Та?ырыбы: Сауат ашу Р дыбысы мен ?рпі (МАД сыныбы)


Күні:
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.
Мақсаты: Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін дамыту. Р дыбысымен таныстыру, р дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: шар, ара суреттері, кеспе әріптер, буын әріптер, текшелер, әріп элементі жазылған плакат, иттің суреті.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог төмендегідей мысалды оқиды:
Райыс, кірпі, ырылдау деген сөздерін буынға бөлдіру.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
ІІ. Негізгі бөлім.
Р дыбысымен таныстыру.
Р дыбысы бар буындарды оқыту ( хормен ).
-ра, -ре, -ру, -ро.
Педагог бірнеше сөздерді оқиды, балалар р дыбысы кездесетін сөздерді айтады. Р дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын және сол сөздерді буынға бөліп айтады.
Қала, қар, қамыс, қарға, қатық, рақат.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ра-ра-ра
Айжан, шашыңды тара.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Әліппе дәптердегі радио, торсық, қасқыр сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Р дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетіндігін түсіндіру. Өткен дыбыстармен р дыбысын қосып, буын, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталатып оқыту.
Р әрпін үлгі бойынша үздік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.
Әліппе дәптердегі соңғы тапсырманы балаға өздік жұмысы ретінде беруге болады. Бос торкөздерге сөз құрастырып жазғызу.
ІІІ. Қорытындылау.
Шар, араның суреттерін көрсетіп, аттарын атату, «р» дыбысын тапқызу, әріп текшелермен осы сөздерді құрастыртып жазғызу.
Шар, ара сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастыру. Буынға бөлгізу.
Өз ойларынан р дыбысын қатыстырып, сөйлем құрастыру. –ра, -ро, -ру буындарын бірнеше рет хормен және жеке-жеке айтқызу.