Презентация по казахскому языку на тему Г г ?рпі ?ОІ? МАД тобы


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Айы, күні:
Апта тақырыбы:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Г дыбысы және әрпі
Мақсаты: Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту. Аталған дыбыстар сөздің
қай буынында кездесетінін білдіру.Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық
талдау жасату. Жазуға қолын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: Суреттер, екшелер, қол жаттықтыру дәптермен таныстыру.
Сөздік жұмыс:Гүл, гитара, галстук.
Қостілділік :Гүл-цветок, Гармонь-баян.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне шаттық лебіздерін білдіреді.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Өте дұрыс Балалар шаттық шеңбер жасайды.
Кел бәріміз күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйіп не керек
Көңілді боп жүрейік!
Ізетпен сәлем берейік!
Жауап; Көктем
Күн жылынып, жер көгереді, гүлдер өседі.
Ұйымдастыру-іздестіру Ал балалар мен сендерге бір өлең шумағын оқимын.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер. Не туралы айтылған?
Олай болса Г дыбысымен танысамыз.
Г-дыбысы -дауыссыз дыбыс. Қандай текшемен белгілейміз?
Дәптермен жұмыс
Гитара, егін, кереге сөздеріне дыбыстық талдау жасату, ондағы г дыбысының орын ажыратқызу.
Д/ойын: «Гүл құрастыру».
Ойын шарты бойынша алдарындағы гүл күлтелерінен реттік сан бойынша гүл құрау.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Г дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және дыбыстық талдау жасау. Мысалы; Гүл, галстук, көгершін. т. б.
Д/ойын: «Адасқан әріптер» Балалар зейін қойып тыңдайды.
-Гулдер туралы.
Көк текшемен белгілейміз
Балалар дәптерге орындайды.
Балалар қызығушылықпен ойнайды.
Балалар талдау жасайды.
Дидактикалық ойынды ойнайды.
Рефлексивті – түзетушілік Балаларға жұмбақ жасыру.
Іздеп-іздеп не керек,
Таптық бір гүл керемет
Гүл дегенім бірақта
Болып шықты не?
-Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-Қандай текшемен белгіледік?
-Яғни г дыбысы қандай дыбыс екен?
Жылулық шеңбері: Жасырылған жұмбақты шешеді
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Көбелек
Балалар жауабы
Қол ұстасып тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Г дыбысын тугел білді.
Нені игереді:Г дыбысын басқа әріптерден ажырата білді, толық игерді.
Нені біледі:Г әрпін жаза білді.