«О?ушыларды? сыни ойлауын логикалы? тапсырмалар ар?ылы жетілдіруді? тиімді жолдары»


«Оқушылардың сыни ойлауын логикалық тапсырмалар арқылы жетілдірудің тиімді жолдары» Қалалық білім бөлімі
Ғылыми-әдістемелік орталық әдіскері
Сәуле Ибадуллақызы Базарбаева

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С.Якиманская еңбектері жарық көрді. Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: •барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау,салыстыру,жалпылау,саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; •ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. «Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді деп ойлаймын. Мұғалім әрқашан оқушы қажеттілігін қамтамасыз етіп отыруы керек.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, тәуелсіз ойлай алатын, кез келген нәрсені екі жақты қарастыратын, істің мән-жайын дұрыс шеше білетін оқушы  - ХХІ ғасыр оқушысына сай деп тұжырымдай аламын.Оқушылардың көпшілігінің «мұғалімнің өзі түсіндіргені»  оларға қызықты болатын себебі оқушылар кейбір мәліметтерді өз беттерімен толық меңгере ала алатындықтарына күмәнмен қарайды, АКТ қолданған сабақ деп белгілеулері сабақта  көптеген бейнероликтерді қолдану қажеттігін айқындай түсті. «Саған сабақта қандай жұмыс түрі ұнайды?»  тақырыбындағы сауалнама жүргізу керек. Мұғалім оқушыларға жұмыстың түрлерін тізіп береді. Оқушылар ішінен өзіне ұнайтын жұмыс бір ғана  түрін таңдау керек болды. Мысалы нәтижесінде :
№ Жұмыс түрі Оқушы саны %
1 Өз бетімен  жұмыс 2 8
2 Топпен жұмыс 4 16
3 Жұппен жұмыс 3 12
4 Оқушының сабақ түсіндіргені 2 8
5 Рөлдік тапсырмалар 1 4
6 Кітаппен жұмыс 2 8
8 Тест жұмысы 3 12
9 Зертханалық жұмыс 2 8
10 Мұғалім түсіндіргені 5 20
Бұл сауалнамадан  оқушы өз мүмкіндігіне  сенбейтіндігіне, жаңа тақырыпты өз бетімен оқып талдап, талқылай  алатынына күмәнмен қарайды. Рөлдік тапсырмаларда аз белгілеуі өздерінің мүмкіндіктеріне шектеу қоятындығы, көптің алдына шығып сөйлеуге белсенділік танытпайтындығын көруге болады. Осы сауалнамалар қорытындысы бойынша мұғалім оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқып түсінетіндей  сыни ойлау үшін логикалық тапсырмаларды көбірек беру керек. Сондай ақ сыныпта өз бетімен білім алуға дайын, сабақ түсіндіргісі келетін оқушыларға,  практикалақ жұмыстарды орындағанды ұнататын оқушыларға мүмкіндік беру керек.  Оқушылардың топтасып, жұптасып тапсырмаларды орындауға ынталы екендігі, өз білімін бекітуде тест тапсырмалары қызықты болады. Сабақта осы оқушылардың мүмкіндігін пайдалануға болатындығын ескеру керек. Пәннің ғылымилығын ашу үшін өмірдегі болып жатқан жағдайлардан көбірек мәліметтер қолдану, олардың сыни ойлануға мүмкіндік беретіндігін және логикалық тапсырмаларды оқушылар қызығып орындайтындығына көз жеткізу қажет.  Сыныптағы жұмыс  қалпының өзгеруі оқушыларға оң әсер етеді. Олардың бір - бірімен жақын қарым- қатынас жасауына, бірі-бірі тыңдауға топтасып тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берді.  Екіншіден: сыныптағы   қабілетті  оқушылардың   мүмкіндігін пайдалану керек. Олар бір- бірін оқытады. Бұл әрекет арқылы оқушы материалдың 85%-ын меңгереді. Үшіншіден : логикалық тапсырмаларды әр түрлі бағытта жасап оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып оқу материалының 70-80% меңгереді. Сабақта қолданған әдіс- тәсілдердің артықшылығы:
Оқушылар бірін-бірі оқытты,  өздері меңгере алатын мүмкіндіктері  бар екендігіне көз жеткізді;
Жұпта жұмыстанып, топта талқылап бірі-бірінін пікірін тыңдауға дағдыланды;
Өз беттерімен жұмыстанды, шығармашылық тапсырмаларды орындады;
Өзара ой бөлісіп, пікір алмасты, бірін- бірі тексерді,өзін-өзі бағалады;
Алған білімдерін өмірде пайдалана алады;
Сыни ойлау қабілеттері жетілді;
Логикалық түрлі тапсырмалардың шешімін тез табуға ұмтылды.
 Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру: Салыстыру;Талдау; Жинақтау; Қорытындылау; Жүйелеуден тұратын болса осы тәсілдер менің зертеуімнен көрініс тапты.Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, биологиялық  білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек» Оқу материалын оқушылардың  ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да   оқушыларды  үнемі ойланып оқуға бағыттау керек, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, оқушының  шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін,   дарындылығын тану үшін биология  пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аудару керек. Логикалық тапсырмаларды құрастыра отырып олардың сыни көзқарастарын қалапытастыра алды. Сыни көзқарасы қалыптасқан оқушы - функционалды сауатты оқушы. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады. Нәтижесінде: А деңгейіндегі оқушы  логикалық тапсырмаларды тез орындауға ынталанатындығы, табандылықпен жұмыстанатындығын,  В деңгейіндегі оқушы тапсырма орындауда өз білімін толық қолдана алатындығына, әсіресі С деңгейіндегі оқушының қызғушылығы артып,  сабақтарға белсенді қатысу оң нәтиже деп ойлаймын. Зерттеу тақырыбындағы «Оқушылардың сыни ойлауын логикалық тапсырмалар  арқылы жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа толығымен логикалық тапсырмалар арқылы оқушының сыни көзқарасын қалыптастыруға болады.