Сс дыбысы ж?не ?рпі (МАД тобы)


№258 негізгі мектебінің МАД тобының
жетекшісі Айнур Сарсенбаева Бтимбаевна
Күні:20.01.2017 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: С дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: С дыбысы және әрпімен таныстыру. С дыбысына сөз, сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Түрлі –түсті суреттер, С дыбысының баспа және жазба түрі, әліпби, интерактивті тақта, С дыбысына байланысты заттар.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап түсіндіру.
Іс -әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Зейіндерін сабаққа аудару.
Амансыз ба, күн!
Амансыз ба, дос!
Амансыз ба, ғасыр!
Амансыз ба, әлем!
Жақсы адамға мың сәлем!
ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.
Дидақтикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»
- Сауат ашу оқу іс-әрекетинде не үйренеміз?
Әріпті және дыбысты үйренеміз.
-Әріп дегеніміз не?
Әріп дыбыстың таңбасы.
1968545085
23241081280
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Екіге
Қандай ?
Дауысты және дауыссыз
Өткенді қайталау: Балалар  «Б б» дыбысынан басталатын немесе сөз арасында «Б б» дыбысы бар  сөздерді айтады. Айтқан сөздерін буынға бөледі.


Балалар сабаққа дайындалып отырады. 
 
 
 
Балалар белсенділік танытады.
Ұйымдастыру -ізденушілікІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Қыздар құлағына тағадыҚыздар қолына тағады Уақытты көрсетедіСиырдан не алынадыСызуға арналған құралМектепте не оқимыз Кітаптарды қайда саламыз
Кірді немен жуамыз
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

С туралы түсінік (видео)
-Дұрыс айтасыңдар, С с.
Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
СССС
-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?
 
-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.
Балапан дәптермен жұмыс
Жаз: -Балалар, енді  осы С с дыбысын көргілерің келе ме? (видео)
-Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?
-Әріпке қалай айналдырамыз?
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.

Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
ә) С с  әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) С с әрпін әліппе-дәптерге  жаздыру.
в)  Тақтаға жаздыру«Сиқырлы сандық» ойыны
Сандық ішінен С дыбысынан басталатын заттар тұрады. Балалар бір-бірлеп ішінен бір затты алып, оның атауын атап, буынға бөліп, сөйлем құрайды.
Сергіту жаттығуларын жасату
- Дұрыс айтасыңдар. (ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға Тек, алға сағатын беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті аяқталды.
   
- Сырға.-Сақина.-Сағат.-Сүт.- Сызғыш.- Сабақ.-Сөмке.
– Сабын-С с
 
 
 
 
 
 
 
 
-дыбысты естиміз, айтамыз
-жазамыз, көреміз, айтамыз
 
-Дауыссыз дыбыс
 
 
 
 Балалар мұқият тыңдап, ойларын айтады.
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар үлгіге қарап жазады.
 
 
 
 
 
 
-Балалар қимылмен орындайды.
--Кері байланыстылық-түзетушілік
  ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Топқа бөлу
Жұлдызшалармен топқа бөлемін.
Екі топқа қиынды әріптер беремін, әріптерден сөз құрап, буынға бөліп, сөйлем құрау керек.
ҮІ. Оқушыларды мадақтау
Тек алға сағатымен ынталандыру  -Балалар белсенділік танытады.
 
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:  С с дыбысы, әрпімен танысады
Қандай түсініктерді  игерді:  С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында  кездеседі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.