«Дара ж?не к?рделі сан есімдер»


Павлодар облысы, Качир ауданы
80010-476250Октябрь жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мирманова Лағыл Балтабекқызы
Сабақтың жоспары
Сынып: 5
Мерзімі : 22.10.12 ж.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу. Тақырып бойынша диалог түрінде сөйлетуге үйрету.
Дамытушылық: оқушының сөздік қорын молайту, сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау дағдыларын және өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, ыстық орындық әдісі, сұрақ- жауап, Блум таксономиясы.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, оқулық, суреттер, стикер, қарындаштар, қалам, дәптерлері.
Формасы: топтық жұмыс
Пән аралық байланыс: география, әдебиет.
Оқыту нәтижесі: оқушылардың белсенділігі артады, тығыз қарым қатынас орнайды, топ арасында ақпарат алмасады, өзін,жұбын, тобын бағалай алады, білімі меңгеріледі.
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, қосымша әдебиеттер, интернеттен алынған сайт USTAZ.kz, bilim.idhost.kz, А. Ысқақов “Морфология”(202-бет), Ұ. Көшербаева “Қазақ тілі граматикасын оқуға арналған жаттығулар жинағы”, (43-бет)
Кезеңдер Оқу тапсырмалары БЛУМ таксономиясы Уа
қыт Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі.
ОЖТ
Оқушыларды жаңа сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл күйлерін туғызу.
3 мин Оқушылар шаттық шеңберін құрып, күлімдеп бір-біріне
жақсы тілек білдіреді.
Қуан шаттан! Алақай
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн!
Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, есітіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр. Топқа санау арқылы бөлдім. 1мин
Оқушылар осылай жаңа тақырыпқа шығады
Оқушылар өз сандарын естерінде сақтай отырып, үнсіз қадамды ескере отырып бөлінеді Жаңа сабаққа психологиялық дайындық
СТО
ОБК
ОүБ І кезең тапсырмасы. “Кім көп біледі?”
І топ жуан дауысты дыбысты сан есім,
II топ жіңішке дауысты дыбысты сан есімді жазуға тапсырма береді. Қай топ көп сан есім жазса, сол топ – жеңімпаз, әрі жауабын оқып шығады. Білу 5 мин І топ жуан дауысты дыбысты сан есімді,
II топ жіңішке дауысты дыбысты сан есімді жазады Жұппен бағалау
ІІ кезең.
АКТ
ОЖТ
ТДБО
ОЖЕ
ОүБ Жаңа сабақ.
Интербелсенді тақтада арнайы қателер жазылған сөйлемдер мен дара және күрделі сан есімдерді ажыратуды ұсынады.
І-тапсырма
1. Айгүл жиырмада
2. Бізге бірінші сыныпта Гүлзат апай сабақ берді.
3.Әжем екі алма берді.
ІІ-тапсырма
1.Әлия онбес жаста болатын.
2. Ағам отыз қырықтай кітап әкелді.
3. Жылқының салмағы екі жүз килограмм болады.
Ой қозғайтын сұрақтар:
-Неге 2 парақша ілінді?
Қандай ортақ сөздер бар?
Сөйлемдерде 3 қате бар Соны табыңыздар.
Дара сан есімдер І парақшада, күрделі сан есімдер ІІ парақшада. Ережесін айтып көріңіз.
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты мұғалім түсіндіреді.
Содан кейін оқушылардан түсінгендерін тірек-сызба арқылы көрсетулерін тапсырады.
Сан есімТүсіну 6 мин Топтық жұмыс. Арнайы қателер жазылған тапсырмалардан оқушылар қателерді анықтап, дара және күрделі сан есімдерді ажыратады
Оқушылар жаңа сабақтан түсінген білімдерін интербнлсенді тақтаға тірек-сызба түрінде көрсетеді, қорғайды.
Тұлғасына қарай
негізгі туынды
Бір
Үш
жүз Бірінші
үшінші
жүздей
Құрамына қарай
дара күрделі
Үш
алты Үш жүз
Бес алты
Мағынасына қарай
1 есептік
2. реттік
3.жинақтау
4.топтау
5.Бөлшектік
6. болжалдық
Бір –бірін бағалау
Өзара дәптерлерімен алмас
ып, қателер
ін анықтай
ды.
ІІІ кезең.
СТО
ОБК
ОЖЕ
ОүБ Жаттығулармен жұмыс
15- жаттығу
І топ – дара сан есімдерді теріп жазу
ІІ топ- күрделі сан есімдерді
І топ – “жүзінші” сөзіндегі дыбыстардан сөз жасаңыз.
ІІ топ – “жиырма”сөзіне фонетикалық талдау;
16 – жаттығу.
І топ – күрделі сан есімдерді теріп жазу
ІІ топ дара сан есімдерді.
Өз қалауларың бойынша 5 сан есімді қатыстырып сөйлем құраңдар. Қолдану 8 мин Жеке дара жұмыс
Оқушылар берілген тапсырманы дәптерге жазады Бірін бірі тексеру
ІVкезең.
ОЖТ Сергіту сәті.
«Эдельвейс»бейне роликті қосып, жаттығуды оқушылармен бірге жасайды 3 мин Бірдей болып жаттығу жасайды. V кезең.
СТО
ОБК
Терме жат жазу.
Берілген мәтін ішінен сан есімдерді теріп жазу беріледі.
Көп тіл білетіндерді полиглот деп атайды. Рим университетінің професоры Карло Тагливани отыз бес тілді білген. Дания ғылымы Расмус Раск екі жүз отыз тілді меңгергн, Шютце деген неміс екі жүз жетпіс тілде сөйлеген.
М.Әуезовтің “Еңілік- Кебек ”трагедиясы тұңғыш рет сахынаға қойылғанда, автор жиырма жаста еді. К.Байсейітоваға жиырма төрт жасында Кеңес Одағының әртісі атағы берілді.И. Нютон әйгілі әлемнің таптырмас заңын жиырма бес жасында тапты. Тал
дау 6 мин Топтық жұмыс. (СТО әдісі)
Мұғалім ұсынған мәтіннен сан есімді теріп жазып, сан есімдер түріне жіктейді. Сауатты
лығын өзара тексеру
VІ кезең.
СТО
ОБК
ОЖТ
ОЖЕ
ОүБ Шығармашылық тапсырма “Балдырған” журналынан алынған мәтін бойынша оқушыларға сан есімге қатысты жоғары деңгейлі сұрақтар дайындап, өзара сұрақ-жауап жүргізу міндеттейді. Син
тез 6 мин Топтық, жұптық жұмыс
Оқушылар мәтінді топтп талқылайды, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды, топтпр өзара сұрақ-жауап жүргізеді Өзара бағалай
ды
VIІ кезең.
ОЖТ
СТО
ОүБ Қорытынды ыстық орындық әдісі арқылы бәйге сұрақтары жасалады, яғни бәйге сұрақтарына оқушылардың бәрі жауап беріп шығады.
( Сұрақтар алдыңғы тақырыптармен байланыстырылса, тіптен ұтымды).
Бағалау
Не білем? Не білдім? Не білгім келеді?
Баға
лау 6 мин
2 мин Жеке дара жұмыс. Оқушылардың бағалауы Жиын
тық бағалау