Саба? та?ырыбы Информатика ?леміне саяхат


Танымдық сабақ тақырыбы: Информатика әлеміне саяхатМақсаты:Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Танымдық – сайыс сабағының барысы
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.Өтегенов Бахтияр – физика пәнінің мұғалімі2. Қарабалаев Рашид – математика пәнінің мұғалімі
3. Толегенова Балболсын – математика пәнінің мұғаліміСайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;I топ – InternetII топ – Windows XPСайыс 5 - кезеңнен тұрады. Кезеңдері:1 - кезең: «Таныстыру»2 - кезең: «Бәйге»3 - кезең: «Полиглот»4 - кезең: «Жұмбақтар әлемі»5 - кезең: «Мақал - мәтелдер орталығы»Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.1 - кезең: «Таныстыру»Сайысқа қатысатын екі топ өздерін кезекпен таныстырады.2 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде екі команданың да оқушыларына арнайы сұрақ қойылады. Сұрақтары:I – топ: «Internet»1. Информатика пәні нені зерттейді? Жауабы: (Ақпараттық процестерді)2. Қолданбалы программаларды ата? Жауабы: (Word, Excel, Access, Power Point)3. Модем қандай қызмет атқарады? Жауабы (Интернет жүйесіне қосатын құрылғы)4. Қандай программалау тілдерін білесіңдер? Жауабы: (Паскаль, Бейсик)5. Алгоритмді жақтаушыларды кімдер деп атаймыз? Жауабы: (алгоритмдіктер)6. Ақпарат қандай мағына білдіреді? Жауабы: (түсіндіру, баяндау, ақпарат)7. Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер? Жауабы: (қалта, планшеттік ДК, тасмал компьютерлер)8. Ең алдымен адамдар есептеулерді қалай жүргізді? Жауабы: (тастар мен ағаштардан)9. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан?Жауабы: (16)10. Құжатты қағазға басып шығар жолы? Жауабы: (Файл – Печать)

II – топ: «Windows XP»1. Компьютер дегеніміз не? Жауабы: (ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал)2. Стандартты программаларды ата? Жауабы: (Word Pad, Paint, блокнот)3. Алгоритм дегеніміз не? Жауабы: (Қандай да бір іс әрекеттің белгілі біртәртіппен орындалуы)4. Сандар нешеге бөлінеді? Жауабы: (бүтін және нақты)5. Алгоритмді ғылымға енгізген кім? Жауабы: (Әбу – Жафар - Әл – Хорезми)6. Принтердін неше түрі бар? Жауабы: (3)7. Informatio қай елдің сөзі? Жауабы: (латын)8. Раіnt графикалық редакторының терезесі неше бөлімнен тұрады? Жауабы: (6)9. Үзінді дегеніміз не? Жауабы: (Суреттің бөлінген бөлігі)10. Құжатты сақтау жолы? Жауабы: (Файл – Сохранить)

3 - кезең: «Полиглот». Бұл кезеңде оқушыларға компьютердің 10 құрылғысы берілген. Сол құрылғылардың екі тілдегі орысша, ағылшынша аудармаларын табу тиіс.Сұрақтары:1. Жүйелік блок – системный блок – System unit2. Монитор – монитор – Screen3. Құлаққап – наушник – Headphones4. Бума – Папка – Icon5. Ұлғайтқыш – Лупа – Magnifying giass6. Мәтіналғы – Сканер – Scanner7. Тінтуір – Мышка – Mouse8. Пернетақта – Клавиатура – Keyboard9. Қатқыл диск – Винчестр – Hard disk10. Басып шығарғыш – Принтер – Printer

4 - кезең: «Жұмбақтар әлемі» Бұл кезеңде екікомандаға бірдей тапсырма беріледі, қай команда бірінші жауап береді сол командаға ұпай саны қосылады.1. Көзіменен көрсетеді,Сөйлемей – ақ айтар бәрін,Алдына оның келсе теңі ( монитор)2. Білмейсің өлі, тірісін,Қолыңа алсаң әпсәтте,Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)3. Бар нәрсеге жетікМиы күшті тетікОл арқылы сөйлесіпКетесің шетелге де өтіп (компьютер)4. Әдетте үнсіз тұрамынБелгі берсең ұғамынЖазуы бар қағаздыңҚұралы боп шығамын (принтер )5. Компьютердің айнасыБағдарыңды таңдашыСурет, сөзін көрсетіпТиер саған пайдасы (монитор )
5 – кезең: «Мақал - мәтелдер орталығы» топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.1 - топ: «Internet»1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)
2 - топқа: «Windows XP»1. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)4. Компьютер тіршілік көзі (Су тіршілік көзі)5. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)Қорытындылау.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.

Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!