Научная работа на тему Экологическое состояние водоёмов Казахстана


Астана қаласының Білім басқармасы
«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық
орталығы
№29 орта мектеп
5 «Б» сынып
Утебаева Гүлжамал
Су қоймалардын жағдайы
Бағыты: Экология
Жетекшісі: Есен Ұлтуған Сабыржанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы -2015 жыл
Аннотация
Көктем – табиғатқа әсем нәр беретін уақыт, сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарының қызатын шағы. Бірақ көктемдегі тасқыннан төнетін қауіп те тұрғындарды алаңдатпай қоймайды. 
Биыл еліміздің көптеген аймақтарында қар қалың түсті. Енді, міне, қыстың қаһары да кетіп, аяғы көрініп қалды. Әне-міне дегенше көктемнің жылылығы жетіп, қалың қардың көбесі сөгіледі. Оның арты бірқатар жерлерде қар көшкініне, тасқын суға да ұласатыны сөзсіз. Сонда тау, тасты, сай-саланы қуалай аққан қызыл судың қуатына қарсы тұрып, төтеп берер су бөгеттері мен тоғандары құрылыстарының қауқары қандай болмақ? Жаман айтпай жақсы жоқ деген, кенеттен орасан су тасқыны болып жатса, гидрожелі тоғандардың қауіпсіздігі сенімді ме? Міне, көңілді алаңдатқан осындай мәселелерге байланысты облыстардағы тілшілерімізге тығыз тапсырма беріліп, артынша аймақтардағы су тоғандары мен су қоймаларының қазіргі жай-күйі туралы нақты мәлімет алдық. 

Көксарай су қоймасы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 19 ақпан 2014 жыл.

Кіріспе
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,Қажығанда бойыңа қуат болар - деп ақын жырлағандай табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет - қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жергеәсерін тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы. Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін - бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір - біріне сый - құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам – табиғат перзенті.
Негізгі бөлім
Қазақстанда нақты су қоймасының саны – 270. Оның 62-сі – республикалық маңызы бар су қоймалары. Олардың жарамды-жарамсыздығы қаншалықты екенін осы статусынан да аңғаруға болады. Өйткені республикалық маңыздағы су қоймаларының қауіпсіздігі ұдайы қадағаланады.Ал жергілікті су қоймалары туралы олай айту қиын. Мүлде жарамсыз деуге болмайды, көбін жөндеу керек. Мысалы, 2012 жылы Жамбыл облысындағы су бөгеттерінің жағдайын тексеруге қатыстым. Көкпекті, Қызылағаш сияқты, одан да кіші 30-ға жуық су бөгеттерін көрдік. Сондағы қорытынды бойынша 60-70 пайызға жуығының тозығы жеткені мәлім болды.Қазақстандағы гидроқұрылымдардың басым көпшілігі 1950-1975 жылдары салынған. Ол кезде, Совет Одағы уақытында мұндай құрылымдарға қатаң жауапкершілікпен қарайтын. Гидротехникалық талаптарға сай салынған бөгеттер кез-келген табиғи тасқындарға бұзыла салмайды, тіпті, 150-200 жылға дейін жарайды. Бірақ уақытылы жөндеу жасамаса, бәрі де табиғи түрде тоза береді.   
Бұзылған Қызылағаш су бөгетінің орны. Алматы облысы, 23 сәуір 2011 жыл.
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Көкпекті су қоймасының бөгетін су шаю салдарынан 4 адам мерт болды.
Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Көкпекті су қоймасының бөгетіне көп мөлшердегі судың құйылуы мен шлюз камерасы су өткізу төзімділігінің нашар болуына байланысты 2014 жылғы 30 наурызда сағат 18.30-дан бастап бөгет арқылы локальды су арнасынан асты.
Төнген қауіпті есепке ала отырып бөгетті шайып өту Көкпекті кентінің халқын хабардар ету және 70 аула мен Қарағанды қаласы Сортировка кентіндегі өзен арнасын жағалай орналасқан (210-ға жуық адам) 30 аула (150 адам) тұрғынын эвакуациялау жұмысы жүргізілді.
2014 жылғы 31 наурызда сағат 1.30-да Көкпекті су қоймасы бөгетін су шаю салдарынан Көкпекті кентінің биіктігі 1,5-1,8 метр 100-ге жуық үйді (барлығы 810 үй) су басты.
2014 жылғы 31 наурызда сағат 2.45-те ауылдағы судың деңгейі төмендей бастады.ТЖ-ны жоюға және су басқан тұрғын үйдің халқын эвакуациялауға ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасының бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс полкі, өтімділігі жоғары техника, жеке құрамнан 124 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.
2 «В» сынып оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы
Егер су тасқыны болатынын алдын ала білсеңіз, өзіңізбен бірге қандай үш зат алар едіңіз?
Оқушылардың жартысы өздерімен бірге қымбат заттарын алатынын тізбектеп жазды.
Су тасқыны болғанда қорғану үшін,сіздің домбыраңыз бен құжаттарыңыздың қажеті жоқ болады…
Қорған бола алмайды егер су тасқыны күтпеген жерден келіп қалса. Бірақ сен алдын ала білсеңіз деп отырсың ғой. Кеудесінде жаны бар адам қимылдайды ғой, қауіпсіздік шараларын жасап , егер алдын ала тасқын болатынын білсе.. Жылда тасқын уақытысында не істеу керек деген парақшалар таратылып шығады ауыл тұрғындарына. Сонда жазылыпты мына қайық, заттар салынған рюкзак, фонарик т.б заттар тізі
Тақырыбы: Су қоймалардың жағдайы
Зерттеудің мақсаты: Адам өміріне қандай қауіп төнетінін білу.
Зерттеу міндетері:
1.Су тасқыны не? зерттеу
2.Бастауыш сынып оқушыларының қаншалықты адам өміріне қауіпті екенін жеткізу.
3. Бастауыш сынып оқушыларын қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
Зерттейтін зат: Су қоймалары
Гипотеза: Су тасқыны – су қоймаларының бөгеттері ескіргенінен орын алып жатқаны байқалды.
Зерттеу әдісі: Бақылау, әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар алу.
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Су тасқынына қалай дайындалу керекЕгер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек.Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.Егер адам батса.
Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек.Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
Қорытынды.
Шындығында су мәселесінің өте қауіпті жайт екендігі даусыз.
Су тасқындары және көктемгі қар мен жаңбыр суынан судың тасуы бұрынғыға қарағанда қауіптірек байқалуда. Себебі, біріншіден бұл жағдай климаттың өзгеруімен түсіндіріледі, екіншіден, Жер бетінде халық саны өсіп келеді, соған байланысты су нысандарына жақын қоныстанамыз (су нысандарының бірнеше жылда қайталанып отыратын деңгейлерінің экстремальді мәндерін ескермейміз), үшіншіден... біз өзіміз кінәліміз. Яғни, әр жыл сайын Жер бетінде жүздеген жаңа су бөгендері салынады, әрине олар адамзаттың өмір сүруі үшін аса қажет. Бірақ көптеген гидротехникалық ғимараттар қажетті сапада салынбайды немесе көбісінің әбден тозығы жеткен, ал оларды уақтылы жөндеуге немқұрайды қараймыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер
Ликум А. «Популярная энциклопедия для детей». - М.: Компания Ключ, том 1, 1994.
«Түркістан» Халықаралық саяси газеті.
Ғаламтордан ақпараттар жинақталды.
Астана қаласы № 29 орта мектеп 5 «Б» сынып оқушысы Утебаева Гүлжамалдың «Су қоймалардын жағдайы» атты ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 5 сынып оқушысы Утебаева Гүлжамал Қазақстанның су қоймаларының жағдайын зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстанның су қоймаларының бөгеттері тозғанын жазған. Екінші, үшінші бөлімдерінде су тасқыны туралы, одан сақтану жолдарын толық ашып жазған. Қазіргі заманда су тасқыны қауіпті жайт екенін ескеріп, өзіндік зерттеу жүргізген.
Утебаева Гүлжамал бұл зерттеу жұмысын дүниетану сабағында және тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.