорытынды бойынша апталыққа белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тіл ұлттың қасиетті белгісі.Тіліңді сыйлағаның ұлтыңды сыйлағаның.Әрине, өзге тілдің бәрін білген жақсы ғой, бірақ ана тіліңді кемітпе, оны жетік меңгеруге ұмытылуы керек.
Бірлестік жетекшісі: Темирбекова. А.Ж
«Бекітемін»
Мектеп директоры------------- Е.У.Курашев
«-------------- 2013ж

№7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш 2-сыныптар арасында өткізілетін 22-қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл - менің тілім!» атты апталықтың жұмыс жоспары.
(20.09-27.09.2013ж)
Мақсаты: Жас ұрпаққа жан-жақты білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру; ана тілімізге деген сүйіспеншілікті және оқушылардың сөз байлығын арттыру; тілді құрметтеуге, қастерлеуге, елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
р/с Атқарылатын жұмыстар түрі уақыты сыныбы Жауапты
1. Апталықтың ашылу салтанаты Әдеби муз. монтаж.жиын 20.09.13ж Сағ 12.00де 2-сынып тар Эсбергенова Г Ахмет Г Келдібаева А
2. «Өлең сөздің патшасы..» Тіл туралы өлеңдерден мәнерлеп оқудан сайыс 21.09.13ж Сағ 12.00де 2-сынып тар Темирбекова А Байдышева Ұ
3. «Ана тілі-жүрек үні» Ашық тәрбие сағаты 23.09.13ж Сағ 11.30да 2 «Г» Умарова С
4. «Қазақ тілі- байлығым» Жазба жұмысы диктант алу 24.09.13ж Сағ 14.00де 2-сынып тар Умбетова Н Қазтұрғанова Б
5. «Ғылым таппай мақтанба» Әдебиет.оқу ашық сабақ 25.09.13ж 2 «В» Кармусова Р
6. «Ана тілім-бал тілім» Ашық тәрбие сағаты 26.09.13ж Сағ 11.30да 2 «З» Нұрғалиева С
7. «Ана тілім-қанатым» Ашық тәрбие сағаты 26.09.13ж Сағ 14.20да 2 «К» Қазтұрғанова Б
8. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Апталықтың жабылу салтанаты Әдеби муз. монтаж.жиын марапаттаулар 27.09.13ж Сағ 17.00де 2-сынып тар Сагинова Ж Кармусова Р Жуванова А
Жоспарды жасақтаған бірлестік жетекшісі: Темирбекова А.Ж