Жеті ?азынаны? бірі та?ырыбында?ы шебер сынып 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.
Мақсаты: Білімділік: Мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Жеті қазына суреттері, шалдың суреті, сөздерге тұсінік, керек дерек сөздері, топтастыру, постер, семантикалық карта, ребус, «Биопоэма» әдісі,
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Түрі: Ертегі жарыс сабақ.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар сабағымыз күнделікті сабақтардан өзгеше болмақ. Себебі біздің білімімізді көруге ұстаздарымыз келіп отыр. Бар ынтамызбен сабаққа қатысуға дайынбыз ба?
Балаларға Ы. Алтынсариннің өлеңін оқудан басталады.
Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
Мал-дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы
Күнен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар. – деп Ыбырай атамыз айтқандай өмірі таусылмайтын, мәнгі сақталатын не нәрсе деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін сабақтың соңына дейін жақсы атсалысып отырсаңдар білесіңдер.
-Олай болса бүгінгі сабағымызды ертегімен байланыстырғым келіп отыр. Ертегіні бәріміз жақсы көреміз я.Енді ертегіні тыңдай отырып қиыңшылық туып жатса көмек көрсете аламыз ба? Біздің міндетіміз үлкендерді сыйлау, құрметтеу. Сол себепті ертегідегі кейіпкерге көмектесейік.
-Ертеде бір Қазына деген қарт болыпты. Оның жанына жалау болатын есімінен басқа еш нәрсесі болмапты. Күндердің күнінде ол өзіне серік іздеп жолға шығады. Әр түрлі кедергілер тап бола беріпті........
-Ал балалар осы қартқа серіктерін табуға көмектесеміз ба?
-Олай болса бірінші кедергісі нен шығу үшін үй тапсырмасын пысықтайық.
Үйге не берілді? (Б. Момышұлының Ұшқан ұя кітабынан «Мүшел жас» мәтінін оқып түсініп келу. Туған күндеріңді қалай тойлатасың, мәтінді оқу, мақал-мәтел жазу.
-Мен сендердің қалай оқығандарыңды білу үшін әр топқа тапсырма берейін соны тез арада орындап беріңдер.
І-топ: Б. Момышұлы топтастыру
ІІ-топ: Мүшел жас топтастыру
ІІІ-топ: Семантикалық карта толтыру.
-Жақсы балалар Қазына қарттың бірінші кедергісінен құтқарып , бірінші серігін табуға көмектестіңдер. Ол кім екен? (Ер жігіт суретті тақтаға ілу)
Қарт Қазына әрі қарай жүреді.
Екінші кедергісінің тапсырмасы. Туған күндеріңді тойлату туралы шағын шығарма І-топ, Мақал-мәтелдер жаттау ІІ-топ, Туған күн жайлы бір шумақ өлең айту ІІІ-топ қа берілген болатын ( тапсырманы орындау)
Қазына қарт екінші серігін жолықтырды ол Ақыл, Білім екен. ( суретті тақтаға ілу)
Қазына қарт тағы алға қарай жылжып жүрді. Келесі кедергісі Суретті жұмбақ екен Шеше аламызба?
Ребус шешу. (жауабы: Жеті қазынаның бірі)
Қарт үшінші серігін тапты ол, ( Ана суретті тақтаға ілу)
Қарт тағы ілгері жүреді.
Балалар жалпы қазына дегенді сендер қалай түсінесіңдер?
кітап
үй

алтын
Дүние-мүлік
Қазына

байлық

Асыл тастар
ақша
Мәтінмен жұмыс: мәтінді оқып екінші азат жолынан (Сіздің қайырымыңыз шексіз,-депті...) кейін тоқтап сұрақ қоямын. Егер сендерді біреу мақтаса қандай сезімде боласыңдар? (мақтаныш, қуаныш, рахаттану) Осы екі бөлімге сендер қандай тақырып қояр едіңдер? (Аңдардың жиналысы.)
Әрі қарай ертегіні оқу.Төртінші бөлімнен тоқтап (Дереу арамыздан аластатыңдар!-депті күндей күркіреп.) сұрақ қоямын
Ит неге әңгімеге араласқысы келмеді?
Итті Арыстан қалай жазалауы мүмкін?
Бұл бөлімді қалай атасақ болады? (Арыстанның қаһары)
Әрі қарай ертегінің соңына дейін оқу.
Сұрақ: Ит қайда кетті?
Иттің кеткені дұрыс болды ма?
Сендерге иттің қай сөзі ұнады?
Бөлімге ат қою. (Ит-адамның досы)
Міне балалар Қазына қартта төртінші серігін жолықтырды. (Жүйрік тазы тақтаға ілу)
Мәтінді оқушыларға оқыту (әр топтан 3-4 оқушыға)
Сендерге риза болған Қыран бүркіт Қазына қарттың қолына келіп қонды (тақтаға ілу)
Дәптермен жұмыс: Енді балалар осы бөлімдерді дәптерімізге әдемі етіп жазып аламыз, астына сандықшадағы сөздікті жазыңдар (Аластау-қуып жіберу, Құйрық (қол) үзу- араласпай, қатыспай кету)
Сергіту сәтін орындаймыз.
Ойнап-күліп жүру керек. (қолды жоғары көтеріп саусақтарымызды қимылдатамыз)
Ойлап жүріп-тұру керек (қолды белімізге қоямыз)
Жеті жасқа жетпей бала (қолдарымен жеті санын көрсетеді)
Жеті қазынаны білу керек. (қолды бір-біріне соғу)
Қарт Қазына тағы әрі қарай жылжи берді.
Ойтолғау: «БИОПОЭМА» әдісі оқушыларға тақтаға ілінген кестені толтырту.
Аты-ит
Сипаттайтын сөз- адал, суыққа төзімді
Жақсы көреді- сүйек
Қорқатыны-қасқыр
Басынан өткен сезімдері – егесіне еркелейді
Болашақтан күтетіні- иесінің амандығы
Мекенжайы- үйшік
Тегі- жабайы иттер
Міне балалар Қазына қартта алтыншы серігін тапты ( Жүйрік ат тақтаға ілу)
Ал балалар сендер әр тапсырманы орындап шаршаған боларсыңдар енді қарт Қазынаның ізегенін табуға мен де көмектесіп жіберейін сендер де мұқият тыңдаңдар. Саналарыңа құйып, біліп жүргендерің дұрыс.
Тақтаға ілінген керек-дерек сөздерді оқып түсіндіру.
Міне Қазына қартта өзінің іздеген соңғы серігін табуға көмектемтік. ( Ит тақтаға ілу)
Міне осылайша қарт Қазына жеті серігін тауып «Жеті қазына» деп ел аузына тарап кеткен екен.
Қорыту: Қане балалар мына топтастырған жете қазынамызды атап шығайықшы. (Ер жігіт, Ана, Ақыл-білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы) Жаңа сабақтың басында Ы.Алтынсариннің өлеңінде айтқандай біз үшін нағыз таусылмайтын қазына ол оқу, білім, тілің менен дінің, салт-дәстүрің.
Үйге тапсырма: Жеті қазынаның бірі оқу (45-46 бет) Дәптерге жазылған жоспар бойынша мазмұндама жазып келу.
Бағалау: Оқушыларға таратылған бағалау парағы бойынша бағалаймын.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақ. Ребус шешу.
Мәтінмен жұмыс:
Дәптермен жұмыс:
Сергіту сәті.
Ойтолғау:
Керек-дерек
Қорыту:
Үйге тапсырма:
Бағалау:
№27 Дихан орта мектебі
Әдебиеттік оқу
Ашық сабақ:
«Жеті қазынаның бірі»
2 сынып
Мұғалім: Өрісбаева Қ А
Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп атаған. Олар:
Ақыл, ой-сана
Денсаулық
Ақжаулық
Бала
Көңіл
Жер
Су
Ал ислам аңызы бойынша жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Қыдыр (қызыр)
Бақ
Ақыл
Денсаулық
Ақжаулық
Тұз
Ит
Нағыз таусылмайтын қазына біз үшін: Білім, Оқу, Тіл менен дінің, Салт-дәстүрің.