Сценарий мероприятия «Жау?азын г?лі – Наурыз мерекесіні? белгісі»


Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Тақырыбы:«Жауқазын гүлі – Наурыз мерекесінің белгісі»Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту мақсатында халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойына сіңіруСаз залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді. 1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Ән: «Наурыз» Балалардың тақпақтарыЖүргізуші: - Міне, көктем келді, Жер құлпырып көгерді.Дала қысқы ұйқыдан оянып, Бізге өзінің әсем бәйшешектерін сыйлады.Би: «Бәйшешек». (Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген бәйшешекті Қара дауыл ұрлап әкетеді).Бәйшешектер: - Біздің гүліміз қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ? Кім енді біздің әсем Бәйшешекгімізді Қара дауылдан құтқарады?(Ортаға б-р шығады).- Мен Ер Төстікпін – ең батылмын, батырмын!- Мен Тазша баламын – ең айлакермін!- Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын!- Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстідегінің бәрін естимін!- Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!Бәрі бірге: - Біз жігіттер – ең тапқырмыз!(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады).: Жүргізуші - Әрқайсыларыңның өз өнерің бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынсыңдар ма?Батырлар: - Ия, дайынбыз!!!Ер Төстікпін: - Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер.Батырлар: - Аттанайық!!!Жүргізуші: - Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты.данагөй Жамал әжеге (Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады)Тазша бала: - О, Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз?Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) – Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын. ...Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді.Батырлар: - Рахмет, әже!! Біз аттанайық!(Залды бір ай-ып кетеді).Жүргізуші: - Салт-дәстүрімізді сақтаған,Қазағымнан айналдым.Батырларымызға сәт-сапар деп, Би. «Домбыра» биін билейдіЖүргізуші: - Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатырған ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайдыМыстан: - Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?Саққұлақ: - Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті!Мыстан: - Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, өткізбеймін де. Қарадауыл менің досым. Мен неге сендерге болысу керекпін? Ал егерде ...сендер менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, сонда ғана ойланып қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі, оның жауабын ешкім таба алмаған.Желаяқ: - Саспа Мыстан әже, сенің жұмбақтарыңды шешеміз!Мыстан: - Олайболса, тыңдаңдар:1. Жүзмүйізі бар, Үстіндекиізі бар. (киізүй)2. Құлағынбұраптартқаны не? (Домбыра)3. Шыркөбелек айналар, Беліне жіп байланар. (Ұршық).Мыстан: - Сендер расында тапқыр екенсіңдер... Сонда да мен сендерге ғажайып түйіржіпті қайтармаймын. Ол мүмкін өзіме де керек болып қалар. Мен одан да өзіме тамаша жемпір тоқырмынЖүргізуші: - Ой, мыстан әже, мүмкін сіздің қатып қалған жүрегіңізді біздің балалардың өлең-жыры жібітер. Келді Наурыз жар салып,Кел, билейік, ән салып.Жылда келсін, ұлы күн,Тұрайық есен қарсы алып.Ән: «Мен ауылға барамын»Мыстан: - Қалай тамаша әндетесіңдер?! Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан жүгіріп, сендермен бірге би билегім келді ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе! Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптерің! Мен домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем. Жолдарың болсын!(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен қоштасады).Жүргізуші: - Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ жол жүріп шөлдеп, шалдығып келе жатырса, алдарынан Айдаһарды кездестіреді.Айдаһар - Кімсіңдер?Желаяқ: - Біздер батырлармыз, жауқазын гүлін іздеп келеміз.Таусоғар: - Әй, Айдаһар, сенің құдығыңнан су ішуге бол ма?Айдаһар: - Бұл не деген сұрақ? Әрине болмайды! Бұлқ ұдықтан бір тамшы суды да татпайсыңдар! Бұл құдыққа жүзжыл, сонша маған да. Жүз жыл бойыбұлжерденқаншатіріжанөткен, бірақ та ешқайсысыменіңқұдығымнан су ішіпкөрмеген. Сондықтан да аман-сау тұрғандарыңда бұл жерден кетуге тырысыңдар!(Батырлар ақылдасады).Ер Төстік: - Айдаһар сен бізбен бірге ойын ойнауға келісесіңбе?Айдаһар: - Ол не, ойын деген?Жүргізуші: - Қазір біз көрсетеміз. Ойынымыздың аты «Теңге алу».(Ойын шарты түсіндіріледі).Ойын: «Теңгеалу»Айдаһар: - Менің көңілімді көтердіңдер. Жарайды, құдығымнан су ішіңдер.(құдығынан су алыпбереді).Батырлар: - Рахмет, саған, Айдаһар!Жүргізуші: - Батырлар әріқарай жолтартты.(Батырларжолғашығады).Жүргізуші: - Бишілерде өнер көп,Билейді биді мәнерлеп. Қазақ биін көріңдер,Өнерге баға беріңдер.Би: «Тұлпар биі».Жүргізуші: - Батырлар жолда кележатады. Бір кезде шаршап-шалдығып құлап, ұйқыға батады. Батырлар жауқазын гүлінің жұпариісін сезеді.Тазша бала: - Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі Қарадауылдың қолында.(Осы кездеҚарадауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіп, Қарадауыл құлайды).Батырлар: - Қайда, біздің жауқазын?Қарадауыл: - Айтамын, айтамын, жауқазынның қайда екенін, текқана мені жіберіңдер ші?Ер Төстік: - Жібереміз, егерде зұлымдықты қойсаң.Қарадауыл: - Қоямын, зұлымдығымды қоямын. Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым, менің қара үңгірімде мұңлы болды. Сосын жауқазын менің көңілімді көтерер деп ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер, мен сендерге жауқазынды қайтарамын.(Қарадауыл жауқазынды алыпкеледі).Жүргізуші: - Барлық ертегідей, жақсылық зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты.Батырлар: - Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!!!Ән: «Көктем келді» жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қой жылын ортаға шақырайық. /Сахнаға жүгіріп Қой шығады/жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қой жылы.Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!Қой-Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!Ұлыс бақытты болсын,Төрт түлік ақты болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!Би.Сыған қызы билеп шығадыжүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?Сығанқызы: /картасынжайыпжіберіп/Жолашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен ,жақсы оқыған адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.Жүргізуші:Бұзылмаған салтымыз.Кең даламның ежелгіҚазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз – ендеше,
- Наурыз көже – тағамның ең үлкеніЖадыратып, жаныңды семіртеді.Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында баршаңызды дәмтатуға шақырамыз.Ән: «Наурыз»
Уа, ағайын халайық Мерекесі халықтың Мұнда назар салайық Наурыз тойын бастайық!
Ежелгі шығыс елінің ,Аңсаған арман ойы бар Тарқайтын жері шерінің,Дәстүрлі Наурыз тойы бар Армысыңдар ағайын, Бармысыңдар, ағайын.Ұлыс бақты болсын, Әр күніміз жақсы болсын! Наурыз келді, нұр келді Түгел аймақ түрленді,Наурызда күлімдеп ,Күн нұры төгілді. Басталды міне тойымызҰнады әнмен ойымызНаурыз бақыт әкелсін Тойға ұлассын тойымыз.
Наурыз тойым . Құтты болсын халайық Қане достар,Шырқап әнге салайық
Ата-бабам тойлаған,Наурызым армысың!Қызығына тоймаған,Дархан - дала қарлы шың.Күттіріп келген жыл басы,Бізбен бірге жырлашы.Дастарханға елімнің ,Береке - ырыс сыйлашы.Армысың, Наурыз! Қуаныш боп кір, төрлет!Ел болып саған, Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем Жарығыңмен, шуағыңмен Күн –ана Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән салып жас, кәріміз Би билейік бәріміз
Наурыз тойы- береке .Наурыз тойы-жыр, аңыз Қызық мейрам ,мереке Қызық думан құрамыз
Наурыз тойы әдемі Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдейі Наурыз көже пісірді
Той дәміне тойыңдар,Тойдан кейін ойын бар Той –тамаша көріңдер Наурыз тойға келіңдер

Наурыз мейрамыМақсаты:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқуш-ды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәр-леу.Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн! Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ал енді балаларыңыздың Наурыз тойына арналған мерекелік концертімізді қабыл алыңыздар.Тақпақтар
Ән: «Наурыз» №45Би: «Тұлпар» №19
Ән: «Көктем келді далама»№21
Ал енді қыздарымыздың орындауында
Би: «Наурызым» №42
Ойын: Теңге алу №27 №6
Аластау рәсімі:Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!Жаңа жыл да көңілдегі көркем ой, асыларман, ақтілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен сыныбымызды аластаймыз. Әркім өз көңіліндегі тілегімен біргеАлас, алас Алас, алас.Әр бәледен қалас,Ескі жыл кетті,Жаңа жыл жетті.,Айдан аман ,Жылдан есен болайық! №34
Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті
1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Жауқазын».2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету. Самалық, самалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Самалық, самалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе?Самалық, самалық,Жаңа келген жақсылықтыКөрдік пе, көрмедік пе?Самалық, самалық,Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.Самалық, самалық,Сүт көп, көмір аз,Жаңа жыл жарылқа,Ескі жыл есірке,- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.1 – жүргізуші: Құрметті халайық!Біздің өткен жылқы жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей жылқы жылын шығарып салайық. / жылқы жылы келеді/1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет жылқы жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?жылқы жылы:- Мен де халқыма дән ризамын!Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қой жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Көріскенше күн жақсы, халайық!2 – жүргізуші: жылқы жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар.Ән: «Мен ауылға барамын»1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қой жылын ортаға шақырайық. /Сахнаға жүгіріп Қой шығады/2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қой жылы.Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!1 – жүргізуші:Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!2 – жүргізуші : Ұлыс бақытты болсын,Төрт түлік ақты болсын! Ән: «Көктем келді далама»Би.Сыған қызы билеп шығады1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?Сығанқызы: /картасынжайыпжіберіп/Жолашық. Жайлы жыл болатынтүрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.2 – жүргізуші: Ал енді «Домбыра» биінің тамашасын қабыла лыңыздар.1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!2 – жүргізушіЖаңа жыл да көңілдегі көркем ой, асыларман, ақтілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан біркісіден ортағашығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен біргеАлас, алас Алас, алас.Әр бәледен қалас,Ескі жыл кетті,Жаңа жыл жетті.,Айдан аман ,Жылдан есен болайық!2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?- Көктем боп Наурызымыз келдіңбе?- Бүрлеген қайынды көрдің бе?- Күлкісін сәбидің көрдің бе?- Құсқанатын сабылтып келдің бе?- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?Би: «Тұлпар»1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.