Саба? жоспары Міржа?ып Дулатов


11 сынып                                                                      қазақ әдебиеті
Тақырыбы:               Міржақып Дулатов.
Мақсаты:
Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
Ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының ұмытылған ақын-жазушылары туралы өз беттерімен ізденіс жасауға ынталандыру.
 Құралдар: оқулық, ақынның суреті, шығармалары
Сабақ түрі: араласПәнаралық байланыс: Қазақстан тарихыСабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру(қалаған  шығармасынан үзінді жаттау, 28 бет – сұрақтарға жауап беру)
Жаңа сабақ :Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің (Қостанай облысы Жангелді ауданы) 1 ауылында туған.
өмір баспалдақтары:
Ауыл молдасынан сауат ашуАуыл мұғалімінен білім алу1897 ж Торғай қаласындағы екі класстық орыс-қазақ училищесіне түсіп, 1902 жылы бітіреді.
Содан кейін ұстаздық өмірі басталады1905 ж Қарқаралыдағы Қазақ құрылтайының ұйымдастырушыларының бірі1907ж Петербургте «Жастарға» өлеңі жарық көреді
1907ж Уфа қаласында «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарық көреді, содан кейін қуғынға ұшырайды
Семей қаласындағы жандарм қолдарына түседі( 1,5 жыл отырады)
Тапсырма:  27-34 беттерді оқып, шығармаларының  аттарын жазып алуШығармалары туралы әңгімелесу, сұрақ-жауап жүргізу.(37 беттегі сұрақтар бойынша)
Бекіту:
Міржақып Дулатов туралы қандай білім алдыңдар?
Міржақып Дулатов деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
 
 Үйде: №1,6,11 сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.