Та?ырыбы: Ою-?рнек туралы т?сінік. Ма?саты: 1.Ою — ?рнекті? шы?у тарихы жайында жалпы т?сінік беру, ою оюды ?йрету 2. О?ушыларды эстетикалы? тал?амын дамыта отырып,шеберлікке, ?семдікке,адамгершілікке,??ыптылы??а т?рбиелеу. 3. ?ол ептілігін дамыту,ой ?иял


Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамыту және жазбаша жұмыстарға қойылатын бірыңғай талаптар
«Өнер алды – қызыл тіл» дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.
Ең алдымен сөзімізді мектепте немесе сыныпта болуға тиісті стендтерден бастасақ. Жалпы мектепте, ең құрымағанда қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеттерінде «Өнер алды – қызыл тіл» немесе басқа тақырыптарда жасалған стендтер міндетті түрде болу керек сияқты. Олар, бір жағынан, оқушыларға көмекші –нұсқау қызметін атқарса, екінші жағынан, бүкіл мектеп ұжымының назарын басты арнаға, келелі мәселеге аударады.
Үлгі:
“Өнер алды - қызыл тіл”.
Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлуда ойлы сөйлеуге үйренейік.
Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы – кітап.Олай болса, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздермен, сөйлемдерге назар аудар, есіңе ұста, өзіңнің сөзіне пайдалан.
Әдемі сөйлеудің қазыналы, көзді бұлағы халық тіліңде:
а)Шешендікке, ақыл-нақылға негізделген даналық сөздерге назар аудар. Ол үшін жыраулар толғаулары, термелер мен жырларды, ауыз әдебиеті үлгілерін көп оқы.
ә)Мақал-мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды пайдалануға тырыс.
б)”Шешендік қоржынын” жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, жазба жұмыстарыңа пайдалануға тырыс.
“Ең әдемі сөз – аз сөз” дейді халық. “Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын” дегені тағы тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес, Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс.Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы – қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, “әй,әй” деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік.
Сөйлеу мәдениеті деген – ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол.Екіншіден, айғалап, дабырлап, екіленіп сөйлеме.
Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы, басыңқы сөйлеуге тырыс.Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме.Өзің де айтарыңды жинаңқы етіп жеткіз.
Әрине, бұл нұсқауды оқып, балалардың барлығы әдемі сөйлеп кетеді деген ұғым тумаса керек.Тіл дамыту – әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы.Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек.Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі \көңіл аударып отырады.Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек.Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.
Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді.Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісіТабиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.2. Мәтін оқу әдісіМәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістеріОқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.4.Жазбаша жұмыстарды:
1)Хабарлау2)Баяндау3)Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісіБұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б.6. Мәнерлеп оқу әдісіТіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.Ойды көрікті, мағыналы етіп жеткізуде сөздікпен жұмыс жасаудың септігі мол. Түсінігі қиын сөз, сөз тіркестерін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөздік жұмысын үзбей қолдану барысында көркемдегіш ерекшеліктерді танытудағы басты мақсат сөздік қорды жаңа бейнелі сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыру негізінде дамыту.Қорыта айтқанда, қандай пән, қандай сабақ түр болсын тіл дамыту, сөздік қорды байыту үнемі жүргізіліп отыратын жұмыс.Өкінішке орай, кейде басқа пән мұғалімдері тіл дамытуды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне тән мәселе деп қарап, оқушы тілін дамытуға онша көңіл бөлмейді. Оқушының ой - өрісін кеңейту, тілін дамыту, сөз байлығын молайту барлық пән мұғалімдерінің айрықша көңіл бөлетін мәселесі болу керек. Сондықтан мектепте түрлі әдіс - тәсілдерді, мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін дамытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, тәрбиелеуге үлкен мән берген жөн.Ана тілді жетік білу, қастерлеу, ардақ тұту да осыдан келіп шығады.
Талаптар:1.Тілдің( ауызша және жазбаша сөйлеудің)негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдары:сөйлеу-сөйлем-сөз-буын-дыбыс-әріп туралы қарапайым түсінік
2.Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тыңдалым және айтылым бойынша меңгеру.(сөзді,сөйлемді,мәтінді тыңдауды,сөздің мағынасын,сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді
3.Мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді,мазмұнына талдау жүргізуді,естігенін немесе оқығанын түсінуді және мазмұндап айтып беруді,жатқа айтуды
4.Оқылым бойынша(дауыстап ,іштей оқу,дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді мәнерлеп оқу)
5.Жазылым бойынша(дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді,жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді,сөйлемді,сөздідұрыс көшіруді,жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді(бас әріп, тыныс белгі)орфография ережесін сақтау
Қортынды: ауызша тіл дамыту әдістерін қолданып,талаптарды орындағанда оқушы алған білімді,ақпаратты талдай,жинақтай,өңдей және өмірде қолдана білуді,шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

Баяндама:
Оқушының ауызша және жазбаша
тілін дамыту және жазбаша
жұмыстарға қойылатын бірыңғай талаптар
Дайындаған:Кажимова Б.А.
Орал 2015жыл
1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      14. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:      1) тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды: сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;      2) қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;      3) орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар мен әріптерді;      4) дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;      5) әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;      6) бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);      7) тасымалды және тасымалдауға болмайтын жағдайларды;      8) сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын;      9) сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;      10) сөйлемнің, сөздің, буынның, дауысты, дауыссыз дыбыстардың графикалық белгіленуін;      11) а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерін және олардың емлесін; қосарлы дауыстылар (и, Ұ, я, ю) кездесетін сөздерді дұрыс жазуды.      15. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша. Тыңдалым және айтылым бойынша меңгеруі қажет:      1) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді;      2) сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;      3) сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;      4) естігенін немесе оқығанын түсінуді және оны мазмұндап айтып беруді;      5) қарым-қатынас барысында сыпайы сөздерді (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) қолдануды;      6) мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді;      7) оқылған мәтіннің мазмұнына талдау жүргізуді;      8) әңгімелесуге, диалогқа, дидактикалық ойындарға қатысуды;      9) 1-2 шумақ (4 жолдан тұратын) шағын өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтуды.      16. Оқылым бойынша:      1) дауыстап және іштей оқуды;      2) сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;      3) сөздерді бір қалыпты және ұғына отырып оқуды (оқу жылының аяғында минутына 30-40 сөзден тұратын мәтінді);      4) дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді (мәтінді) мәнерлеп оқуды;      5) оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;      6) мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап табуды, мазмұнын айтуды; тақырып бойынша үш-бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды.      17. Жазылым бойынша:      1) дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;      2) қазақ әліпбиінің барлық әріптерін (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;      3) жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді (10-15 белгіден артық емес), сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), сөздерді (10 сөзден артық емес) дұрыс көшіріп жазуды;      4) жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді (сөйлемді бас әріппен жазу және соңында сәйкес тыныс белгісін қою);      5) сөздерді (5-6 сөз) және сөйлемдерді (2-3 сөйлем) есту арқылы жазуды;      6) жазу барысында кейбір орфография ережесін (сөздерді тасымалдау; адамның аты, фамилиясы, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атауларды бас әріппен жазу) қолдануды.      18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту, гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;      2) туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға және қорғауға деген ұмтылысынан;      3) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;      4) салауатты өмір салтын ұстануынан;      5) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;      6) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынан көрінеді.      19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:      1) дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан, жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі (? !.) қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуінен және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауынан, сөйлеуден тілдік бірліктерді айырып көрсете алуынан;      2) оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуынан;      3) шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысынан;      4) дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуынан;      5) ауызша және жазбаша тілінің дамуынан, ойын нақты, түсінікті, толық, жүйелі жеткізе алуынан;      6) шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау әдістерін қолдана білуінен көрініс табуы қажет.

2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      47. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:      1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді;      2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;      3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін;      4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін;       5) сөйлемдегі сөздердің байланысын;      6) сөз мағыналарын;      7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын.      48. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:      1) сөзге дыбыстық талдау жасауды;      2) сөз құрамына талдауды;      3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды;      4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;      5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);      6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;      7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.
3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      49. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:      1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін;      2) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы байланысты;      3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;      4) қаратпа сөзді;      5) дыбыс және әріп, олардың емлесін;      6) сөз және оның мағынасын;      7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын;      8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды;      9) түбір мен қосымшаның жазылуын.      50. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:      1) жоспар бойынша әңгімелеуді;      2) үлгі бойынша сызба құрастыруды;       3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды;      4) сөз құрамына талдауды;      5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды;      6) мәтінге жоспар құруды;      7) жалаң және жайылма сөйлем құрастыруды;      8) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды;      9) түрлі жанрда шығарма құрауды (әңгіме, хат, хабарландыру);      10) өткен тақырыпты қайталау үшін 55-60 сөзден (диктант) тұратын мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды;      11) сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар, ұжыммен құрастырған жоспар бойынша (60-70 сөз) мазмұндама жазуды;      12) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды.
7. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      51. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:      1) мәтін және оның түрлерін;      2) сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін;      3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін;      4) сөз тіркесін;      5) буын және дыбыс үндестігін;      6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын;      7) күрделі сөздерді және оның түрлерін (біріккен сөз, қос сөз);      8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін;      9) сөз таптарын және түрлену жүйесін.      52. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:      1) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;      2) сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды;      3) жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді;      4) мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды;      5) жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;      6) өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды;      7) берілген мәтінге жоспар құруды;      8) қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді;      9) диктант (көлемі 65-75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60 сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды.      53. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:      1) Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсінігі болуы және оны құрметтеуінен;      2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен;      3) өз ана тілін білуі және құрметтеуінен, өз халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;      4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға және қорғауға ұмтылуынан;      5) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілділігінен көрінеді.      54. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:      1) бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан;      2) алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;      3) шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет
Қортынды: ауызша тіл дамыту әдістерін қолданып,талаптарды орындағанда оқушы алған білімді,ақпаратты талдай,жинақтай,өңдей және өмірде қолдана білуді,шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.
Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Сабақ  - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
 
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.
Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру – тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тендеңциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.
Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек.Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың  пайымдауын дамыту,  олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын  қалыптастыру, оларға осы қатынастар  негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды   тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың  жойылуына алып келеді.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге  итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің  қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды  болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7.  Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8.  Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
9.  Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек.Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады.
Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.
12.  Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады.
Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.
13.  Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.
14.  Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.
16.  Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушыларды4 арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.
Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді  білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.
Сабақты құруға қойылатын талаптар:                                           
1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.
2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың
уақытқа байланысты арақатынасы.
3.  Идеялылығы мен  ғылымилығы.
4.  Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.
5.  Жаңа материалдар беру.
6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
7. Өмірмен байланыс.
8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын пайдалану.
9.  Кітаппен жұмыс істеу.                            :
10.  Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.
11. Дайындық  жаттығуларын ұйымдастыру.
12.  Оқушылардың жұмысындағы дербестік.
13.  Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.
14.  Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.
15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.
16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)
17.  Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
18.  Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі
19.  Бағалардың сәйкестігі және  оларға аннотация.
20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
21.  Сабақ өткізу қарқыны.
22.  Мұғалімнің педагогикалық әдебі.
23.  Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.
25.  Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
26.  Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.
27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.
28.  Оқу техникасы.
29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.
30.  Көркем шығармаларды оқу.
31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.
Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқушылардың білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді: Оның бастылары:
1. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі-(кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек. Сондықтан сабаққа дайындалар кезде мүғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек.
2. Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы - бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу. Дұрысында, мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы оқушылар жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін, едәуір жақсы үлгірімді оқушыларға (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.
3. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы-бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы  (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.
Сабақтын құрылымы - бұл сабақтың элементтер жүйесін ұйымдастыру, мұғалімнің және оқушылардың тиімді еңбек етулеріне әсер етеді.
4. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы-бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру. Бұл жағдай сабақтың тиімділігін  көтеруде алдыңғы жолдың жалғасы болып саналады.
Нашар ұйымдастырылған сабақтардың басты қайшылығы: мұнда мұғалімнің көп уақыты  сабақты ықыласпен тындап отырған кейіп көрсетіп, өздері енжарлық танытқан оқушыларға кетеді.
5.  Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және  пәнішілік байланысты сақтау. Пәнішілік байланыс-бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді. Пәнішілік байланысты үнемі жүзеге асыру оқушыларға қандай да бір ұғымдарды тікелей оқып білу процесіндегі ғана емес, басқа тақырыпты оқып білу кезіндегі де заңдарды, яғни үнемі оқып білетін пәннің маңызды жағдайларын есте сақтау керектігіне мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру басқа оқу пәндерінің (гуманитарлық, жаратылыс - математикалық) ерекшеліктеріне байланысты. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін мұғалімдер өздерінің оқушылары берілген уақытта не өтіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.
6. Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.
Бұл мақсатпен техникалық құралдарды (ақпараттық-коммуникациялық), әр түрлі карточкаларды-тапсырмаларды, сауалнамаларды, тестілерді (оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқдеген сөзбен жауап беруі керек) пайдалану, өзара тексеруді  қолдану қажет. Яғни әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.
7. Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктілігінің (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.
Ақпараттандырудың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, оқушылардың ойлау тиімділігі төмендей бастады. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, оқушылар оқулықта керекті материалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, тезистер, конспект  жасай білуге және т. б. үйренуі керек.
Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ
Білім жүйесінде мектеп негізгі саты болып табылады, онда шы-ғармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Адамды өнертапқыштыққа үйретудің басты жолы бар, ол шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметің мәнін құратын құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары (жинақылық, ұқыптылық, қажырлылық, мінез-құлық және т.с.с.) көмекші қызметті орындайды. Шығармашылық қызметтің құрылымы:
1. Бұрын меңгерілген білімін және біліктілігін жаңа жағдайға дербес көшіру.
2.  Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.
3.  Объектінің жаңа қызметін көре білу.
4.  Объектінің құрылымын анықтау.
5.  Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
6.  Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.
Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметке енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Атап айтқанда: жоба, үлгіні қорғау, дөңгелек үстел, пікір-сайыс, «ХХІ ғасыр – көшбасшы» интеллектуалдық марафон және т.с.с. Шығармашылықтың осы түрлерімен  қатар, жоспар құру мен кіріктіру  және атақты адамдардан сұхбат алуды қолдануға болады. Шығармашылықтың келесі бір түрі жоғары сыныптардағы ойын. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы саясаткерлер, ғалымдар, әлеуметтік, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары ролінде және облыс (қала) бойынша проблемалар туралы әр түрлі пікірлердің айтылуы жөнінде.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.
Шығармашылық сабақты әзірлеу
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.
Білім беру жүйесін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "түрлі"  тапсырмамен анықталады.
Оқушылардың шығармашылық деңгейі тапсырманың мазмұнына тәуелді екені тәжірибеде дәлелденген. Егер тапсырма нашар берілсе немесе тапсырма оның өзінің тәжірибесі мен негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.
Тапсырмаларға қойылатын талаптар:
-  тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға, оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;
-   тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;
-  тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.
Шығармашылық сабақтарды анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.
Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 түрі бірін-бір ауыстырады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік қызметі болады.
Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген. Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне қамтиды (А. В. Хуторской).
Когнитивті үлгідегі сабақтар:
— тәжірибе сабақ;
— бақылау сабақ;
— объектіні зерттеу сабағы;
— ізденіс сабағы;
— зертханалық — практикалық сабақ:
— проблема қою және оны шешу сабағы;
— түсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гипотезаны);
— теорияны құрастыру сабағы;
— концерт сабақ, әлем суреттемесін немесе оның бөлігін жасау сабағы;
— бірінші басылымдармен жұмыс сабағы;
— кіріктірілген сабағы;
— метапәндік сабақ;
— пәнаралык сабақ;
— философиялық талдау қорыту сабағы;
Креативті үлгідегі сабақтар;
— міндеттерді құру және шешу сабағы;
— диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);
— қайшылықты сабақ;
— қиял сабақ;
— өнертапқыштық сабақ;
— техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени,  педагогакалық) шығармашылық сабақ;
— жобалау, модельдеу сабағы;
— рәмізді — шығармашылық сабағы;
— тарихты "өзгерту" сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);
— эвристикалық жағдай сабағы;
— жаңалық ашу сабағы;
—  шығармалар сабағы;
— іскерлік ойын;
—  рөлдік ойын;
— саяхат сабақ (нақты, виртуальды);
— керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);
— болашақ мектептегі сабақ;
—  болжамдық сабақ;
—  шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;
—  олимпиада сабағы;
—   шығармашылық талдау қорыту сабағы;
Ұйымдастыру қызметтік үлгідегі сабақтар:
— мақсатты есептеу сабағы;
— нормативті-шығармашылық сабақ;
—  жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;
— жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;
—  топтық жұмыс сабағы;
—  кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);
— жоба сабақ;
—  өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);
—  рефлексия сабағы;
Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:
—  бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);
—  рецензиялау сабағы;
—  өзара бақылау сабағы;
—  вернисаж сабағы;
—  көрме сабағы;
—  аукцион сабағы;
—  конференция сабағы;
—  жарыс сабағы;
—  КВН сабағы;
—  сот жүргізу сабағы;
—  спектакль сабағы;
—  "дөңгелек үстел" сабағы;
—  панорамалық сабақ;
—  шығармашылық есеп.
Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақты сабақтарды өткізеді және әзірлейді.
Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру ерекшеліктері және кезеңі:
1.  Шығармашылық сабақтың жоспары - бұл мұгалімнің білім бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір тақырыпта (тарауда) тапсырмаларды жоспарлаудан басталады. Мұғалім бір-бірімен байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, олардың мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін, қызметтің басым болған түрлерін күтілетін нәтижелер бойынша жүзеге асырады. Сонда пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгендей оқушылардың басты білімділік нәтижелері қалыптасады және оқылып жатқан тарауда жетістікке жету жүзеге асады.
2.  Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың шығармашылық шамасын өзектендіру. Сабақ өткізілетін сыныптағы оқушыларының ерекшеліктері ескеріледі. Өткен сабақтың едәуір сәтті элементтерін еске түсіреді. Оқушылардың жағдайына ене отырып мұғалім оймен тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ процесінде, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың құралдарын түзетеді.
3.  Мұғалім тақырыптың проблематикасынан өзіндік қарым-қатынас қалыптастырады. Бұл мақсатта оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысады. Мұғалім өзіне қызықты (онда бұл проблемалар оқушыларға да қызықты болады) проблемаларды іздестіреді. Осы проблемаларға мамандардың (ғалымдардың) қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан түрлілігін белгілейді және табады. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы мұғалімдердің алдын-ала білімі сабақта баланың пайымдауына оларға авторлардың жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік бағыттарын ескермей кетпеуге көмектеседі.
4.  Сабақтың мәнін анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты оның мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу маңызды. Оқушылардың жеке білімділік бағдарламасының бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөнінде мәлімет болуы пайдалы.
5. Сабақтың идеясы әзірленеді, яғни сабақтың таңдап алынған үлгілерімен оның нәтижесі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оның барысында бір немесе бірнеше тапсырмалар ұйымдастырылып, әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
6. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білім стандарттарына сәйкес келуі.Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық туындысына күні бұрын баламалар таңдап алынады. Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.
7. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі мақсатын нақтыландыру, оқушыға қатысты мақсаттың деңгейлеріне мысал келтіру.
8. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқаларын әзірлеу. Сабақтың талаптарының бірі-«сабақтың тынысы», яғни оқушылардың іс-әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық «дауысты жұмыс), одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы шешеді (даралық, «ақырын» жұмыс), әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-топтық «дауысты» іс-әрекет), аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді.  Әр оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық «ақырын» іс-әрекет).
9. Сабақтың конспектісін жазу. Оның үлгісі:
-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;
- сабақтың түрі;
- сабақтың мақсаты;
- сабаққа қажетті материалдар және жабдықтар;
- білім, білімділік бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;
- сабақтың басты проблемасы;
- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері мен түрлері;
- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары бойынша тапсырмалар беріледі, мысалы: «Өз әлеміңнің суретін сал»; 
- оқушылардың тапсырмаларды орындауы бойынша күтілетін нәтижелері (нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);
- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;
- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп тақтасының түрі;
- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;
- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау-бағалау түрі;
- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);
- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет жүйесіндегі және т.б.);
- мұғалімнің сабаққа дайындалуында қолданылған әдебиеттер және басқа материалдардың тізімі;
-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен оны қарастыру қортындысы.