?дебиеттік о?у. 2 сынып. Та?ырыбы: Жеті ?азынаны? бірі


Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.Сабақтың мақсаты : Мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру. Балаларға жеті санының киелі екенін, ертегі арқылы адам мен жануарлар арасындағы қарым-қатынасты тануға үйрету.Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнын түсінеді, өз ойын жеткізе алады, жеті қазынаны есте сақтай алады.Әдіс-тәсілдер: СТО, диалогтік әдіс, сұрақ-жауап, топтастыру,Көрнекі-құралдар: Суреттер,стикер,түрлі-түсті бояулар.
Сабақтың бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі. Ынта қою, балалардың назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі күн бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Психологиялық дайындық жүргіземін.
Оқушыларды топқа бөліп аламын.Топтық ережені еске түсіреді Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа керекті құрал-жабдықтарын түгелдеп алады.Шаттық шеңбер жасайды,Қуан шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін!Қайырлы күн! Бәріміз күндей жарасайық! Бәріміз дос болайық!
Миға шабуыл Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы пысықтап шығамын. Кішкене допты лақтыру арқылы сұрақтар қоямын. Оқушылар допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім: Балалар, бір аптада неше күн бар?Атап шығайық.Неше күн бар екен.-яғни, жеті күн бар екен.
Біздің ата-бабаларымыз «Жеті атасын білу міндет» деген. Кане кім біледі екен.Барлық жерде жеті саны жиі кездеседі.
Олай болса тыңдаңдар:Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан»-деп есептейді. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Ата, әке, бала,немере, шөбере, шөпшек, немене.
Оқушылар топтарымен ойласып сұрақтарға жауап береді.
Ой қозғау. Кітаппен жұмыс: Ертегіні оқу.Азат жолдар бойынша мәтінді бөліп беремін. арыстан, түлкі, қасқыр, иттің маскаларын таратып беремін. Мәтінді түсініп оқу арқылы шағын көрініс жасайды.
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс: Берілген сөздерді жазып мағынасын түсіндіру. Оқушылар мәтінді оқып ертегіні белгіленген жерге дейін маскаларды тағып сахналық көрініс жасайды.
Берілген сөздерді дәптерлеріне жазып алып, мағынасын түсіндіреді, Әр топ өз ойларын айтып жеткізеді.
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдынан жел еседі.кіп-кішкене ағаштар,Үп-үлкен болып өседі. Балалар қимылмен жасау арқылы бойларын бір сергітіп алады.
Ой толғаныс. Суреттер бойынша әнгіме құрастыру. Яғни, жеті қазынаға нелер жататынын білу. Әр оқушы өздеріне ұнаған жеті қазынаның суреттерін салады. Суреттерге қарап жеті қазынаны атап шығады.Ер жігіт, сұлу әйел(ана),ақыл білім, жүйрік ат, мылтық,
Қыран бүркіт, ит.
Топтастыру. Топтық тапсырма.1-топ Осы мәтіннің жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме жазу.2-топ. Венн диаграммасы.Арыстан мен иттің суреттері арқылы салыстыру жасау.3-топ. Итке сипаттама жасау.1.Жақсы көретіні-2.қорқатыны-3.Болашақта күтетіні- 4.Мекен- жайы- 5.Сезімдері- Үш топ әрқайсысы өздеріне берілген тапсырмаларды орындап,түсіндіріп береді.
Қорытынды. Сұрақтар қою арқылы мәтінді пысықтап қорытындылап шығамын.1. Ертегі қалай аталады?2. Жеті қазынаны ата?3.Арыстан өзі туралы не білгісі келді? Сұрақтарға жауап айтып қорытынды жасайды.
Үйге тапсырма беру
Бағалау.
Рефлексия. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Оқушыларды тапсырмаларға байланысты бағалау.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма? Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып,бағаларын қойдырып алады.
Кері байланыс береді.
«О. Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Жеті қазынаның бірі»
Дайындаған: Шепетова М
2016-2017 оқу жылы