Т?рбие са?аты: 16 желто?сан т?уелсіздік к?ні


16 желтоқсан тәуелсіздік күні 
Тақырыбы:«Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздіңт әуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақылсөздер, слайд.
Барысы: Әнұран орындалады.- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы»атты ертеңгілігімізге қошкелдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.
Келесі сөз мектеп меңгерушісі Умсын Хасановнаға беріледі. - Егеменеліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі–Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! - Тәуелсіздіктің түп–тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десекте, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе біржылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.- Тәуелсіз ел болу дегеніміз өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің.- Олай болса, біздің оқушыларымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?Оқушылардың тақтақтары- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық. - 1931-33 жылдары өркениетті қоғам құрушаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды.1 млн 578 мың халық атамекенін тастап кетті.40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.- 1937-38-жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астам көрнекті қайраткерлер атылды.- Ал 1941- 45-жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды.1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты. - 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.-Ендіеліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзт әуелсіздігін жариялады.-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта–төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.- 1995 жылы 30 – тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституция мен еліміздің жаңа тарихы бастау алды. Алғаш рет 1 – желтоқсан Президент күні деп жарияланды.
Тәуелсіздік–менің байтақ ОтанымБір өзіңсің Мұхтар, Абай, ШоқанымТәуелсіздік–сәбилердің шаттығыТәуелсіздік, тәуелсіздік–жыр әнім.Хор «Желтоқсан желі»әні- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлт жанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қолжеткіздік. Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана, бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған«Желтоқсан-тәуелсіздіктің бастауы» атты тәрбие сағаты аяқталды.