Конспект урока на тему ?нерлі болса?…


Тақырыбы: Өнерлі болсаң...
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуіне, ой-өрісін, танымын, қиялын арттыру, елестету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эстетикалық тәрбие бере отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиет, технология
Көрнекілігі: слайд, суреттер
Сабақтың барысы:
Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар! «Өнерлі болсаң...» атты сайысымызға кош келдіңіздер! Ортаға әділқазыларды шақырамыз.
Сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсін.
Енді сіздерді сайыс жоспарымен таныстырып өтейін.
І. «Ойлан, тап!»
Топ басшысы интерактивті тақтада көрсетілген нәрсені суреттеп айтып береді, ал қалған топ мүшелері сол нәрсенің не екенін табады.
ІІ. «Өзге планетаға саяхат»
Бұл бөлімде екі топ қолдарындағы табиғи материалдардан өзге планеталық қонақтарды мүсіндейді.Қай топ мүшелерінің ұшқыр ойлы екенін байқаймыз.
ІІІ. «Тәттіге арналған орауыш»
Тәттіміздің сыртқы орауышын безендіреміз.
ІҮ. «Галереяға саяхат»
Екі топтың жұмысын смайликтермен бағалау.
Ендеше, балалар, ойынымызды бастайық.
І. «Ойлан, тап!» Топ басшысы интерактивті тақтада көрсетілген нәрсені суреттеп айтып береді, ал қалған топ мүшелері сол нәрсенің не екенін табады.
Пейзаж Портрет
Анималистік жанр Нобай
Сәулет Маринистік жанр
Статуя Графика
Аппликация Иллюстрация
ІІ. «Өзге планетаға саяхат» Бұл бөлімде екі топ қолдарындағы табиғи материалдардан өзге планеталық қонақтарды мүсіндейді.Қай топ мүшелерінің ұшқыр ойлы екенін байқаймыз.
-Балалар, бізге қонақтар келген сияқты. Кім екен? Қане, көрейікші. Сенің қиялыңдағы өзге планеталық қандай екен?! Соны байқайық, топтық жұмыс жасап көрейік.
ІІІ. «Тәттіге арналған орауыш» Тәттіміздің сыртқы орауышын безендіреміз.
Балалар, елестетіп көріңдерші, сіздер кәмпит шығаратын фабрикада суретші болып жұмыс жасайсыздар. Сіздердің міндеттерің жаңа шыққан кәмпитке атына сай суреттер дайындау. Жақында сізге жаңа сұраныс түсті. Сіз оны қалай орындар едіңіз? Тауардың өтімділігі сіздің суретіңізге байланысты. Әр топ ақылдасып, бірігіп, суретіне сәйкес атын ойластырып жақсы жұмыс жасап көрелік.
ІҮ. «Галереяға саяхат» Жасалған жұмыстарымызды галереяға қоямыз. Әр топ қарсылас топтарымыздың жұмысын смайликтермен бағалаймыз.
Бүгінгі сайысымыз осымен аяқтаймыз. Сайыскер екі топқа алғысымызды білдіреміз! Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!