Мектепті? 10 жылды? мерекесіне арнал?ан кешті? сценариі



Білімнің мерейлі мекені
Қойылым. Актерлік шеберлік үйірме мүшелері (тәуелсіздікке жету )
-Әрсен сахнада қалады, Әлібек ағай сөздерін айтады. Сахна сыртында қоңырау соғылып жатады. Сумкамен шарлары бар 4 бала, Роза апай сахнаға шығады. (мектепке асығып бара жатады)
Мұрагер: Атағы алты қырдан асқан мектеп.
2006 жылы құрылса да
Болашаққа сәтті қадам басқан мектеп.
Жетістігін жырлайтын ақын болса,
Алпыс күн айтарлықай дастан мектеп.
Ұрпақ үшін қызмет атқарсын деп,
Үлкендер бата беріп, ашқан мектеп.
1.(Фанфары, жүргізушілер шығады-4)
Ә: Есенсіздер ме, арайлап атқан әр күнінен жақсылық күткен елім!
А: Армысыздар, той десе көңілі көктем, жаны жаз, жайдарлы елім!
М: Арма, қазақ деген ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтаған елім!
Б: Қайырлы күн, ынтымағы жарасқан, Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп, Мәңгілік елге қадам басқан қазақ елім!
2.Жас Ұлан оқушылары: Мәңгілік ел (өлең-шумақтары)
1.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел» болу –ел мұраты» деді.
2. Осы мұратқа жету мақсатында жасалған «Қазақстан – 2050» Жолдауы- саяси маңызы зор тарихи құжат
3.Біз «М ә ң г і л і к е л» идеясын жүзеге асырудамыз (бәрі айтады)  
4. «Мәңгілік Ел» дегеніміз - ата-бабаларымыз қорғап қалған жеріміздің тұтастығы, мәңгілік-Тәуелсіздігіміз! 
5. «Мәңгілік Ел» дегеніміз - жүзден астам ұлыстың басын қосқан қазақтың дархан көңілі.  
6.«Мәңгілік Ел» дегеніміз - өркендеген дәстүріміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, дініміз бен тіліміз.
7.«Мәңгілік Ел» дегеніміз - Асан қайғы іздеген «малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар» Жерұйық- бүгінгі Қазақстан.
8.«Мәңгілік Ел» дегеніміз- әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуді мақсат еткен- Білім мен ғылым елі.
9. «Мәңгілік Ел» дегеніміз- бәсекеге қабілетті, ұлтжанды,парасаты биік, жан-жақты дамыған жеке тұлғалар .
10.«Мәңгілік Ел» дегеніміз - өз елін сүйетін, онымен мақтанатын біз сияқты патриоттар мекені. *Өйткені, маған өз елім қымбат! * Ана тілім қымбат! **Тәуелсіздігіміз , рәміздеріміз қымбат! **Өз мектебімнің, сыныбымның намысы қымбат! **Өз тобымның тапсырмасын қорғау қымбат!
11. Мәңгілік ел –Халқымның аңсағаны,
Ақ ордадан тараған жан самалы.Күлімдеген бақыттың күн шуағын,Күллі қазақ қуанып қарсы алады.
12. Естіледі жаһанға жаңғырығым,Елмен бірге әрқашан мәнді жырым.Еркіндігім – Ерлігім, Елдігімсің,Тәуелсіздік дегенім – МӘҢГІЛІГІМ!
М: Білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусәр бұлағы
А: Тәуелсіз қазақ елінің құдіреті, болашағының кепілі
Ә: Дана мен даралар шығар құтты мекені
Б: Әрине, мектеп.
М: Иә, достарым. Дұрыс айтасыңдар.
Б: «Білімнің мерейлі- мекені» атты мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер!!!
М: Бергеннің берекесін көрген, ел тұрғанда тойдан қаламыз ба?
Б: Сондықтан да,
Ә: Сіз болып,
А: Біз болып
М: Он жылдық мерейтойды бастаймыз!
Б: Халық әні «Хәләулім-ай» (сахна сыртында)
Ә: Назарларыңызға Халық әні Хәләулімді ұсынған мектебіміздің «Жас толқын» ансамбльінің мүшелері Аппаз Аружан, Исмагулова Айғаным және Жанатов Темірлан.
5. «Желдірме», «Балбырауын» күйлері орындалады.
Б: «Жас толқын» ансамбльі Испанияда өтілген байқаудың ІІІ орын, ҚХР өтілген байқаудың І орын иегерлері.
М:Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрқали Жазира, дерижері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ожан Сапар.
Ә: Біз алда тұрған болашағымызға үлкен үмітпен қараймыз. Оның сәулетті де кемел екеніне көзіміз жетеді. Деген қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесің?
А: Иа, Әрсен, бұл қанатты сөздің авторы ҚР Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағамыз. Мұнда Қазақстанның көпұлтты, ынтымағы жарасқан ел екендігін көрсетіп отыр ғой.
Б: Біз ата-аналарымыз бен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың берік екендігін айтып мақтана аламыз.
М: Алдарыңызда қалалық әкелер слетінің ән номинациясы бойынша І орын иегерлері Нұрмұқан Ерболсын, қызы Айжан Ерболсынмен бірге. «Туған жер» әні. Қабыл алыңыздар.
БИ:
Б: Алдарыңызда болған қалалық Шаттық байқауының күміс, қола медаль, Новосібір, Мәскеу қалаларында өткен Халықаралық байқаулардың ІІ орын иегерлері «Назерке» би ансамбльі, жетекшісі Телевизиялық «Айгөлек» байқауының лауреаты, қалалық «Шаттық» байқауының бірнеше алтын медаль иегері Утебалиева Сандуғаш Мусаевна.
А: 25 жыл тәуелсіз елміз
Бұл-25 асу,
Өзің үшін,
Болашаққа жол ашу!
А: 25 жыл –тәуелсіз елміз,
Бұл 25 асу!
Алыс –жақын елдерменен жанасу,
Барлық мемлекеттермен санасу!
Б: Тәуелсіздігіміздің туын көтерген, мың жылдық тарихы бар Алматы мен, бас қаламыз Астанамызға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар!
М: Олай болса, Аружанды өзінің жетекшісі Халықаралық Азия дауысының жүлдегері, Шабыт фестивальінің лауреаты, компазитор, музыка пәнінің мұғалімі, «Астана мен Алматы» әнінің авторы, әнші Қондыбаев Марат Дайырбекұлымен ортаға шақырамыз. (Ән айтылды)
Б: Иа, Мұрагер, дәл қазір алдарыңызда тұрған, мерекелік кешіміздің жүргізушілері Ақтасова Аружан мен Балтабай Арсен қала мектептері арасында «Сөз шебері» байқауының ІІ орын иегерлері.
М:Бүгінде Арсен «Балапан» телеарнасының «10 саусақ» бағдарламасында, Аружан «Қарақат» өнер мектебінде жүргізуші.
А: «Кемелді болашағымыз-білімді жастардың қолында» деп Елбасының өзі үлкен сенім артқан.Біздің мектебіміздің түлектерінің ауыз толтырып айтар жетістіктері көп.
Ә:Біздің түлектер дәстүрлі өткізілетін Ғылыми жоба байқауларында-142 орын, дәстүрлі пәндік олимпиада-42 орын,18 –оқушы алтын белгі иегері атанған.
Б: (сахна сыртында хабарлайды) Ендігі кезекте, алдарыңызда болатын, Қалалық шаттық байқауының дипломанты, қалалық патриоттық әндер байқауының ІІ орын иегерлері, мектебіміздің вокалды-инструменталды ансамблі,жетекшісі: Қондыбаев Марат Дайырбекұлы «Туған жер» әнімен қабыл алыңыздар
М: Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтып көрсеткен. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс та, қол жеткізген жетістіктер де мақтан етіп айтарлықтай.
Ә: Осы, он жылда салауатты өмір салтын ұстанып, мектеп намысын жоғары қойып, қалалық, республикалық жарыстарға қатысып жүрген оқушыларымыздың саны жылдан-жылға артуда.
А: Қалалық сайыстарға қатысып, биіктерді бағындырып жүрген, баскетбол командасы, воллейбол командасы,
М: қала бойынша мектеп лигасында І орын, Кока-кола былғары доп ІІ орын, биылғы оқу жылындағы екі айда, Сарыарқа мектептерінің арасында І орынды иеленіп, 2015 жылы Республиалық футбол жарысында Астана қаласы атынан қатысқан футбол командасы.
А:«Кекун-ши-кай» каратэ , жас гимнасттар.
Компазиция: (гимнастика, каратэ)
Б: (сахна сыртында) Халықаралық «Жанған жұлдыздар» байқауының І орын, Париж қаласында өткен би байқауының ІІ орын, Испанияға барып бас жүлдені иеленіп келген 8 «А» сынып оқушылары Қадырбеков Қайсар мен Бауыржанова Ақмарал.
М: «Мәңгілік Ел» - ата-бабаларымыз қорғап қалған жеріміздің тұтастығы, мәңгілік-Тәуелсіздігіміз! десек, ата-ана, мектеп, оқушы арасындағы берік ынтымақтастық мәңгі Тәуелсіздігіміздің жарқын болашағы.
Б: Мектебіміздің он жылдық мерейтойына арналған «Мектебім» әнін ата-ана, оқушы, ұстаз үштігінің орындауында қабыл алыңыздар!
Ә: Әннің сөзін жазған Абай-Шәкәрім музейінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі төсбелгісінің иесі Халесова Роза Ғарифоллақызы, әнін жазған компазитор, музыка пәнінің мұғалімі, әнші Қондыбаев Марат Дайырбекұлы.
А: Әрсен, қалай ойлайсың, мерекелік кешімізге келген қонақтарымыз қаншама, қортынды сөзді кімнен бастап берсек болар екен?
Ә: Қалай, кімнен. Ұстаздарымызбен қатар, мектептің барлық іс-шарасында жүретін ата-аналарымыздан, әрине.
Б: Дұрыс айтасыңдар, біздің ата-аналарымыз мектеп өмірімен тығыз байланыста
М: Алдарыңызда мектебіміздің қолдаушысы, қорғаушысы, айтыскер ақын, тележүргізуші Айнұр Тұрсынбаева (арнауын орындайды)
Б: Құрметті қонақтар, мектебіміздің 10 жылдығына орай «Білімнің мерейлі мекені» аясында өтілген жұмыстарға екі жұлдыз, бір тілектеріңізді білдіруге ортаға шақырамыз.
М:Осымен, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық, мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына арналған «Білімнің мерейлі мекені» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
-Қош сау болыңыздар!
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: А.Т.Томантаева, Н.Ш.Бикеотва